Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Семей қаласы, №34 жалпы білім беретін орта мектебі
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қуанышбаева Гүлсағат Жұмағазықызы
6 «Г» сыныбы Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың».
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың». Презентация
1. Сабақтың мақсаты: Нені білу керек, нені үйренеді? Сын тұрғысынан ойлау технологиясын (стратегиялар) қолдана отырып, Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңін оқып,жалпы оқушылардың шығармашылығын арттыру, сөздік қорын байыту, өзіндік ізденістерін қалыптастыру.
1. Білімділік: 1.«Адамдық борышың»,-деген өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады,
Ш. Құдайбердіұлының асыл мұраларын жас жеткіншек өз бойына сіңіре білуі керек.
2. Ізденімпаздылық, шығармашылық, алгоритмдік, оқушылық деңгей тапсырмалары бойынша еркін жұмыс жасай білуге үйренеді.
3.Деңгейлік тапсырмалар бойынша сабақты талдау барысында емін-еркін өз пікірлерін айта отырып, бір-бірлерінің пікірлерін бағалай білуге қалыптасады.
2. Дамытушылық – Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамытуда деңгейлік тапсырмалар бойынша ұлы ақынымыз Ш.Құдайбердіұлының өлеңдері мен әңгімелері, сауалдары арқылы жеке тұлғаның тіл шеберлігін, сөз байлығын арттырамыз.
3. Тәрбиелік мәні – Ш. Құдайбердіұлының даналық шығармаларындағы нақыл сөздердің негізгі идеясын аша отырып, оқушы бойына Адами қасиеттерді қалыптастыру
Сабақтың типі: Өткенді бір жүйеге келтіре отырып, оқушыларды шығармашылық, ізденімпаздылық жұмыспен шұғылдануға бағыттау сабағы.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әдістер: Тәсілдер:
1.тіл дамыту 1. лексикалық тапсырма
2. әңгімелеу 2. иллюстрациялық суреттер
3. баяндау 3. инновациялық технология-
5.талдау 4. оқу–техникалық құралдар
Тіл дамыту: Шәкәрім шығармаларын оқу, жаттау, талдау арқылы шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, жалпы тақырып бойынша дидактикалық қосымша деректер арқылы оқушының ауызша-жазбаша тілін дамыту.
Бекіту:
Сыныптан тыс оқу: «Асылдың тұяғы Ахат ақын жайлы» Шәкәрімнің 150 жылдық мерей тойы қарсаңында Г.Есімұлы «Данышпан Шәкәрім» атты кітабын шығарған. Сол кітаптағы «Әке мен бала» атты деректі әңгімесін тамашалай отырып, ұлы дананың мұрасы халық қазынасына келіп қосылғандығының айғағы екеніне көз жеткіземіз. Оқушылардың сыныптан тыс оқыған шығармаларын талдау арқылы
сабақты бекіту.
Оқушының білімін бағалау: 1. Лексикалық тапсырма бойынша сөздің шешуін тапқаны үшін
2. Өткен материалды білуі және үй тапсырмасын орындау дәрежесі
3. Тіл дамыту барысындағы белсенділігі үшін 4. Білімді бағалау
Үй тапсырмасы: 1. «Шын бақыт осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің» атты эссе жазып келу.
3. Өз қалауларың бойынша деңгейлік тапсырма жұмысын орындау барысында сыныптан тыс шығармалар оқып келу.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Шаһкәрім «Жол табалық ақылмен» 2. Шәкәрім Өлеңдер мен поэмалар жинағы 3. Иллюстрациялық суреттер, фотосуреттер 4. Дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. а) Сыныпты сабаққа дайындау 1015 1017
1. Әр қажетті заттардың болуы (бор,сүрткіш т.б)
2. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
3. Кезекші арқылы түгендеу.
4. Сыныптың тазалығы (ауа, іші оқушылардың үсті- басына назар аудару).
ә) Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру сәті (лексикалық ойынның шешуін тап) 1017 1022
1. …әкәрім: «Ар… сақтар жол, …ұл – …қ жол, өзіңді-өзің пенделік …ауіптен сақта, ол сенің адамд…қ қасие…ің»,-дейді. ( Шын бақыт)
2. Үйге берілген тапсырманы пысықтау 1022 1037 I Ш. Құдайбердіұлы өлеңдері «Адамдық борышың», «Жолама қулар маңайға» өлеңдерін жатқа оқу ІІ «Ақ жолдан айнымай, ар сақта» деген өлең жолында автордың айтпақ болғаны не?
Ақын шын бақыт деп нені көрсеткісі келген?
ІІІ Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша оқушының сыныптан тыс оқып, ізденуін бақылау 3. Сабақты бүгінгі күннің жаңалығымен байланыстыру 1037 1050
1.Кіріспе ретінде мұғалім: – Адам кірлейді. Адамды дүние кірлетеді. Дүние адамға жұғатын кір. Сол дүниенің кірінен қалайда тазару керек, тазару жағдайында, тазарғанда нені сақтау керек дегенде, Шәкәрім ар сақтау керек деген екен. Егер бұл мәселе тек қана бір айтқанда түсінікті болып, біреулер бірден ұғып, бар адам оны жаппай қабылдап ала қоятын болса, Шәкәрім сияқты даналар қиналып өлең жазбас еді.
Шәкәрімнің қиналысқа түсіп, өзіне тоқтау іздеп отырғаны, бұл адамды мәңгілік ізденіске, толғанысқа, қайғыға, мұңға салатын мәселе әрбір ой қайғыға бастайды.Қайғы деген ойшылдықтың мінездемесі, қайғы-ар сақтаушы күш пен қуат.
2.Осындай күш қайратын беліне жиып, ел аманатын мойнына алып Ахат қария Құр құдықтан әкесінің денесін топырақтан аршып алып, мұсылманша жерлеуді ниет етті.Ахат құм басқан құдықты жалғыз өзі қазды. Еті арыған әке сүйегін алдына жайып қойып, атылған оқтың ізін тапты. Әкесінің дене бітімін хатқа түсірді. Осы кезде күтпеген бір жай болды. Ол оның кенеттен әкесімен әңгімелесіп кетуі еді. «Әке мен бала» әңгімесі …
Алғашқы байқау сәті 1050 1057 Кім бұрын? (Ақын шын бақыт деп нені көрсеткісі келген)
Бағалау 1057 1100
Күнделікке баға қою.Тамаша, олай болса үйге тапсырма түсінікті. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Гүлсағат Жұмағазықызы! Сабағыңыз мазмұнды, жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіңізге жеміс тілеймін!