Туған қалам Семейім
Семей қаласы, №34 жалпы білім беретін орта мектебі
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қуанышбаева Гүлсағат Жұмағазықызы
Сабақтың тақырыбы: Туған қалам Семейім
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Туған қалам Семейім. (PDF)
1. Сабақтың мақсаттары: Нені білу керек, нені үйренеді? Семей қаласының атаулы тарихи шежірелерін білу керек, сөздіктердің ,дидактикалық материалдардың, оқу- техникалық құралдардың, қосымша деректердің көмегімен тақырыпты жан – жақты аша білуді үйренеді.
1.Білімділік – Семей қаласының кезіндегі “ең алғашқы” деген тарихи деректеріне сүйене отырып, әркім өзінің туған қаласы жайлы білімдерін жетілдіреді.
2. Дамытушылық – бүгінгі Семей қаласының өркендеуіне, гүлденуіне, тазалығына біркісідей атсалысуды қалыптастыра отырып, тіл дамыту жұмысы арқылы оқушылардың тақырып мазмұны негізінде өз пікірін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мәні – шежірелі тарихи жылдарымызды басынан өткерген ата – бабаларымыздың қилы кезеңдеріндегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін ерен еңбектерін тани отырып, оқушыларға адамгершілік, ақыл – ой, еңбек патриоттық интернационалдық тәрбиені қалыптастырамын.
Сабақтың типі: Өткенді бір жүйеге келтіре отырып, оқушыларды творчествалық шығармашылықпен айналысу жұмысына бағыттау сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әдістер Тәсілдер
1.әңгімелеу 1.көрнекіліктер
2.баяндау 2.иновациялық технология
3.ой тастау элементтерін енгізу
4.тіл дамыту 3.оқу-техникалық құралдар
Тіл дамыту: Тақырып бойынша дидактикалық материал арқылы,қосымша деректер арқылы, тарихи ескерткіштердің шығу тарихы арқылы, оқушының өз беттерімен ізденіс жұмыстарын қалыптастыру арқылы сөздік қорларын кеңейту.
Бекіту: 1.Қазақ антологиясы жарнамасы бойынша Е.Асылбектің «Семейім» өлеңі.
2.Ассосациялық сызба арқылы
Үй тапсырмасы: 1.Өз беттерімен «Жайна Семей» тақырыбына қосымша деректер жинастырып әкелу.
Бағалау: Дер кезінде марапаттап, бағалап отыру
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында»
2.Е. Асылбек «Көгілдір менің биігім»
3. Газет – журнал беттеріндегі мақалалар.
4. Дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сыныпты сабаққа дайындау
ә) оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру сәті ( тіл дамыту) 1. Сабаққа әр қажетті заттардың болуы (бор, сүрткіш, көрнекіліктер т.б.)
2. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
3. Сыныптың тазалығы, оқушының сыртқы келбетің бақылау.
1. Ән: «Жайна Семей!»
2. Блиц – турнир ойыны
1. Ән қай қала жайында шырқалды? (Семей қаласы туралы)
2. Сен қай қалада тұрасың? (Мен ШҚО-да Семей қаласында тұрамын)
3. Семей қандай қала? әдемі, үлкен, таза…
4. Семейден шыққан қандай ақын жазушыларды білесің ? А. Құнанбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов.
5. Семей қаласына биыл неше жыл толып отыр? (Семей қаласына биыл – 290жыл)
Кіріспе: 1. Хронологиялық кесте
1940 жыл Өскеменле 10 мың халық тұрса, Семейде 70 мың халық тұрған екен. Қазір 300 мыңға жеткен екен.
1943 жылы Семейге тұңғыш рет «полуторка» дейтін автомашинамен шұлық-ұйық (Большевичка) фабрикасына шикізат әкелді. Москва маңында Одинцовадан шұға фабрикасы эвакуацияда көшіп келді, жекемен-
шік иесі Москва қаласының 1- інші
гильдия көпесі Николай Гончаров
еді. (Наталья, Ольга)Қазіргі Шәкәрім даңғылында құмның үстіне теміржол шпал төселіп, парлап жегілген өгіздер Азов қаласынан эвакуацяға келген шұлық- ұйық фабрикасының жабдықтарын сүйретіп әкелді.
Ертіс өзені «Роза люксембург», «Азия-Зайсан», «Профинтерн», «Аққу» сияқты пароходтар Ертіс өзені арқылы жолаушылар мен жүк тасыған.
2000 жылы «ІНІ» Жапон фирмасы ұзындығы 750 метр болатын аспалы көпірді ел басымыздың қолдауымен салып берді.
1854 жылы 1- қазанда ең алғаш қала күні Семей облысы ұйымдасқан соң аталып өтілді. Семей қаласының бірінші мэрі (қазіргі қала әкімі) Самсонов Сидор Иванович басқарды. Қазіргі қала әкімі – Айнабеков Мейрамхат Кәдірбекұлы
1914-1938 ж Қала күні – 1-ші дүниежүзілік сығыс, революция, одан кейінгі колхоздастыру кезеңінде қала күні аталып өтілмеді.
1945 жылы Ұлы Отан соғысының жылдарында қала күні аталып өтілмеді.
1955 жылы
1961 жылы Қалалық атқару комитетітінің төрағасы Сағалбай Жанбаев Семей көшелеріне тұңғыш асфальт салғызды. Семейге Өскемен ГЭС- інен электр жарығы тартылды.
Алаш қозғалысына- 290 жыл Ә.Н. Бөкейханов Семей облысы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының 7-аулында дүниеге келген. 1917 жылы шілде айында Орынборда қазақтардың I бүкілқазақ съезінде «Алаш» партиясын құрды. 1917 жылы 5- желтоқсанда Орынборда II бүкілқазақ съезінде қазақ облыстарын «Алаштың» автономиясы деп жариялады. Қоғамдық-саяси қызметінің ең биік шыңы- Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланып еді.
Сөзі:Еділ Асылбек
Әні:Қизат Омаровтікі Қастерлеп ел мен жер қасиетін,
Киелі ордасың бас иетін.
Ұлықтап атақты ұл-қызыңды,
Ұмытпан өткеніңнің қасіретін.
Ұлтымның туған сан ұлылары,
Рухани құбыламыз,
Асылдар Семейі.
Түссе де не заман тұман болып,
Күндей боп шұғылалы
Ашылған Семейім.
Арна боп Ертіс пәк бұлақтарға,
Самғадың тек асыл мұраттарға.
Төздің сен сан түрлі талқыға да,
Шыңдалдың не қилы сынақтарда.
Шыдамды жаңа сын тауыспады,
Шындарға тағы ұштың алыстағы,
Биік рух өзіңе беріп кеткен
Алаштың ту тіккен арыстары!
Жаңа сөздер: киелі орда- святые места
қасірет- беда
самғау- летать
төзу- терпеть
шындалу- закалялся
рух- дух
Алаш арыстары- Алаш – Ордынцы
Мэр- (қазіргі қала әкімі)
СТО Әдемі, үлкен,атақтылар елі, әншілер елі,тарихи қала…
