"Арманы асқақ оқушы" байқауы

« Арманы асқақ оқушы» конкурсына қатысушы Асқар Ерасыл Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы, Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Кожахметова Алмагуль Ныгымановна

 

ЖЕТЕКШІ ҰСТАЗЫ: ҚОЖАХМЕТОВА АЛМАГУЛ НЫҒЫМАНОВНА

 

Мектебімізде үздік оқуымен, тәрбиелі тәртібімен, әрқашан жан- жақты қызығушылықтарымен ерекшеленетін Ерасыл — жарқын тұлға.

Ол- еңбекке бейім, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды оқушы.Оқушы бойындағы ерекше қабілеттілік тәрбие мен біліміне байланысты қалыптасқан.

Жаңаны білуге талпынысы, , мақсатына жетуге ұмтылысы Ерасылдың оқушылар арасындағы интеллектуалдық жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуына мүмкіндік берді. Ол гуманитарлық бағыттағы ғылымдарды, нақты ғылымдарды оқығанда жан-жақты қабілет танытады.

Ұқыпты, өз ойын ашық та нақты жеткізе білетін, барлық іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мектеп өміріне қатысты қызықты тақырыптарға диспут, пікірталасқа қатысқанды ұнатады.

Сынып ұжымында беделді. Музыканы жақсы көреді, домбыра шерткенді жаны сүйеді.

 

2009 жылы республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында «Дос өмірдің тірегі» атты шығармашылық сайысына қатысып дипломмен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.

2010 жылы ӨҒП «Дарын » орталығы ұйымдастырған облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсында ІІІ орын, 2011 жылы республикалық интеллектуалдық «Ақбота» марафонында сертификат, «Айналайын» конкурсында ІІІ орын иегері.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген «Елім-ай» аймақтық интеллектуалдық конкурсында құқық негіздері пәні бойынша ІІІ орын алған жүлдегер. Сондай-ақ қазақ тілі, тарих, география пәндері бойынша он-лайн жүйесіндегі интернет олимпиадаларға қатысып жүр.

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазіргі Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы жаңару мен даму» атты жоғары оқу орны аралық студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясында ІІІ орын алғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

 

Бүгінгі жас шәкірт, ертеңгі азамат, яғни Асқар Ерасыл болашағынан зор үміт күттіретін Қазақстанымыздың бір тамаша тұлғасы боларына ұстаздарының сенімі мол.

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.