Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қошқар орта білім беретін мектеп» КММ 8-сынып оқушысы Ерменбетова Сымбат Ораловна
ТУҒАН ЖЕР-АЛТЫН БЕСІГІМ
Менің кіндік қаным тамған жер Шұбартау ауылы.Ауылда 100шақты отбасы тұрады.Кішкентай болғанымен халқы тату-тәтті,бауырмал,қазақы әдет ғұрыпты дәріптейді.Біздің ауылда көк аспанға төбесі тиіп тұрған Бесшоқы,Қарашоқы атты заңғар биік таулар бар.
Тастыбұлақ,Егіндібұлақ т.б көптеген бұлақ-суларымыз бар.Жазғы демалыс келгенде балалармен тау басына шығып,таза ауамен демалып,бұлақтан су ішіп жазғы демалысымызды көңілді өткіземіз.Біздің ауылда бірлігі жарасқан халық тұрады.Шығармамның соңын Қасым Аманжоловтың өлеңімен аяқтағым келіп отыр:
Уа,дариға,алтын бесік,туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақының болмай,тасың болсам мен егер.