Координаталары бойынша нүкте салу
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Қайназарова Гүлжамал
Сабақтың тақырыбы: Координаталары бойынша нүкте салу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Координаталық жазықтықта координаталары берілген нүктелерді сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.
Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар,жануарлар мен техниканың суреттері. Рене Декарт протреті.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Еске түсіру стратегиясы. 3. Ой шақыру стратегиясы 4. Сергіту сәті. 5. Миға шабуыл стратегиясы. « Нысана көздеу» ойыны 6. Ой толғаныс стартегиясы. 7. Үйге тапсырма. І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. ІІ . Еске түсіру стратегиясы. Мультимедиа слайдтарына жазылған сұрақтар. 1. Координаталар жүйесі дегеніміз не ? (Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесі деп аталады) 2. Координаталық жазықтық дегеніміз не ? (Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық ) 3.Декарттық координаталар жүйесі деп аталу себебі неде? (Себебі , тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады.) 4. Нүктенің координаталары дегеніміз не? ( Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады) 5. Координаталар басы деп нені айтамыз? (Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.) Үйге № 1136. Координаталық жазықтықта төбелерінің координа талары бойынша: 1) үшбұрыш салыңдар: А(-3;-1),В(2;4) және С(6;-2) 2) тік төртбұрыш салыңдар: А(-2;-2), В(-2;1) , С(4;1) және Д(4;-2) ІІІ. Ой шақыру стратегиясы. Координаталық осьтер жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Олар координаталық ширектер деп аталады. Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалу бағытына қарсы бағытта анықталады. ІV. Миға шабуыл стратегиясы. Есептер шығару. Карточкалар тарату, шығарған оқушыны тақтаға шығарып координаталық тақтада орындату. № 1 карточкадан «Жылқы» суреті шығады. № 2 карточкадан «Қой » суреті шығады. № 3 карточкадан «Түйе » суреті шығады. V. Сергіту сәті. Балалар, қазір мен тұжырымдама айтамын, егер ол дұрыс болса, қолдарыңды горизонталь созасыңдар, ал егер дұрыс болмаса, қолдарыңды вертикаль көтерерсіңдер. 1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады. (дұрыс емес). 2. Түзуге берілген нүктеден бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады. ( дұрыс ). 3. Рене Декарт француз математигі және философы. ( дұрыс) 4. Вертикаль сызылған түзу абсциссалар осі деп аталады. (дұрыс емес). «Нысана көздеу» ойыны. Балалар , енді біз нысана көздеп ойнаймыз. Координаталық жазықтықта ілулі тұрған суреттердің координаталарын дұрыс тапса, оқушы сол затты алады. Суреттер магнитті тақтаға ілінген. VІ. Ой толғаныс стратегиясы. Сабақты қорытындылау үшін бекіту сұрақтары қойылады. 1. Координаталыцқ жүйені тапқан кім ? 2. Неше координаталық ширек бар. 3. Әрбір ширектің таңбасын анықта. VІІ. Үйге тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Координаталық жазықтық сызып, сол жазықтыққа сурет салып, координаталарын жазып келу.
