Үйірме жұмысы: Қиыстырып құрақ құрау

Шығыс Қазақстан облысы,  Семей қаласы
№11 “Ертөстік” яслибақша тәрбиешісі
Масакбаева Алия Сабырханқызы        

Тақырыбы: « Қиыстырып құрақ құрау»
Мақсаты:  Құрақ көрпе ұғымын енгізунасихаттау және эстикалық талғамдарын арттыру. Берілген тапсырма бойынша баланың ақыл ойын, қиялын дамыту. Құрақ  құрау, оны тамашалау балаларды сұлулықпен сырласуға, оны бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, желімді дұрыс пайдалануды үйрету.

Көрнекіліктер: Алдын ала дайындалған ақ қағаздар, түрлі түсті пішіндер,

желім.

Барысы:

1.Көңілашар: Сурет көрмесі ұйымдастырылады. Бөлмеде «Асыл әже»

әнінің әуені ойнап тұрады. Балалар бөлмені аралап суреттерді

тамашалайды, тәрбиешілерге көргендері туралы әңгімелейді.

2.Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

Балалар міне сендер көрмеден,көптеген құрақ көрпелердің үлгісін көрдіндер, кәне кім айтады,кімнің үйінде құрақ көрпе бар және оны кім құраған?

(Балалар өз пікірлерін айтады)

Сонымен құрақ көрпе, халқының ұлттық қол өнерінің бір түрі. Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көніл бөлінеді. Құрақ құрау, қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

3. Құрақ құрау:   

Тәрбиеші: Бүгін сендерде құрақ құрап үйренесіңдер, ол үшін алдарыңдағы ақ қағазға түрлі-түсті құрақтарды жапсырасыңдар.

(Балалар дайын түрлі-түсті қағаздарды желіммен ақ қағазға жапсырады)

 

 

4. Сергіту сәті: Қиыстырып құрақты,

Саусақтарым шаршады.

Саусақтарым демалсып,

Шапалақтап қуансын.

5. Нақыл сөзді талдау:

«Өнерлі өрге жүзер» деген сөздің мағнасын ашу.

Өнердің қай түрі болсада, оны үйренсеңдер жақсы болады. Өнерлі өрге жүзер деген сөз, ол өнерлі болсаңдар үнемі өз қатарларыңның алды боласыңдар.

 

 

 

Құрақ көрпе.

 

Оны трикотаж тоқымалардың қиықта-рынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзы-ндығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орын-дыққа көрпеше етіп жабуға да болады.

 

 

Құрақ маталары:

Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

 

 

 

 

Құрақтың көркемдік мән-маңызы:

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрсе-
лердің де қарапайым тәсіл-мен-ақ өмірге келетінін ежел-
ден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңға-
ра алады. Ол арқылы халқы-
мыздың құнарлы дүниетаны-мын, эстетикалық талап-тал-ғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты-басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жас-
тық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табу-ын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндей-ді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккенде қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шыға-руға болады? Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

 

Құрақтың үйретері:

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталар-дың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау – қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық – қазақ-тарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл болып, қолдағы темір, сүй-ек, ағаш, тері тәрізді заттар-дың да кесінділерін қажеті-не ұқсатып, аяқ асты таста-маған. Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді.
Қазір ұлттық салт-дәстү-ріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», – деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отба-сының ұлтжандылығын ғана танытып қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді.

 

 

Құрақтағы бояулар сыры.

Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс – өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

 

 

 

 

Қолөнердегі қазақ символы.

Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұ-
рыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарас-тары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді…

Құрақтан жасалатын бұйымдар:

Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп,
күміс түйген орамалдар сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері болуда.
Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан ғой. Құрақ кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі. Және де қолдағы материалдардың қиы-қтарының біртекті болғаны дұрыс.

Тақия. Қазақ шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қию-ластырып тақия тігіп келеді. Құрақ тақиялар – өте сәнді баскиім болып саналады. Қы-
зыл – жасыл, сары – көк тақия-
лар бойжеткендердің көркін құлпыртып, қос бұрымды шашына керемет жарасып тұрады. Шеберлер құрақ тақияларды негізінен, пүліш маталардың жарқын, ашық бояулы қиықтарынан тігеді. Бүйірін шаршы ішіндегі қиықшалардан құрастырады. Мұндай тақияның бүйіріне кемінде төрт түрлі түстегі құрақ пайдаланылады. Сонда құрақ тақия көрікті болып шығады.

Қиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүні қажет. Өйткені, ол әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі материалдың үстіне ұлттық ою-өрнек түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады. Сырмақ үстіне ою тек қана ашық және біртекті материалдардан әзірленеді. Сосын оны жымдастырып тігіп, шетін тегіс әшекейлеп шығады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.

 

 

 

6.Көңілді үзіліс: «Пішіндер ойыны»

Мақсаты: Баланың есте сақтау, көру қабілетін артыру. Жылдамдыққа, ұқыптылыққа үйрету. Іс әрекет барысында бір-біріне деген ізгілік адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

7.Жүректен жүрекке:

 Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, құрақтарын бір-біріне сыйлайды. (Балауса әдемі қыз, Қасымжомарт ақылды, Әлішер суретші…!)

 

8. Үйірме жұмысын қортындылау:

Балалар жұмысын бағалау. Жақсы жұмыс жасағандарды марапаттау.

9. Үйге тапсырма:

 Үйде апаларыңнан, аналарыңнан құрақ құрап үйреніңдер, өнер туралы мақал-мәтел жаттаңдар.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше