Мектеп бітіру кеші

Семей қаласы, №22 жалпы білім беретін орта мектебі
биология пәні мұғалімі Шырай Жылқайдарова

Бітіру кеші 2010 – 2011

Сыртан дауыс: «Сигнал» Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар сіздер қаламыздағы аса көрікті мекеме, халыққа қызмет ету жолында көптеген мақтауларға ие болып жүрген «22 мектеп» теміржол бекетіне хош келдіңіздер! Сапар алдында мекеме әкімшілігі сіздерге ақ жол, сәт сапар тілейді. Сіздер үшін даярланған бағдарламаны жайғасып отырып, тамашалауға шақырамыз.

Фанфар ойнайды, ортаға екі жүргізуші шығады.
1-ж :
Армысыздар жиналған ата-ана , ұстаз
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қақты қанат,
Он бір жылда оң-солын таныған жас.
2-ж: (Әуен ойнап тұрады)
Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректерпі лүпілдеп тебіреніп,
Қолдарына аттестат алғалы тұр.
1-ж: см
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін.
2-ж:
Қайырлы кеш, қадірменді қонақтар, Қымбатты ата-аналар!
1-ж: Құрметті ұстаздар, аяулы мектеп бітіруші түлектер!
2-ж: Бүгінгі мерекені шат көңілмен өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!
1-ж. Құрметті қонақтар, мектеп бітіруші түлектер сіздерге арналған
« салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

1: Бүгінгі біздің жолаушыларымызға өздерінің ақ жол, ақ ниеттерін білдіруге келген құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейік. (Күй)
1.
2.
3.
4.
2-ж. Кешіміздің құрметті қонақтары 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызды қошаметтеп отырыңыздар.(күй)
(мұғалімдердің тізімі)

1-ж:(Күй) Құрметті жолаушылар «Болашақ» жүрдек поездының мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Поезд құрамының бастығы, мектебіміздің директоры: Исимбекова Айгүл Нүсіппекқызы
1. Құрам бастығының көмекшілері оқу ісінің меңгерушілері: Баймағұл Жұмабек Сүлейменұлы
Малгаждарова Жанат Зейнелқызы, Намазбаева Алмагүл Жамбалайқызы,Жақсыбаев Серік Дүйсенбекұлы. Жылқайдарова Шырай Сәкенқызы
Сахна сыртындағы дауыс:Құрметті жолаушылар! Сіздерді толғандырған барлық сұрақтарға қажетті жауап алу үшін темір жол бекетінің әкімшілігі және оның орынбасарлары сіздерге қызмет жасайды. Бекет әкімшілігі сіздерге және сіздердің тусытарыңызға Көтеріңкі көңіл күй тілейді.

1. Сіздермен бірге бүінгі кешті жүргізетін жүргізушілер:Байбасарова Әсем Амангелдіқызы және Абдраймова Әсем Маратқызы

2-ж: Құрметіне көк тудың тік тұрайық,
Түлектерден басқаға бас бұрмайық,
Дабылменен ту көтеру рәсімін
Куә болып, қанеки қарсы алайық!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін (Гимн ойнайды).
1-ж:Құрметті жолаушылар сіздер туған еліміздің ұлан байтақ жеріне сапар шекпексіздер .(Көңілді әуен)
2-ж: Осы сапарда сіздер «22 мектеп» ,«Балалық шақ» , «Мектеп өміріне саяхат», «Ата-аналар» жағалауы, және « Қоштасу » станцияларына тоқтап, сол жерлерге ұмытылмастай саяхаттап қайтасыздар.
1-ж: Осы сапарларыңыз оң болсын дей келе, сіздерге сәт сапар тілеп, жақсы демалып, көңіл көтерулеріңізге тілектеспіз!
2-ж: Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайды жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені.
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы сөз кезегін берейік.
1-ж: Түлектердің арманы аппақ нұрдай,
Бар тілегі қашанда жақұттардай,
Білімнің ордасына ие болған
Әрі басшы, әрі биік қорғанындай.
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Исимбекова Айгүл Нүсіппекқызына береміз.
1- Құрметті қауым әсем әуенді қабыл алыңыздар. ________________________________________
2- 2-ж: (Үнемі көңілді күй) Бүгінгі кеш қуаныш, шаттық күні,
Шалқысын жастық шақтың алғыр үні,
1-ж: Айтылар сөз, ағылған ән мен жырдан,
Өрнектелсін Семейдің барқыт түні!
2-ж: Бүгінгі кеш-Сіздер үшін қымбатты түлектер!
1-ж. Бүгінгі айтылар тілек, орындалар ән мен күй, ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сіздерге арналады.

1-ж: Ендеше ең алдымен мектеп директорының бүйрығымен таныстыру үшін сөз, оқу ісінің меңгерушісі Баймағұл Жұмабек Сүлейменұлына беріледі.

Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 жүрдек пойызы «22 мектеп» станциясының екінші жолына келіп тоқтады. Пойыз вагондарының номері соңынан бастап саналады. Қайталамын. Жолаушыларды шығарып салушыларға өз орындарына жайғасуларын өтінеміз.
Аялдама 30 минут.
2-ж: Құрметті мектеп бітіруші түлектер сіздердің бүгін балалықпен қоштасып, алдарыңыздағы қиын да қызықты, қызықты да жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.
Осы сапарларыңыз сәтті болсын. Олай болса, бүгінгі ерекше пойыздың ерекше вагондарында балаларыңызды болашаққа жетелеген жол серіктермен таныс болыңыздар.
1-ж: «Алтын діңгек» атты вагонда жол серік қызметін атқарушы бастаушы сыныптағы ұстаздары, Батима Тілеуқожанқызы.
«Ел болашағы» атты вагонның жол серігі Омарова Анар Николайқызы
«Ел ертеңі» атты вагонның жол серігі Бердікенов Уалихан Мұратұлы
«Тәуелсіз ел тірегі» вагонының жол серігі Серікбаева Бибінұр Абдыкарімқызы
2-ж: «Ел үміті» атты вагонның жол серігі Елшібаев Әділмұрат Кәттебайұлы
«Ел сенімі» атты вагонның жол серігі Махамбетова Анар Амангелдіқызы

2-ж:Құрметті Айгүл Нүсіппекқызы! Сізге «Қазақстан Теміржолы» компаниясы хат жолдапты. Егер рұқсат етсеңіз біз көпшілікке дауыстап оқып берейік!
(Хат оқылады)
1-ж: Құрметті түлектер сіздерге арнап «Қазақстан Теміржолы» компаниясы бір вагон сыйлық жіберген екен. Оның қандай сыйлық екенін көрелік.
2-ж: Олай болса, жарықты сөндірейік.
(жарық сөнеді, осы кезде вагондардың светі жанады, ортаға столмен аттестаттар әкелінеді)
Осы кезде ______________________________ән орындалады.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №2011 «Болашақ» жүрдек поездының «Алтын діңгек», «Ел болашағы», «Ел ертеңі», «Ел үміті», «Ел сенімі» вагондарының жолаушылары болашақ өмірге аттану үшін жолдамаларыңыз бен есейгендіктеріңізді дәлелдеуші құжаттарды даярлауларыңызды сұраймыз.

1-ж: Бүгінгі саяхаттарыңыз ұмытылмастай болсын құрметті жолаушылар.
– Құрметті ұстаздар мен ата аналар! Болашаққа асыл арманмен үкілі үмітпен сапарға аттанушы түлектерімізді келешекке жолдамалары Бірыңғай Ұлттық Тест орталығының сертификаттарымен вагондарына отырғызу үшін қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-ж: Олай болса, «Алтын діңгек» номинациясының иегерлері №1 вагонның жолаушылары:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Осы вагон жолаушыларына билеттерді табыстау үшін ортаға шақырылады.

(Номинация иегерлері шақырылып, вагондарға жайғасады)

2-ж: «Ел болашағы» номинациясы бойынша ортаға №2 вагонның жолаушылары шақырылады.
Осы номинацияны табыстау үшін ортаға шақырылады

1: «Ел ертеңі» » номинациясы бойынша ортаға №3 вагонның жолаушылары шақырылады.
Осы номинацияны табыстау үшін ортаға шақырылады

2: «Тәуелсіз ел тірегі» номинациясы бойынша ортаға №4 вагонның жолаушылары шақырылады.
Осы номинацияны табыстау үшін ортаға шақырылады

1: «Ел үміті» номинациясы бойынша ортаға №5 вагонның жолаушылары шақырылады.
Осы номинацияны табыстау үшін ортаға шақырылады

2: «Ел сенімі» номинациясы бойынша ортаға №6 вагонның жолаушылары шақырылады.
Осы номинацияны табыстау үшін ортаға шақырылады

2-ж Құрметті қауым әсем әуенді қабыл алыңыздар Ән: «Бақбергенов Думанның «Теріскей» әні өздеріңізге арналады.

Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 «Болашақ» жүрдек пойызына отырғызу аяқталды. Қайталамын. Жолдарыңыз болсын.
Пойыз гудогі мен пойыз дауысы.
Ән орындалады._____________________________________________________________
Экраннан поездың суреті мен жолдары көрсетіліп тұрады.

Балалардың күлкісін дыбыстайтын дауыс шығады.
1- ж: Әсем бұл ненің дыбысы болды екен?
2-ж: Әрине бұл балалардың шаттыққа толы күлкілері. Құрметті жолаушылар біздер «Балалық шақ» станциясынада келіп қалыппыз.
Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 жүрдек пойызы «Балалық шақ» станциясының екінші жолына келіп тоқтады. Пойыз вагондарының номері соңынан бастап саналады. Қайталаймын.
Аялдама 10 минут.
1-ж: Әлі есімде әліппені ашқаным ,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым,
Жүрегімде нұрын құйған жылылық
Алғашқы ұстаз өзің ғана мәңгілік.
Алғашқы ұстаздары сөз кезегін береміз.
2-ж: Паһ шіркін, балалық шаққа саяхат жасап, бір рахаттанып қалғандайсыздар.
1-ж: Әлде , қимастық сезімде отырсыздар ма?
2-ж: Ендеше көңілдеріңіз түспесін біздер саяхатымызды жалғастырайық.

Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 «Болашақ» жүрдек пойызына отырғызу аяқталды. Қайталамын. Жолдарыңыз болсын.
Пойыз гудогі мен пойыз дауысы.
Ән орындалады._____________________________________________________________
Экраннан поездың суреті мен жолдары көрсетіліп тұрады.
Дыбыс: Қоңырау соғылады. Оқушылардың дауыстары, мұғалімдердің үй тапсырмаларын берулері.
1-ж: Мінекей келесі «Мектеп өміріне саяхат» станциясына келіп қалдық.
Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 жүрдек пойызы «Мектеп өмірі» станциясының екінші жолына келіп тоқтады. Пойыз вагондарының номері соңынан бастап саналады. Қайталаймын.
Аялдама 10 минут.
2-ж:Жетекші деген- ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,
Шәкірттерін оңаша еске алатын.
Сынып жетекшілері: сөз кезегін береміз.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 «Болашақ» жүрдек пойызына отырғызу аяқталды. Қайталамын. Жолдарыңыз болсын.
Пойыз гудогі мен пойыз дауысы.
Ән орындалады._____________________________________________________________
Экраннан поездың суреті мен жолдары көрсетіліп тұрады.
Осы жерде би орындалады.

Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 жүрдек пойызы «Ата аналар» станциясының екінші жолына келіп тоқтады. Пойыз вагондарының номері соңынан бастап саналады. Қайталаймын.
Аялдама 10 минут.

2-ж: Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа ,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда,
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан.
Қол жеткізген аңсаған арманына.
(Сөз құрметті ана-аналарымызға беріледі)
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 «Болашақ» жүрдек пойызына отырғызу аяқталды. Қайталамын. Жолдарыңыз болсын.
Пойыз гудогі мен пойыз дауысы.
Ән орындалады._____________________________________________________________
Экраннан поездың суреті мен жолдары көрсетіліп тұрады.

1-ж. Әсем көзді ашып жұмғанша біздің поездымыз зымырандай «Қоштасу» станциясынада келіп жетіпті.

Вокзалдағы ескерту сигналы.
Сахна сыртындағы дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. «Балалық шақ – Жастық шақ» маршруты бойынша жүретін №2011 жүрдек пойызы «Қоштасу» станциясының екінші жолына келіп тоқтады. Пойыз вагондарының номері соңынан бастап саналады. Қайталаймын.
Аялдама 10 минут.
(11 сыныптардың жауап сөздері)
«Достарым» әні орындалады.

2-ж: Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек.
Айтылып жатыр сан тілек,
Егіліп берді сан жүрек.

1-ж: Мектеп! Назар аудар! Қ Р мемлекеттік туы әкетілсін! ()(Гимн ойнайды)
«Детство» күй
2-ж: Тарыдай болып келіп едің кеше ғана
Таудай ұл қыз болыпсың өсе дара
11 жыл білім нәрін сусындатып
Мектепті де бітірдің есен-аман.
1-ж. Бел-белестер мойытпасын өзіңді
Арман қуған жастық шақтың кезінде
Сабырлы бол адамдықтан аттамай
Жеңе біл азамат бол төзімді.
2-ж. Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
11 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің.
1-ж: Құрметті түлектер сендерге ақ жол , сәт сапар тілей отырып, Сендерді қазақтың жақсы ырымен болашаққа жаңа қадамдарың оң болсын дей келе, «Жол ашар» рәсімін жасайық. Осы рәсімді үш түсті жіпті ұстау құрметі мына оқушыларға ұсынылады.Келешек «Алтын белгіге» үміткерлеріміз

2-ж: Осы рәсімді жасау үшін құрметті түлектер бір –бірлеріңізбен қол ұстасып ортамызға өтулеріңізді сұраймыз.

1-ж: Ал «Жол ашар » рәсімін жасауға ортамызға ақылшы ұстаздарымыз
Мара Қасенғазықызын, Шолпан Жұмағалиқызын, Кәмаш Өмірбайқызын құрметпен ортамызға шақырамыз
Мара Қасенғазықызы: Мына жасыл түс өмірлерің жас қайыңдай жайнай берсін,
Кәмаш Өмірбайқызы: Мына қызыл түс ғұмырларың қыр гүліндей құлпырсын,
Шолпан Жұмағалиқызы: Мына ақ түс жолдарың әрқашан ақ болсын! деген тілегімізді айтып, өздеріңе Сәт сапар, ақ жол!
1-ж: Құрметті түлектер аңсаған армандарыңа жетуде қанаттарың талмасын.
2-ж: Жолдарың әрқашан ашық болсын!
1-ж: Кешіміз әлі жалғасын табады. Құрметті түлектер Сіздерді фуршетке шақырамыз.
2-ж: Құрметті ата-аналар, осы жерде өздеріңізге арналған би кешіне шақырамыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше