Өзіңді тексер – «Өткен өмірден» бөлімі бойынша

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 3
Сабақтың мақсаты: «Өткен өмірден» бөлімін бекіту және оқушылардың осы бөлім бойынша білімін тексеру
Сабақтың міндеттері: Әңгімелесу ортасын құру;
Оқушылардың алған білімін жүйелеу;
Өз ойын жеткізу дағдысын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

–         Ғұмырлық үш кезең  игеріледі;

–         Пікірталас дағдысын  дамытады;

–         Ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

–         Алынған білім жүйеленеді;

–         Игерілген білім мен ақпарат бекітіледі;

–         Тарихи тұлғалармен танысу ақпараты бекиді;

–         Актерлік қабілеті ашылады;

Сабақтың түрі:   бекіту сабағы

Сабақтың типі:  дамыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:   RWCT жобасының  «Ой қозғау», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Автор орындығы» стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі, жабдықтары:  тест сұрақтары, интерактивті тақта

 

Сабақты жүргізу

ЖОСПАРЫ

 

І.  Қызығушылығын ояту

Мақсаты: өмір кезеңдерін ұқтыру

Өмір үшбұрышын құру: балалар бір біріне бақытты ғұмыр тілейді; сынып үш топқа бөлінеді; «адамның өмір кезеңдері» сызбасын толтыру тапсырылады

 
   

Өткен  өмір

Осы  өмір

Болашақ  өмір

 

–         Жеке жазу;

–         Жұппен бөлісу;

–         Топта талқылау;

–         Жазбаларды тақтаға ілу;

–         Қорғау.

ІІ. Мағынаны ашу

 

Мақсаты: алған білімдерін бекіту

 

 «Өткен өмірден» бөліміне  тест сұрақтары

І  нұсқа

1.    Әл-Фараби қанша еңбек жазған?

А) 145    Ә) 150   Б) 300

 

2.    Қобыланды батырдың мінген аты қалай аталады?

А) Байшұбар     Ә) Шалқұйрық     Б) Тайбурыл

 

3.    Алпамыс батыр кіммен айқасты?

А)Тайшық хан     Ә)Жоңғар     Б)Алшағыр хан

 

4.    «Шал мен бала» әңгімесі бойынша баланы қай жәндік шақты?

А) Маса       Ә) Құмырсқа       Б) Жылан

 

5.    Шал баланы қалай құтқарды?

А) Алып қашты      Ә) Жәндікті өлтірді    Б) Уын сорды

 

6.    Батырлар  жырын бізге жеткізушілер:

      А)  Жыршылар        Ә)  Күйшілер     Б)  Ақындар       

 

7.    Абылай ханның есімі кім?

А) Әбілмансұр       Ә) Әбілмәмбет      Б) Кенесары 

 

8.    Тәуке, Абылай хандар тұсындағы ықпалды би, жырау:

А) Жамбыл          Ә) Сүйінбай       Б) Бұқар 

 

                          «Өткен өмірден» бөліміне  тест сұрақтары

ІІ  нұсқа

 

1.    Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов бала кезінде қалай аталды?

А) Ақ тентек   Ә) Қызыл жебе   Б) Арғымақ

 

2.    Жамбыл жыршы кімге барып ақыл, көмек сұрады?

А) Бұқар жырауға        Ә)  Сүйінбайға       Б) Құрманғазыға

 

3.    Қазақтан тұңғыш рет олимпиада  медалін алған желаяқ кім?

А)  Жақсылық Үшкемпіров    Ә) Дәулет Тұрлыханов     Б)Ғұсман Қосанов

 

4.    Махамбет ақынмен жолығып, халық көтерілісін күйге түсірген кім?

А)  Дина                Ә)  Құрманғазы          Б)  Бұқар

 

5.    «Алаш»  партиясын кім ұйымдастырды?

А)  Тұрар Рысқұлов       Ә)  Әлихан Бөкейханов     Б) Ахмет Байтұрсынов

 

     6. Әдебиеттегі адамның кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеу:

А) Портрет            Ә)  Бейне            Б)  Сурет

 

7.  Атақты ғалым Әлкей Марғұланның бесінші атасы кім?

А) Олжабай          Ә) Бөгенбай            Б) Қабанбай

 

     8.  Отанды қорғау мазмұнына құрылған Ауыз әдебиетінің  шығармасы:

А) Батырлар жыры      Ә) Ертегі         Б) Мақал-мәтел

 ІІІ. Ой толғау

2.Өткен ғұмыр монологтары

Әбу Насыр әл-Фараби:

Ассалаумағалейкум, ХХІ ғасырдың ұландары!

Мен сонау 9-ғасырда Отырар қаласында тудым.

Жастайымнан білімге құштар болдым.

Отырардың аса бай кітапханасы болған, ержеткесін сондағы мол кітапты оқып тауыстым.

Сонау алыстағы Шам қаласына кеттім.

Сонда жүріп туған жұртымды, елімді сағындым.

Мені бүгінде қадыр тұтады екенсіңдер. Соған ризамын.

Мұғалім: Бақша қарайтын адамды қалай атайды? (Бағбан)

 

Абылай хан:

Армысыңдар, тәуелсіз елдің ұрпағы!

Мен бұдан үш жүз жыл бұрын тудым.

Біздің заман тыныш болмады.

Еліміз жоңғарлармен жиі соғысты.

Сондықтан біздің заманда батырлар көп болды.

Енді соның жемісін көріп тұрмын: ұланғайыр жер бар Қазақстан деген егемен ел болыпсыңдар.

Оның 20 жылдығын тойлап жатырсыңдар.

Ұзағынан болсын!

Абылай ханның туғанына  биыл  –  300 жыл.

Әлихан Бөкейханов:

Сендердің бақытты жүздеріңді көргеніме бақыттымын.

Қазақстан тәуелсіздігі үшін қолдан келгенін істедік.

«Алаш» партиясын да, «Алашорда» өкіметін де құрдық.

Бірақ сендердің бұл бақытты күндеріңе жете алмадық.

Ол күресіміз бекер кетпеді.

Биыл тәуелсіз елімізге – 20 жыл екен!

Құтты болсын! Тәубә!

Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл –  145 жыл.

 

Бағалау:  жекелей және топтық бағалау

Үйге тапсырма: 110-бет. Білім тексеру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше