Дарындыны тану және дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. Басықара ауылы №182 мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Тақырыбы : Дарындыны тану және дамыту.
Мақсаты : Әрбір оқушының дара ерекшеліктерін дамытып, өзін – өзі басқару мен дамытуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже : Дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған іс – әрекеттердің жинақталуы.
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалынуда.
Әрине, еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бүкіләлемдік сауда ұйымына, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына өтуі барысында орта мектеп өмірінде орын алып отырған бұл жаңашыл оқыту түрлері барынша құпталынуы тиіс. Өйткені, кез – келген елдің экономикалық әлеуеті, оның интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан алғанда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың еліміздегі білім жүйесін дамыта отырып әлемдегі алдыңғы қатардағы жүйеге шығару мақсатында ел дамуының басым бағытына айналдыруы тектен – тек емес.
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты филослфиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой – пікірлер жинақталған.
Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар? Жалпы кез келген адам үш параметр : Мүмкіндік, қажеттілік және мүдделіктік арқылы сипатталады.
мүмкіндік қажеттілік
мүдделілік
Мүмкіндік – адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс – әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік – оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс – әрекетті орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік – адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.
Мүмкіндік – орта мектеп қабырғасында, қажеттілік – жоғарғы мектепте, ал мүдделілік – аспирантура немесе докторантура қабырғасында қалыптасады.
Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не шығармашылық сипат оқушылық кезеңде көрініс беруі мүмкін. Бірінші жағдайда – ел қабілет, ал екінші жағдайда – дарын деп аталады.
Яғни, дарын – іс – әрекеттің шығармашыл сипатының оқушылық кезеңде көрініс табуы.
Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар :
1) барлық бала дарынды болып табылады;
2) дарынды балалар өте сирек кездеседі.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс – әрекетке қабілеттілік байқатады. (Сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды. Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізі көрсеткішін айтатын болсақ :
1. Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік.
2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс – әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
3. Қабілет – нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні күшті болып келеді. Оқыту үрдісінде ерікті және еріксіз есте сақтау әдістері оқу материалының екі түріне : сөз жүзіндегі және көрнекі түрінде дұрыс қалыптасқан.
Американдық ғалымдар дарынды бала мәселесі жөнінде тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударады : танымдық жоғары деңгейде дамуы, психикалық даму, физикалық мәліметтер.
Дарынды балалар жайында жоғарыда айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет – дарындылықтың айқын белгілері.
Құбылысты бақылау Талдау
Кітаппен жұмыс Сұрақ қоя білу
Тапқырлық болжау
Сұрақ қоя білуі, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді.
Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір – бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағат сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу – мұғалім міндеті. Оның үстіне бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе, баланың болашағының іргетасы дұрыс қаланатыны сөзсіз.
Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі.
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтызыарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді. Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Ғылыми – педагогикалық, оқу – әдістемелік әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығының үш деңгейін көрсетті : креативті деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей.
Оқушылардың шығармашылық дарындылығының құрылымдық – мазмұндық моделі
| Бөліктер | Өлшемдері | Көрсеткіштері |
| Мотивациялық | Шығармашылық іс – әрекетке құндылық бағдардың болуы | – шығармашылық іс – әркетке тұрақты танымдық қызығушылығы;- дербес шығармашылық іс – әркетке тұрақты қажетсіну;- шығармашылық нәтижеге ұмтылу. |
| Интеллектуалдық | Шығармашылық ой – өрісінің тереңдігі және танымдық – интеллектуалдық дербестігінің болуы | – танымдық және интеллектуалдық біліктілігінің деңгейі;- интеллектуалдық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктері. |
| Рефлексиялық | Шығармашылық дарындылығын дамытуда рефлексиялық іс – әрекеттің үйлесімділігі және өзін – өз іреттеу, өзін – өзі бағалау жүйесін меңгеруі. | – Шығармашылық ой – өрісінің рефлексиялық сипаты;- Танымдық ізденімпаздығының жоғары деңгейі;- Ұжымдық шығармашылыққа бастамашылдық идеясын көрсетуі. |
Сонымен, ұыснылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.
Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша жасалған теориялық талдаулар негізінде мына тұжырымдарды айта кетсек :
1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік – экономикалық көзқарасы – шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру.Шығармашылық тұрғыда ойланатын, интеллектуалдық сипатта әрекет ететін жас адамдардың тәрбиеленуі, оқу және ой – өрісінің дамуы мемлекеттік сипат және әлеуметтік мән – мазмұнға ие болуда.
2. Шығармашыл дарынды тұлғаны дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру оқушының тұлғалық бағытын белсенді позитциясына бағыттауға мүмкіндік беретін оқу еңбегінің шығармашыл, вариятивті құрылымын талап етеді.
3. Танымдық іс – әрекет үрдісінде оқушыны көркем бейнелер әлеміне тарту оқушылардың дарынды тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты тлап етуде. Дарынды балаларды тану – нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсібір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады.
Дұрыс оқытылған жағдайда дарынды баладан ғалым, ал қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады.
