Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даламның

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы

Тақырыбы :  Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даламның.
Мақсаты : 
1. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған  егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай  боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете ұғындыру, дүниетанымын кеңейту.
2. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жер қадірін ұғынуға  тәрбиелеу.

3. Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді

мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.

Әдісі :  Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж әңгімелеу, тарихи дәйектемелер,

ән т.б.

Көрнекіліктер :  мемлекеттік рәміздер, нақыл сөздер, желтоқсан оқиғасына

байланысты суреттер  көрмесі, буклеттер.

Түрі :  Сахналық қойылым.

Сабақ барысы :    І. Ұйымдастыру кезеңі

                               ІІ. Әнұран орындалады.

                               ІІІ. Құрметті ұстаздар, оқушылар !  Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сан жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ерлігімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызға алтын әріптер мен жазылып қалатын тәуелсіздіктің 18  жылдық мерей тойына арналған «Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даламның» аттыкешімізді бастауға рұхсат етіңіздер ! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған елеулі оқиғаны еске түсіру. Дүниені дүр сілкендірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86 – дың желтоқсаны туралы шындық аз айтылып жүрген жоқ.

Қанша жыл өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға. Ұмытылмайтыны – оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында.

Қазақ студенттерінің көтеріліске шығу себібі Қазақстан Коммунистік партиясының бірініші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев босатылып оның орнына Генадый Колбиннің тағайындалуы себеп болды.

Астана студенттері мен жастары бастап берген демократиялық жаңару жолы елдік пен еңселі егемендікке, азаматтық пен адамгершілікке апаратын ақ жол екенінде ешқандай күмәніміз жоқ.

1 – жүргізуші :  Ия, тәуелсіздік бірге оңай келген жоқ. Аяздың ызғарында тоңған қазақ жастарының сол кездегі өрлігі мен ерлігін көз алдымызға келтіртейікші

ІҮ. Сахналық қойылым.

Бір топ бала алаңға шығады. Қолдарында «Қазақстандық басшы керек !» , «Қазақстан жаса !» деген ұрандар көтерген. 3  – 4 баланы милиция ұрып – соғып алып кетеді. Арасында бірі Қайрат, екі милиция екі жағында.

Қайрат :  «Мен ешкімді өлтіргенім жоқ. Өлтірсеңдер, өлтіріңдер. Мен бірақ ақпын, адалмын.»

Сол кезде сахнаға Қайраттың анасы шығады :

–  Балам райыңнан қайт, жассың ғой әлі, кешірім сұра. Мүмкін ату жазасын жеңілдетіп, 25 жылға сотталарсың. Бірақ тірі қаласың ғой. Тірі адам қайтып келеді. Балам, балам, балам! Қайтейін балам !  Уһ !

Қайрат :

–  Құлағым не естіді ?  Қазақтың намысын таптатып, тірі жүргенімше, халқымның намысы болып, өлгенім артық емес пе?

–  Анашым – ау, мен өмірге келгенде неге қуандың? Ер болып елімді қорғамасам, арым үшін араша түсе алмасам, кешір ! Бірақ мен ешкімнен де кешірім сұрамаймын.

(Сахнаға 2 сот, бірі – қазақ, бірі – орыс шығады.)

1 – сот : – Ой, здравствуй, С. Иванович !

Мына оқиғаның бас лидері болған Қайрат Рысқұлбековты ату жазасынан

босатамыз ба? Қайтеміз? Әлде, ату жазасына кесеміз бе?

2 – сот :  Ия, ойланатын жайт. Өзі жап – жас екен. Қазақ емессіңдер ме? Оны босату

керек.

1 – сот : Жоқ, оны ату керек.

2 – сот : – Жоқ, оны босатқан дұрыс. Қазақшылық жасаған дұрыс. Кешірген дұрыс.

Қателескен шығар.

1 – сот :  – Жоқ, оны ату керек. Ол наркоман. Ол бұзық. Ол өзі сияқты қанша баланы

бұзады. Оның жазасы – ату. Ондайларға ешқашанда кешірім болмауға тиіс.

2 – сот :  – Онда Қайраттың анасын шақырып, сөйлесейік.

Қайраттың анасы :  (2 сотқа жалтаңдап, жалына қарап, тізерлей отырып,

жыламсырып)

–  Шырақтарым, кешіріңдер!  Ол әлі жас қой!  Кешіріңдер, балдарым! Сендердің де балаларың бар шығар?  Мен – анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер !

Қайрат : (анасын жұбатып, жан – жағына қарап)

Көтер ана, көтер ана басыңды,

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды.

Кешір ана, жан едің ғой тамаша,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тұра алам,

Ұл – қызыңды қанішерлер таласа,

Арым үшін түстім, рас, араша, араша.

(Ойланып тұрап, сотқа қарап)

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қанам бар

Қазақ деген затым бар

Қайрат деген атым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Қайраттың анасы :  (арада біраз уақыт өтеді. Қайрат атылып, жалғыз баласын аласұрып іздеген ана)

– Не істедің, балам? Не істедің? Сағындырдың ғой. Тағдырдың жазғанына көнеміз де… Амал нешік?

2 – жүргізуші :  Қайрат өлгенімен артынан өлмес ерлік ісі, азаматтық асқақ даңқы қалды. Қайрат батыр ғана емес, ақын да еді. Оның шындық деп шырқыраған даусы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті. Ол тірі қалғанда Мұқағали Мақатаевтың, Төлеген Айбергеновтың, Мұхтар Шахановтың ізін басатын асқақ рухты ақын болар еді.

Осындай Ләззат, Қайрат, Ербол, Сәбира секілді өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп, тағзым ете отырып,

1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Ү. Ән : «Желтоқсан желі»   Хор.

ҮІ. Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болғаны белгілі. Ендеше соларды сұрақтар қою арқылы есімізге түсірейік.

  1. Қай жылы Егенмендік туралы декларацияға қол қойылды ?  (1990 ж.  25 қазан)
  2. Қай жылы Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты? (1991 ж. 2 қазан)
  3. Қай жылы ҚР – ның тұңғыш президенті сайланды? (1991 ж. 1 желтоқсан)
  4. ҚР – сы БҰҰ – на қай жылы мүше болып қабылданды? (1992 ж. 2 наурыз)
  5. ҚР – ның мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? Оларға не жатады?

(Елтаңба, Ту, Әнұран  1992 ж.  4 маусым)

  1. Ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге қашан келді? (1993 ж.  15 қазан)
  2. Ата заңымыз қашан қабылданды?  (1995 ж.  30 тамыз)
  3. «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» қашан жарияланды?  (1997 жылы)
  4. Қай жылы ҚР – ның астанасы – Астана (Ақмола) қаласы болып бекілді?

(1998 ж. 20 мамыр, 10 маусым)

10. Биыл Астананың неше жылдығы аталып өтілді? (10 жылдығы)

ҮІІ.  Пікір алмасу.

1. Қазақстанның болашағын кім – қалай елестетеді?

2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Желтоқсан оқиғасының ел тарихында ролі бар ма?

ҮІІІ. Қорытынды :  Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздан Тәуелсіздігіміздің қандай қиындықпен келгенін түсінуге болады. Енді оны қалай алып жүру біздің қолымызда. Әрқашанда бейбіт өмір сүрейік. Жер бетінде тыныштық орнасын! Осындай қиыншылықпен келген Тәуелсіздігіміз ұзақ болсын. Тәуелсіздік мерекесі тағы да құтты болсын !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше