Баяндауыш 60 – 65 жаттығу

Мырзатаева Жаныл Абдрахманкызы
бастауыш пан муғалімі


Мақсаты: 
1. Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту.
2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ойын қорыта білуге, сауатты, көркем жазуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға баулу.
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа табиғаттың әсем көрінісін сезіне білуге     тәрбиелеу.

Түрі:   Аралас сабақ

Әдісі:   Аралас сабақ

Көрнекілігі:  Ережелер, суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

 

1 – Сөйлем дегеніміз не?

2 – Сөйлемнің қандай түрлері болады?

3 – Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

4 – Зат есім дегеніміз не?

5 – Бастауыш дегеніміз не?

6 – Бастауыш қай сөз табынан жасалады?

3. Жаңа сабақ

І.   Қызығушылығын ояту

Берілген әріптерден басталатын етістіктерді жазу. Күн шапаған толтыру.

 

Жазды                                            айтып                                                     берді

жинады-                                               асты                                             барды
жүзді              жарды             ақты                           ашты             батты                          биледі

жыртты                                        атты                                                       бақты

–          Етістік дегеніміз не? (Суретпен жұмыс)

–          Қандай жыл мезгілі? (Қыс)

ІІ. Мағынаны тану

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

–          Екі сөйлемде екі қар туралы айтылып, оның жауғанын хабарлайды. Қар жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

–          Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

1) Сөзжұмбақты шешу

  І топ

1 – түйе

2 – су

3 – мысық

 

ІІ топ

4 – жылқы

5 – ит

6 – қой

 

ІІІ топ

7 – қор

8 – құс ұшақ

9 – оқушылар

 

Б
А
Я
Н
Д
А
У
Ы
ш

 

 

 

 

 

 

(боздайды, ағады, мияулайды, кісінейді, үреді, маңырайды, жауады, ұшады, шулайды).

 

2) Оқулықпен жұмыс.

61 – жаттығу

– Сөйлемдерді оқы

– Тұрлаулы мүшелерді тап.

– Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндір.

 62 – жаттығу

          – Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

(Әр топқа 1 сөйлемнен жаздырып, сұрақ қойғызу)

 

3. Сергіту сәті

Бұлттар көшіп барады

Жел алдымнан соғады,

Көк жүзінде шығыстан

Күн күлімдеп шығады.

 

4. Мақалды жатқа айту.

1)      Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2)   Жаман жолдас жолда қалдырады.

5. Сурет бойынша әңгіме құра.

– Әңгімеге ат қой

– Құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы мүшелерді тап.

– Өздерің үлкендерге көмектесесіңдер ме?

(Оқушы пікірін тыңдау)

ІІІ. Ой қорыту.

І топ:       а) Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

б) Зат есім дегеніміз не?

ІІ топ:     а) Етістік дегеніміз не?

б) Бастауыш дегеніміз не?

ІІІ топ:    а) Баяндауыш дегеніміз не?

б) Баяндауыш қай сөзтабынан жасалады?

–          Баяндауыш қай сөз табынан жасалған?

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма:                64-жаттығу.

Мағыналық байланысына қарай ретімен жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше