Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
№2 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Ахметова Сарыалтын Жадырасынқызы
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы қорытып шығару.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тез ойлап нақты нәтижеге жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар.
Сабақ түрі : интегративтік сабақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
- Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?
- 2. n – мүшесінің формуласы
- 3. d – саны нені білдіреді?
- 4. 5, 12, 19 айырма неге тең?
ІІІ. Қызығушылығын ояту (слайдта суреттері көрсетіледі)
Бақшада әр қайсысы ұзындығы 16м және ені 2,5 болатын 30 жүйек бар. Бақшашы жүйекті суарғанда бақшаның бір шетінен 15м қашықтықта орналасқан құдықтан шелектеп су тасиды. Ол адам жүйекті шекаралап жиегінен айналып өтеді, бұған қоса 1 ретке әкелінген су тек бір жүйекті ғана суаруға жетеді. Бақшашы барлық бақшасын суарғанда ұзындығы қандай жол жүрмекші? Жол құдықтың жанынан басталады. Әрі сол жерде аяқталады.
Бірінші мүшесі:
а1= 14+16+2,5+16+2,5+14=65м
а2=14+2,5+16+2,5+16+2,5+2,5+14=65+5=70м
а3= 65+29 * 5
Шешу үшін: Sn керек
IV. жаңа теориялық материалды меңгеру
10 жастағы Гаустың 1 ден 100 ге дейінгі сандардың қосындысын табу заңдылығын пайдаланып дәлелдеу керек. (оқушылар дәлелдейді.)
S100 = 1 + 2 … + 100
S100 = 50 * 101 = 5050
Sn = a1 + (a1 + d) + … a1 + (n – 1)d
Sn = an + (an – d) + … an + (n – 1)d
2Sn = (a1 + an) + (a1 + an) + …+ (a1 + an)
2Sn = n(a1 + an)
Қайталау сұрақтары: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Бақшашының жүретін жолын табамыз.
Бақшашының жүрген жолы 4125 метр болды.
V. Бекіту есептерін шығару
№235
а1 = 100 а100= 200
№236
а1 = 100 d = -10
№241
а1 = 0,5 d = 3
а11= 0,5 + 10 * 3 = 0,5 + 37 = 37,5
а20= 0,5 + 19 * 3 = 0,5 + 57 = 57,5
V. Деңгейлік тапсырма:
І. а 1 = 5 а15 = 200
IІ. А) а 1 = 2,5 d= 1,5
Б) 150, 200, 250 … S12 =?
d = 50 a12 = 150+11*50=700
III. 1, 3, 5, …135 Sn = ?
135 = 1 + (n – 1)2
1 + 2n – 2 = 135
2n – 1 = 135
2n = 136
n = 68
Шығармашылық есеп(слаидта суреттері көрсетіледі)
Шарлар үшбұрыш тәріздес орналастырылған: 1-қатарда бір шар,2-қатарда екі шар,3-қатарда үш т.с.с.Шарлар саны 120 болса ,олар неше қатарға орналасты.
(2 + n – 1)* n = 240
(1 – n)n = 240
n – n2 – 240 = 0 n2 – n + 240 = 0
Д = 1 + 960 = 961
Жауабы :15қатар
Тарихи есеп (слайдта суреттері көрсетіледі)
Мысырлықтардың папирус жапырағына жазған есебі
«10 өлшем арпа 10 адамға бөліп берілді. Әр адамға тиісті орта өлшемінің бір – бірімен айырымы 1/8 болсын.Әр адамға қаншадан беріледі?»
Не үйрендік
Sn
Үйге тапсырма: №243, 244
Қорытындылау.
