Объектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №3орта мектепбінің
информатика пәні мұғаліміТүсібекова Лида Алпысқызы
Тақырыбы: Объектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру. Өшірілген файлдар мен папкаларды қалпна келтіру.
Мақсаты: Объектілерді көшіру ережелерімен таныстыру. Себеттегі объектілерді өшіруге үйрету. Өшірілген файлдар мен папкаларды қалпына келтіруді үйрету.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: ОЖ электронды оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
(Оқушылардың белгіленген орнына орналасуы, сыныпты түгелдеу, қауіпсіздік ережесі) Электронды оқулықтан қауіпсіздік ережесі тақтаға жіберіледі.
2. Актуалдау.
1. Windows объектілеріне нелер жатады?
(қапшықтар, бағдарламалар, құжаттар, таңбашалар жатады)
2. Файл дегеніміз не?
(аты бар бірқатар байттар тізбегі)
3. Қапшықтар нешеге бөлінеді?
(Екіге бөлінеді (жүйелік, жұмыс))
4. Жүйелік қапшықтарға қандай қапшықтар жатады?
(Windows, Program files)
5. Жұмыс қапшықтарына қандай қапшықтар жатады?
(Өздерің құрған немесе сендер үшін құрған қапшықтар. Мысалы: Менің құжаттарым)
Жаңа сабақ:
Дамытушылығы: ДК-ке тапсырма орындау.
- Жұмыс столынан папка құру.
- Папканың атын «7а» деп өзгерту
- «7а» папкасын «Менің құжаттарым» папкасына көшір
- «Менің құжаттарым» папкасынан «7а» папкасын өшір.
- Себеттегі ашып «7а» папкасын қалпына келтір.
Бекіту.
Үйге тапсырма: Объектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру. Өшірілген файлдар мен папкаларды қалпына келтіру
