Пирамида тақырыбына есептер шығару.
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
№2 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Ахметова Сарыалтын Жадырасынқызы
Қазіргі кезде математиканы оқытудың бүкіл әдістемелік жүйесі жаңару үстінде.Білім сапасын көтеру,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,әрбір сабақты түрлендіріп өту әрбір мұғалімнің басты міндеті және мұғалімнің талмай ізденуіне,жауапкершілігіне байланысты.Өмірден алынған практикалық мазмұнды есептер оқушыларды алдағы мақсатқа жетуге деген табандылықпен төзімділікті қалыптастырады.Интерактивті тақта көмегімен өткізілген сабақ жоспарын өз тәжірибемнен ұсына отырып,оның оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырар деген ойдамын.
Сабақтың тақырыбы: Пирамидаға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік. Пирамиданың негізгі элементтері мен формулаларын білуі, есеп шығаруда тиімді қолдана білуі.
Ә) Дамытушылық. Оқушылардың ойлау және танымдық қабілетін арттыру.
Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге, өз білімін тексеріп, бағалауға дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа және өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, пирамида модельдері.
Пәнаралық байланысы: тарих, география
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушылардың ынтасын сабаққа аударып, көтеріңкі көңіл-күймен сабақты бастау.
Оқушылардың қатысымын және оқу құралдарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары
1.Пирамида дегеніміз қандай фигура?
- Биіктігі Пирамиданың биіктігі – SО
3.Апофемасы Апофемасы – SК
4.Бүйір жағы Бүйір жағы – SАВ үшбұрышы
- Sбүйір Sбүй= ? Sбүй= 1/2РҺ
6.Sтолық беті Sт.бет= Sбүй + Sтаб
- Vпирамида Vпир=1/3 Sтаб һ
|
Д |
|
SHAPE * MERGEFORMAT
|
А |
|
В |
|
С |
|
К |
|
О |
III Есептер шығару
Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасының суреті көрсетіліп беріледі)
Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданын табайық.
Жауабы: Sбүй=96100 м2
Бүгінгі пирамида (Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіліп беріледі. )
Биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 метрден болып
тұрған Пирамида 25 қабатты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мың
шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент,
900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалын бар-жоғы
13 айдың ішінде сағызша илеп, тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің
“Сембол-Иншаат”құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық.
Жауабы : Sбүй=8556 м2
Сыныптағы пирамида (Тест сұрақтары беріледі)
І. Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 5см, ал табанының қабырғасы 8см.Бүйір қырын есепте.
А) 51 Б) 57см С) 42см Д) 56см
ІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см, 8см болатын тік төртбұрыш әрбір қыры 13см биіктігін тап.
А) 12см Б) 14см С) 12,5см Д) 15см
ІІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см, 4см болатын тік төртбұрыш, әрбір бүйір қыры 7см. Көлемін тап.
А) 44см 3 Б) 48см 3 С) 42см 3 Д) 56см 3
IV. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5см, ал биіктігі 4см. Пирамида көлемін тап.
А) 12см 3 Б) 36см 3 С) 48см 3 Д) 24см 3
V.Пирамида табаны – қабырғалары 3м және 4м тең тік төртбұрыш.Оның биіктігі табанының диагоналіне тең.Пирамиданың көлемін табыңдар.
А) 40 м3 Б) 30 м3 С) 60 м3 Д) 20 м3
Қолдағы пирамида ( Практикалық жұмыс)
Сызу пәнінде өздері жасаған пирамида модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын, пирамиданың көлемін есептейді.
IV. Үйге тапсырма
Үлкен пирамида – Хеопс пирамидасының — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған, қазіргі кезде пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан оның осы кездегі биіктігі 137 м.
Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.
№142 есеп
V. Қорытындылау
Не білдік?
Не үйрендік?
Сабақ несімен ұнады?
Өзіңе қандай баға бересің?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Хеопс пирамидасы мен бейбітшілік сарайы туралы есептердің шешу жолы бар ма?