Абайдың «Он жетінші қарасөзі»

№4 Хромтау орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің  мұғалімі Спанова Ақгүл Спанқызы    

Сабақтың тақырыбы:  Абайдың «Он жетінші қарасөзі».
Сабақтың мақсаты:   Ақыннның айтар ойын, қара сөздерінің тәрбиелік       мән-мағынасын ашу.
Сабақтың міндеттері:  Білімділік:  Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Қара сөздердің орнын, мазмұнны мен мағынасын  білу.
Тәрбиелік:   Ұлы ақынның еңбектері арқылы адамгершілік, адалдық,   ізгілік,  еңбекқорлық сияқты асыл қаситтерді сіңіру, ғылым –білімді  меңгерген көкірегі ояу толық адам тұлғасын тәрбиелеу.                 Дамытушылық:   Өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Шығармашылық ізденіс қабілеттерін, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.   Сабақтың түрі: Жаңа  білімді игеру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:  Ақын шығармалары, портреттер, кесте, газет материалдары.т.б,  Интерактивтік тақта.  

Сабақтың әдісі:  (Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру,                                    Ой-түйін.) АҚТ,СТО әдістері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2.Үй жұмысын тексеру
3.  Жаңа сабақ. Өткен сабақты тексеру мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі.

1. Қандай ақынның шығармаларымен танысу үстіндеміз.? 2. Абай кім ? 3. Осы берілген атауларды дәлелдеп көрейік ? 4. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін сұрау. •    Мәнерлеп айту •    Мазмұнын түсіндіру •    Өлеңдерінің идеялық мазмұнын ашу     •    Талдау     Жаңа сабақ. – Абай –  ақын, сазгер, аудармашы, мысалшы болумен қатар философ, ойшыл екен, бүгінгі сабағымызда ақының 17 қара сөзімен танысамыз.Мақсатымыз: Ақыннның айтар ойын, қара сөздерінің тәрбиелік мән-мағынасын ашу. Қарасөз туралы жан – жақты түсінік. Қарасөз. Абай өз шығармаларының    бір алуанын қарасөз түрінде жазды.  Қарасөз- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы.Қара сөздің   өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы  еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қарасөздері қазақ әдебиетінде  проза жанрының дамуына із салған  жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б қара сөздің жан- жақты дамыған үлгілері болып табылады 1.    Ғылым, философия туралы қара сөзбен жазылған еңбек. 2.    Арабша «ғақлия» – көркемсөз, даналық сөз дегенді білдірді. 3.    Абайдың  қарасөзі бар. 4.    1890-1898 жылдары жазылған. 5.    1948 жыл ыалғаш Семей қаласында «Абай» журалында басылып шықты. 6.    Қарасөздері орыс, қытай,француз тілдеріне аударылған. 7.    Ғақлияларының мәні мен мазмұны өміршең, қай ғасырда да , қай қоғамда да тәрбиелік мәні зор. •    Он жетінші қарасөзін дыбыстандыу арқылы тыңдау. •    «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңін оқушыға мәнерлеп оқыту. – Ақыл деген не? Абай айтқан «нұрлы ақылдың» басты белгілерін қалай түсіндірер едіңдер – Қайрат пен «Ыстық қайраттың» негізгі ерекшеліктері қандай?  – «Жылы жүрек» туралы не айтуға болады? – Ұлы ақын осы үшеуіне неге көңіл бөлген, неге осы үшеуін бірлікте ұста деген?  -Өзіңше, Толық Адамның тағы да қандай қасиеттері бар? Ұлы баба мұрагерлері ретінде оның айтқандарына не қосар едіңдер?         17 қарасөзін оқыту барысында диспут – сабақ  түрінде  мынандай жұмыстар жүргіземін: 1.Төмендегі кестеде  көрсетілгендей әрқайсысына әр оқушы өзінше сипаттама беріп алады. 2.Пікірталас немесе пікірлесу. Балалар сөйлейді. А)Ақыл не үшін қажет? Жүрек не үшін қажет? Қайрат не үшін қажет? деген сұрақтар беріледі.  Ә).Осы үш қасиеттің бірі жоқ адам қандай болады? Б)  Егер Жүрек басшы болмай, қалған екеуінің бірі басшы болса қалай болады?            Абай тағылымы                            Менің ойым                    Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» – дейді.    Білім мен тәрбиені тұлғаға қарай бағыттай білу мәселесі алдыда тұрған кезеңде Абайға бұрыласың. «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:  «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді.  Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма:  1.    Қарасөзді жатқа мәнерлеп айту. 2.    «Толық адам»  эссе. Осы жұмыстардың нәтижесінде: Абайдың негізгі ұстанымдарын оқушылар толық, жете түсініп меңгергенде, сабаққа белсене қатысқанда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады -Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.  -Білім сапалары артады.  -Сөз өнерін  сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды. -Сөз қадірін ұғына білу, әр сөзін салмақтап саралап айту қабілеттерін жеткізу.  -Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.  -Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.  -Жақсы мен жаманды ажырата білуге ұмтылу. -Әр нәрсеге сын көзбен қарай білу. -Өз бойындағы қасиеттерді саралауға беаімдеу ой салу. -Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше