Көріністер. Болттың немесе шпильканың номинал диаметрі

Ашық сабақ жоспары

1. Мамандығы: Жол қозғалысын ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару
2. Пән аты: Техникалық графика негіздері
3. Сабақтың түрі: практикалық
4. Сабақтың типі: практикалық
5. Сабақтың тақырыбы: Көріністер. Болттың немесе шпильканың номинал диаметрі

    Оқу тобы: ОП-11ж

   Өткізілген күні, уақыты: 22.12.2011 жыл. 10.00

6. Сабақтың мақсаты:

а) білімдік мақсаты: болттың шпильканың номинал диаметрін есептеп сызуды үйрену, дағды алу;

ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, өз мамандығына жауапкершілікке тәрбиелеу; 

б) дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз еркімен ізденіп, ой-өрісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту

7. Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, оқулық, карточкалар, нұсқау карталары

8. Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру, өзіндік жұмыс, демонстрациялау

Сабақтың өткізілу барысы: 80 минут

 

1. Ұйымдастыру кезеңі – оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына назар аудару.

2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың біліміне шолу жасау:

  Сұрақтар:

           1.Сызбалар орындаудың жалпы ережелері?

          2. Қима дегеніміз не?

3. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсат қою

4. Оқушыларға практикалық сабақтың тапсырмаларын тарату (нұсқа бойынша)

5. Оқушылардың өз бетінше тапсырмаларын орындауын қадағалау, кеңес беру

6. Оқушылардың орындаған тапсырмаларын қабылдау, тексеру, баға қою

7. Өздігінше тексеруге арналған сұрақтар:

1.    Болттың қызметі?

2.    Болттың номинал диаметрі?

3.    Шпилька дегеніміз не?

4.    Шпильканың ролі қандай?

5.    Болт неше қырлы?

6.    Қыспа ұшы деп нені атайды?

7.    Болт қандай материалдан жасалады?

8.    Шпильканың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарт?

9.    Болттың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарт?

   10. Суреттен бекіту детальдарының атауларын

     ата.

9. Сабақты қорытындылау.

10 Үй тапсырмасы:

  1.  Жаңа тақырыпты қайталау.

  2.  А-4 пішіміне болттың, шпильканың сызбасын берілген нұсқа бойынша  орындау.

11. Сабақтың аяқталуы

 

 

 

Оқытушы:                      Джусупова А.М

 

 «Сызу» пәнінен нұсқау

 

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың тақырыбы: Көріністер. Болттың немесе шпильканың номинал диаметрі

Сабақтың мақсаты: болттың немесе шпильканың номинал диаметрін есептеп сызуды үйрену, дағды алу

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, оқулық, карточкалар, нұсқау карталары

 

Тапсырмалар:

 

1, Болттың немесе шпильканың номинал диаметрлері бойынша А-4 пішіміне орындау

2. Көріністер бойынша орналастыру

3. Коріністерді есептеу (масштабты қолдану)

4. Көріністерді сызып безендіру

 

Өздерін тексеруге арналған сұрақтар:

1.    Болттың қызметі?

2.    Болттың номинал диаметрі?

3.    Шпилька дегеніміз не?

4.    Шпильканың ролі қандай?

5.    Болт неше қырлы?

6.    Қыспа ұшы деп нені атайды?

7.    Болт қандай материалдан жасалады?

8.    Шпильканың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарт?

9.    Болттың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарт?

   10. Суреттен бекіту детальдарының атауларын

     ата.

 

 

 

Көріністер. Болттың немесе шпильканың номинал диаметрі

   Машинаның құрамына кіретін бұйымдардың ішіндегі ең қарапайымы – детальдар.  Детальдар машинада бір-бірімен біріктіріледі. Кейде екі детальды қозғалмайтындай, ал біраздан кейін  оларды тез және оңай ажыратуға болатындай етіп біріктіру керек болады. Осындай мақсатқа сай, бұйымдарды біріктіру үшін қолданатын детальдарды қарастырайық. Бірктіру детальдарына болттар, шпилькалар, гайкалар, шайбалар, винттер жатады. Біріктіру детальдары  1,2,3,4- суреттерде көрсетілген

Болт. Ол – стержень тәрізді бір ұшыгда басы, ал екінші ұшында бұрандасы бар деталь. Болтты басының пішіне қарай алты жақты, жартылай дөңгелеек басты, құпия басты және т.б. деп ажыратылады. Осындай болттардың басы алты бұрышты бұрыс призма пішінінде жасалып, фаскалармен аяқталады. Фаска өткір ұшты бұрыштарын жою және кілтті өңай кигізу үшін керек. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал болттың жалпы ұзындығы біріктірілген датальдардың қалыңдықтарына байланысты анықталады. Алты жақты басы бар болт үш түрде жасалады. Бірінші түрдегі болт 1-суретте көрсетілген. Екінші түрдегі болттың бұдан айырмашылығы – оның ұшына жақын жерінде тесігі болады. Ал үшінші түрдегі болттың бірінші түріндегі болттан айырмашылығы – оның басында осьтері қиылысатын екі тесік болады. Бұл тесіктер бұрандаларды өздігінен бұралудан сақтау үшін керек. Болттар болаттан жасалады және оларға метрикалық бұрандалар ойылады.

Болтты шартты түрде белгілеудің мысалы:

«Болт 2М12х1,5х60 ГОСТ 7798-70», мұндағы, М12х1,5- болттың метрикалық адымы ұсақ, номинал диаметрі 12 мм, адымы 1,5 мм оңқай бұрандасы бар; болттың ұзындығы 60 мм; екінші түрде жасалған және алты жақты басы бар; ГОСТ 7798-70 – болттың конструкциясын және өлшемдерін тағайындаған мемлекеттік стандарттың нөмірі.

Шпилька. Екі ұшында да бұрандалары бар цилиндр тәрізді стерженьді шпилька деп атайды. Шпилькалар болаттан жасалады және оларға метрикалық бұрандалар ойылады. Оның детальға бұрап еңгізілетін ұшын сұқпа ұшы деп атайды. Сұқпа ұшының ұзындығы l1 деп белгілесек, ол деталь жасалған материалдың беріктігіне байланысты болады. Берік материалдар, мысалы, болат, қола және жез үшін бұл ұзындықты шпильканың диаметріне тең деп алады: l1= d, мұнда d- шпильканың номинал диаметрі. Шойыннан жасалған материалдар үшін l1= 1,6 d, ал жеңіл қорытпалар (алюминий қорытпалары) және пластмассалар үшін l1= 2,5d болады. Шпильканың екінші, гайка бұралатын, ұшын оның қыспа ұшы деп атайды. Қыспа ұшының ұзындығы (l0) біріктіретін детальдің қалыңдығына байланысты болады. Шпильканың ұзындығы l деп оның сұқпа ұшын ескермегендігі ұзындығын айтпды. Шпильканы шартты түрде белгілейді. Мысалы: «Шпилька М16х1,5х120.58 ГОСТ 22032-76», мұндағы М16х1,5- шпильканың метрикалық адымы ұсақ, номинал диаметрі  16 мм, адымы 1,5 мм және оңқай бұрандасы бар екенін көрсетеді;  l=120 мм- шпильканың ұзындығы; 5.8- беріктік класы; бұл сан неғұрлым үлкен болса, соғұрлым беріктілік жоғары; ГОСТ 22032-76-шпильканың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарттың нөмірі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше