ДҮНИЕТАНУ. Таскөмір
Пән: Дүниетану
Сынып: 3
Тақырыбы: Таскөмір
Мақсаты: Таскөмірді өндіру үдерісі туралы ұғым беріп, оның қасиеттері туралы мәлімет беру және көмірдің өмірдегі маңызын ұқтыру
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Өзіндік пікір айта алатындай орта құру.
3. Тақырып бойынша білім беру.
Күтілетін нәтижелер:
• Оқушылар көмір өндірісімен танысады;
• Берілген тапсырманы талдап түсіндіру мен пікір алмасу орын алады;
• Жеке, жұппен, топта жұмыс істеуге, бірін бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, 2-сынып, «Мұнайшы» өлеңі
Көрнекілік: Слайдтар, пайдалы қазбалардың қазақстандық картасы, пайдалы қазбалардың үлгілері, отын түрлері.
Әдіс-тәсіл: көрнекілік, түсіндіру, жарыс, этнопедагогика элементтері, RWST жобасы,интерактивтік тақта
Бағалау: топтық бағалау (кесте толтыру)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөліп, сабаққа назарларын аудару.
Тренинг: әр топтағы оқушылар бір бірінің қолдарынан ұстап ізгі тілектер айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ой қозғау стратегиясы.
Пайдалы қазбалар:
Жанғыш Кенді Кенсіз
Әр топ ойларын айтуға дайындалады.
- жеке жазу;
- жұпта ойын таныстыру;
- топта талқылау;
- ұжымның ойын ортаға салу.
Бірінші топ: мұнайдың қасиеттері туралы;
Екінші топ: мұнайды қалай өндіреді?
Үшінші топ: мұнайдан не алынады? Табиғи газ туралы не білесің?
Оқушылар жауап беру кезінде слайд көрсетіледі, пайдалы қазбалар үлгілері қолданылады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ә) Мағынаны ашу сатысы.
– Балалар, жанғыш пайдалы қазбаларға тағы не жатады?
– Таскөмір.
Дәптермен жұмыс.Тақырып жазылады.
Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу
Мәтінмен жұмыс.Мәтінді толық оқып шығу.
– Жеке оқу;
– жұпта талдау;
– топта талқылау. Мәтінді оқи отырып, білетіндеріне «√» белгісін, ал жаңа ақпарат болса, «+» таңбасын қояды.
Интерактивтік тақтадан слайдттар көрсетіледі.
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді:
– Бірінші топ: таскөмір қандай болады?
– Екінші топ: көмірді қалай өндіреді?
– Үшінші топ: таскөмірден не алынады?
Кестені толтыру.
Білемін Үйрендім Білгім келеді
√ + ?
Жаңа сабақты бекіту.
Б) Ойтолғаныс сатысы.
«Автор орындығы» стратегиясы. «Мен көмірмін» тақырыбына эссе жазу.
Картамен жұмыс. Қазақстанда мұнай, көмір, газ өндірілетін жерлерді белгілеу.
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: 61-63 беттер
