Тыңдау әдебі

ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы, Айткеш Ибраев атындағы
орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бейсембаева Нұргүл Тоғызбайқызы

 

10-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың танымдық  қабілетін  жетілдіре отырып,  тыңдау әдебі  туралы білімдерін кеңейтеді.
Сабақтың  міндеттері:

Білімділік:
Тақырып бойынша өз ойларын жүйелей отырып, өз бетімен   мәтін құрып, ойларын   жеткізе білуге, тыңдап түсінуге үйренеді.
Дамытушылық:
Ағылшын тілінде әдептілік туралы мақалдар  айту арқылы танымдық  дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу мәденитетін арттырады.
Тәрбиелілік:
Шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып ойлау, таным  белсендіктерін арттырып, эстеттикалық  көзқарасқа тәрбиелейді.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Деңгейлік тапсырма жұмысы,сұрақ-жауап, проблемалық жағдай туғызу, аударма жасау, сөздікпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет, ағылшын тілі, математика

Сабақтың көрнекілігі:  компьютер,слайдтар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасы

25-жаттығу «Менің балалық жайлы толғанысым» деген тақырыпта ойларын жазу.

III. Жаңа сабақ:Тыңдау әдебі ( Жағдаят туғызу, көрініс «Әдеп»)

–       Балалар бұл жағдаяттан не байқалды?

(Оқушылар пікірлері)

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам қатарына қосылмайды. (М. Әуезов)

Осыдан барып, жаңа тақырыбымызды ашайық.

Сөйлеуші сөзін бөлмей,мұқият тыңдау-әдептіліктің белгісі.

Іскерлік өмірде сөйлеушінің сөзі тыңдай ойдың, мәніне талдау жасап отырған дұрыс.

Анықтау. Сөйлеушінің айтқан ойын анықтап алу мақсатында «түсінбей қалдым», «қайталап айтыңызшы» деген сөз орамдарын қолдануға болады.

Қайталап сұрау. Сөйлеуші айтқан сөздерінің дәлдігін тексеру мақсатында  оның өз сөздерін қайталау арқылы сұрау. Бұл орайда мына  сөз орамдарын қолданыңыз. «Менің түсінігімше сіз…», «сіздің ойыңызша бұл…».

27-жаттығу. Мына сөздердегі дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңдер. Тақтамен жұмыс.

Дәстүрлер – 9 дыбыс – 3 (дауысты дыбыс), 6 (дауыссыз дыбыс)

Қасиетті – 8 дыбыс – 4 (дауысты дыбыс), 4 (дауыссыз дыбыс)

Ертегілер – 9 дыбыс – 4 (дауысты), 5 (дауыссыз)

Ұшқын – 5 дыбыс – 2 (дауысты), 3 (дауыссыз)

Ғажайып – 7 дыбыс – 3 (дауысты), 4 (дауыссыз)

Әр бала компьютермен аударма сөздік жұмысын  (ағылшын тілде) жасайды.

Дәстүрлер –  traditions

Қасиетті –   the sacred

Ертегілер –   fairy tales

Ұшқын –    spark

Ғажайып – the fine

Баланың жұмысын тақта экранынан ағылшын тілі  мұғалімі тексереді.

  IV.Сергіту сәті (әзіл сұрақтар арқылы мақалмен жауап қайыру)

  1. Қар жана ма?( Қалауын тапса,қар жанар. )
  2. Адамда арқау бола ма? (Ас адамның арқауы)
  3. Қандай бас аяққа тыным бермейді? (Ақымақ бас екі аяққа тыным бермейді)
  4. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді ).

28- жаттығу. Мақалдарды тақырып етіп алып, әдептілік туралы әңгіме жазу.

 Оны тақтадан оқу

Ағылшын тілі мұғалімі ( әдептілік жайлы мақал жазу және қазақ тіліне аудару)

Осы аудармадағы оқушылардың сөздеріне сипаттама беру арқылы сабақты бекітеміз.

V. Бекіту  – 1.«Басқаны тыңдай білу де өнер» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Әдептілік тыңдау білумен ғана шектеледі ме?

Н.Назарбаев сөзі «Қазақстан – дамыған,өркениетті,мәдениетті ел» – дегендей, әдептіліктің өзі елбасы айтқандай өркениетті, мәдениетті ел қатарына қосылу үшін өте қажет – деп сабағымды аяқтаймын.

VI.Үйге тапсырма:  30-жаттығу

VII.Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше