Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістер
Арал ауданы, №57 Е. Көшербаев атындағы
орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Абишева Инкар Жұмаханқызы
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі — әлеуметтік , экономикалық өзгермелі жағдайларға бейімді өмір сүру және осы жағдайларды жақсартуға ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі талаптар – шығармашылық, терең білім, жоғары интелектілік және кәсіби сауаттылық. Еліміздің білім беру жүйесінде кең қолданылып келе жатқан ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің артықшылығы жылдан – жылға дәлелденіп келе жатыр.
Курстың мақсаты:
1.Тарихи деректерге сүйене отырып Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістер туралы мәліметтер беру
2. Туған жерге, ел тарихына сүйіспеншілігін , отансүйгіштік сезімін арттыру.
3. Оқушыларды жоғарғы оқу орнына дайындау, мамандыққа бейімдеу;
4. Оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтау арқылы баланы
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Міндеттері:
-Оқушының ой –өрісін кеңейту, жан-жақты ізденуге, білімге деген
құштарлығын арттыру;
-оқушының өз бетінше жұмыс жасауға, өз білімін саралауға үйрету;- тарихи оқиғаларды талдауға, хронология құрастыруға үйрету;
— оқушыларға шығармашылық жұмыстарын жандандыруға , игерген білімін жинақтауға баулу;
-Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Білу керек:
— Қазақ елінің тарихын;
-Қазақстан Республикасы – тарихы терең мемлекеттердің бірі екенін;
-Ұлт-азаттық көтерілістерді талдай отырып, олардың ерекшеліктерін салыстыра білу;
-картамен жұмыс жасай білу
-Компьютер техникасын пайдалану арқылы игерген білімдерін тереңдету;
Анықтама бере білу керек:
— Қазақстан тарихы пәнінің міндеттері мен бағыттарын;
— тарихты зерттеуге көмекші ғылымдарды;
Дәлелдей алу керек:
— Дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі Қазақстан тарихының ролін;
— Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістердің қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылудағы өзіндік ролін;
-Қазақ халқы тарихындағы қоғам қайраткерлерінің жеке тұлға ретіндегі ролін ;
Түсіндіре алу керек:
— Қазақ халқы тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызын;
Қолдана алу керек:
— Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеудің тиімді жолдарын;
-қосымша оқулықтарды пайдалана білу;
— интерактивті тақтамен жұмыс жасау;
Пәнаралық кіріктіру:
Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет, математика , картография , саясаттану ,экономика ғылымдарымен байланыстыру.
Кәсіпке бағдарлау: -тарихты зерттеу саласының мамандығына, тарихшы , мұғалім, археолог, мұрағатшы мамандықтарын таңдайтын оқушылардың білімін дамытуға пайдасын тигізеді.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 рет.
