Өө дыбысы мен әрпі

  • Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылындағы орта мектепке қарасты, Қаратөбе ауылындағы, Б.Тамабаев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі Жалгасова Лаура Сайлаубаевна

Сабақтың мақсаты:
а) Ө дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру. Сауатты жазуға машықтандыру. ә) Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, оқуға деген белсендігін арттыру. б) Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:
суреттер, кеспе әріптер, буындар, жаңа сөздер

жазылған схема.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын, сюжет арқылы ойнату,

Күтілетін нәтиже:

. Ө дыбысы мен әрпін таниды.

. Ө дыбысы арқылы жаңа сөздерді оқи алады.

. Сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру,

ІІ. Мақсатын қою.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

а) Қызығушылықты ояту

– Балалар, бүгін біздің сыныпқа бір бейтаныс әріп қонаққа келемін деп смс хат жіберіпті. Қандай әріп екінін айтпайды. Ендеше сендерге не дер екен. (әріп болып оқушы келеді)

– Балалар мен сендерге жаңа әліппе кітабынан келдім. Ондағы әріптер мен дыбыстар сендерге тапсырмалар мен өтініштерін беріп жіберді. Сендер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар менің қандай дыбыс екенімді таба аласыңдар.

– Ендеше, балалар бізге қонаққа келген бейтаныс әріптің елі саяхатқа шығайық. Қалай қарайсыңдар?

– Ол үшін мына тұрған нелер екенін айтып беруін таңдауымыз керек.

автобус ұшақ такси

(автобус, ұшақ, машина) Көліктің біреуін оқушылар таңдайды.

ә) Мағынаны тану

(суреттер арқылы) Көлікке отырып, бейтаныс дыбыстың еліне жеттік.

Бұл әлемде (не?) өзен бар екен. Өрісі де кең екен. Өрісте жайылып жүрген төлдерді көрдік (бота, бұзау, қозы, лақ). Өзеннің арғы бетінен көкектің дауысын естідік. Өрік ағашы да бар екен. Одан (не?) өрік жинап алдық…. Ауылымызға көңілді өлең айтып қайттық.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Көлік, өзен, өріс, төлдер, көкек, өрік, өлең.

Буынға бөлгізіп, мағынасын ашып, қандай жаңа әріп кездесіп тұрғанын аңғарту.

– Балалар, бүгін бізге келген бейтаныс қонақ, -Ө ө әрпі екен.

(қонақ әріп маскасын шешіп, Ө әрпі екенін аңғартады, қолында сандықша болады)

Ө дыбысы бірнеше рет айтқызып, дауысты дыбыс екенін, ол қызыл үйшікке орналастыру керектігін айтамын.

(оқушыларға Ө әрпі үлестіріп беріледі)

Сергіту сәті (Ө дыбысымен бірге қимыл көрсетеді.)

Өзен, өлке, өмірде

Ө – дыбысы көңілде

Өркеш – өренш жерлерде,

Өріктерім төгілме

(қимылмен көрсетеді)

Оқулықтағы «Өркеш» мәтінін оқымас бұрын түйенің, ботаның арқасында не екенін еске түсіріп алып, мәтінді дауыс ырғағын қойып оқып беремін.

Мәтін бойынша сұрақтар:

– Әңгіме нелер жайлы екен ?

– Бұзау ботадан не деп сұрады?

– Бота не деп жауап берді?

– Бота қалай дыбыстайды? Бө-ө-ө

– Бұзау ше? Мө-ө-ө

IV. Түсінігін тексеру.

Дәптермен жұмыс

Партада дұрыс отырып, дәптерлерін жазуға әзірлету.

«Ө» дыбысының жазбаша түрімен таныстырып, тақтаға жазып көрсету.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық!

Ө ө дыбысының жазбаша түрімен таныстырып, ауада бірнеше рет жаздырып, дәптерге жаздыру.

б) Толғаныс

Сандықшаның ішінен бірнеше буындарды таратып, сөз құрату.

Та-за, ө-зен, өр-мек-ші

V. Бекіту.

Сөйлем құрату.

– Сабағымызда не үйрендік? Қандай дыбыспен таныстық?

– Ол қандай дыбыс?

– «Ө» дыбысы бар сөздерді айтыңыз?

VI. Үйге тапсырма беру. Бағалау.

– Балалар сендер бүгін өте жақсы жауап бердіңдер, сабаққа өте белсенді қатыстыңыздар. Сондықтан «Ө» дыбысы сендерге өте риза болды. Жарайсыңдар, балалар!

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше