Отбасы-тәрбие бастауы
Қостанай облысы, Рудный қаласы
№19 орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Фатима Дадыбаева
3-сыныптар ата-аналарының арасында өткізілген сайыс жоспары
(Тәуелсіздіктің 20жылдығына арналған)
Отбасы-тәрбие бастауы (отбасылар сайысы)
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу.
Көрнектілігі: шарлар, қанатты сөздер, қызыл, жасыл, сары конверттер.
Барысы: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сайысымыз «ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» деп аталады. Сайысымызға үш отбасы қатысады. Сайыстың негізгі шарттарымен таныс болыңыздар.
І. «СӘЛЕМ, ЖАҢА КҮН» (сәлемдесу)
ІІ. «ҰШҚЫР ОЙ» (5 сұрақ қойылады) қызыл, сары, жасыл конверттер
ІІІ. «ПІКІРТАЛАС» (ана мен балаға)
ІV. «ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» (тігу, жапсыру, сурет салу т.б дайындау)
V. «ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ – АРҚАЛАН» (өз өнерлерін ортаға салу)
VІ. «ОЙ ЖИНАҚТАУ»
Енді сайыс болған соң, оның шарттарын көріп қазылық ететін әділқазылары болуы керек.Олай болса ӘДІЛҚАЗЫЛАР алқасын сайлап алайық.Енді шарт-тарды ретпен орындау үшін белгілер таңдайық! Іске сәт!
І шарты: «СӘЛЕМ, ЖАҢА КҮН!» отбасылар кезекпен сәлемдеседі, тілекте-рін айтады.
ІІ шарты: «ҰШҚЫР ОЙ» отбасылар конверт таңдайды. Әр конвертте 5 сұрақ бар. Сол сұрақтарға жауап береді.
Қызыл конверт:
1.ҚР –ның астанасы?
2.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
3.Отбасы қорғаны кім?
4.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
5.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
Сары конверт:
1.Ұлттық ойын түрлерін ата.
2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?
3.ҚР-дағы көмірлі қала?
4.Адамға ақыл беріңдер кімдер?
5.Батаның қандай тәрбиелік мәні бар?
Жасыл конверт:
1.Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?
2.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
3.ҚР-ның рәміздерін ата.
4.Әр адамның шағын отаны?
5.Мектептегі ең жақсы баға.
ІІІ.ПІКІРТАЛАС. (ана мен балаға беріледі)
1-жағдаят (анаға)
Балаңыз аулада ойнап жүрген. Жолдасының таспен ұрғанын айтып
шағымданып келді. Не істер едіңіз?
(балаға) Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 2 минуттай
болыпты. Не істер едің?
2-жағдаят (анаға)
Сіз жұмысқа кетейін деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа баратынды-
ғын кеше айтуды ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан жарыс
болады. Соған бала да қатысқысы келді де мектепте қалып қойды.
Сіз оны күтіп отырдыңыз. Не істер едіңіз?
(балаға) Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке
ұйықтап қалдың. Сабақ сағат 8.15-те басталады. Сөмкеңде кітап дәп-
тер орнына ойыншықтар тұр. Сабақ әлдеқашан басталды. Не істер
едің?
3-жағдаят (анаға)
Кешкі ас ішіліп болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай қалды.Кино
басталып кетті.Кино аяқталған кезде балаңыз: ыдысты таңертең
жуа салайыншы деді.Сіз не істер едіңіз?
(балаға) Мектепке келер алдында асығып кофтаңды теріс киіп алыпсың.
Сырт киіміңді шешкен соң сыныптың есігінің алдына келген соң
кофтаңның теріс екендігін байқадың.Не істер едің?
Ән шашу.
ІV.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ. (дайындаған заттарын әңгімелеп беру)
V. «ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ-АРҚАЛАН» (әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады)
VІ. «ОЙ АШАР» (сөздердің мағынасын ашу)
1.Денсаулық
2.Үлгілі отбасы
3.Қазақстан
Ән шашу.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. ӘДІЛҚАЗЫЛАР өз шешімдерін шығарып марапаттау
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.Ендеше бүгінгі іс-шарамыз-дан әр оқушы мен ата-ана ой түйіп, «Отбасы-тәрбие бастауы» деген қағида-мен келіседі деп ойлаймын.
МЕРЕКЕ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН!
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
