Цилиндр
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
№2 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Ахметова Сарыалтын Жадырасынқызы
Сабақ мақсаты:
1. Цилиндр туралы мағлұмат беріп, негізгі формулаларды есептерді шығаруда қолдана білу
2. Оқушылардың алған білімімен қалыптасқан, білік дағдыларын практикада қолдана білу
3. Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: Өз бетімен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: компьютер, презентация, интерактивті тақта, activstudio, activboard, электрондық оқулық
Сабақ ұстанымы:
«Естігінімді ұмытып қаламын, көргенімді есімде сақтаймын, істегенімді түсінемін» Конфуций
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Қызығушылығын ояту
Негізгі психологиялық және гоеметриялық жеке тұлғаның қасиеттерін анықтау. Әр оқушы фигураларды таңдай отырып, өз бойындағы қасиеттерді анықтайды.
Шаршы: қайраткер, еңбекқор, ұйымшыл, дәл қатың тәртіпті, үнемшіл
Үшбұрыш: лидер, билікке ұмтылғыш, қайткен күнде жеңіске жетеді.
Төртбұрыш: Білуге құштар, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл.
Дөңгелек: қолы ашық, өзгені түсінетін, байсалды, сенгіш, достары көп.
3. Мағынаны тану (цилиндр, пирамида, призма суреттері көрсетіліп, таныс емес фигура сұралады.) электрондық оқулық арқылы сабақ түсіндіріледі.
Гректің Rulindros сөзінен алынған, ол “валик”- “оқтау” мағынасын білдіреді.
Цилиндр деп тік төртбұрышты оның
қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын денені атайды.
Дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.
Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.
Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды.
Цилиндр қимасы (электронды оқулық арқылы көрсетіледі)
Осьтік қимаБұл цилиндрдің осі арқылы өтетін қима. Екі қабырғалары – жасаушылары, ал екі қабырлары – табан диаметрлері.
Табан жазықтықтарына параллель жүргізілген қима. Бұл жағдайда қима дөңгелек болып келеді және ол табандарына тең.
Цилиндр өмірде презентациядансуреттер көрсетіледі.
Біз үй ішінде немесе көшеде цилиндр пішінді заттарды жиі кездестіреміз. Завод фабрика моржалары, ғимарат бағандары, цистерналар, қауақтар мен кір тастары, барабадар мен тиындар-осы заттардың әр қайсысының пішіні цилиндрді азды-көпті еске түсіреді. Тіптен өткен бір кездерде еркектердің биік төбелі қалпақтары да цилиндрге ұқсас болатын, сондықтан да ол цилиндр деп аталатын. Ішінде цилиндр тәрізді поршені әрлі –берлі қозғалып тұратын камерада цилиндр деп аталады.
4. Ой шақыру
SHAPE * MERGEFORMAT
} Асtivstudio пайдаланып цилиндрдің жазбасын салу.
} Әр фигураның ауданын тауып цилиндрдің толық бетінің ауданын шығару
Өз бетілік жұмыс
} Оқушылардың сызу пәнінде жасалған цилиндрдің өлшемдерін алып, цилиндрдің толық бетінің ауданын табу
} 1 оқушы activstudio құрал жабдығын пайдаланып, өлшем бойынша толық бетінің ауданын табады.
Оқулықпен жұмыс
} (activstudio арқылы орындалады)
} №3 есеп
№2 есеп Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 10 м.кв ал табанының ауданы 5 м.кв. Цилиндрдің биіктігін есептеп тап. ( )
5. Ой толғанысы
Математикалық диктант
(activstudio перде тақта арқылы)
} Тік төртбұрышты қалай қозғау арқылы цилиндрді жасауға болады?
} Дөңгелек жазықтығына перпендикуляр және сол жазықтықты қиып өтетін түзуді қандай нүктелер жиыны құрайды?
} Цилиндр осіне параллель қиманың осы остен қашықтығы 3 –ке тең. Цилиндр жасаушысының радиусы 5, биіктігі 10-ға тең болса, қиманың ауданы неге тең?
} Төртбұрыштың қабырғалары 2 дм және 4 дм тең. Төртбұрышты қабырғалары арқылы айналдырғанда пайда болған цилиндрдің бүйір жақтарының қатынасы қандай?
} Цилиндрдің остік қимасы – квадрат. Цилиндрдің толық бетінің ауданының жасаушысының ауданына қатынасы қандай?
Цилиндрдің биіктігі оның жасаушысының радиусынан 2 см үлкен.
} Цилиндрдің остік қимасының ауданы 96 см2. Цилиндр биіктігін табыңдар?
} Цилиндрдің биіктігі оның жасаушысының радиусынан 12 см үлкен. Цилиндрдің толық бетінің ауданы 288p см2. Цилиндр биіктігінің ұзындығын табыңдар?
Тест (activboard тестілеу жүйесі)
- Цилиндрдің осьтік қимасы – диогоналы 20 см, болатын квадрат. Цилиндр табаныныңауданын тап.
А) 40 см2 В) 50 см2 С) 60 см2 Д) 70 см2
- АВ кесіндісінің ұштары цилиндр табанындағы шеңберлерде жатыр. Цилиндрдің радиусы 10 дм, ал АВ түзуімен цилиндрдің осьінің ара қашықтығы 8 дм, АВ=13 дм болса, биіктігін тап.
А) 3 дм В) 4 дм С) 5 дм Д) 6 дм
- Цилиндр табаның радиусы 2 м,биіктігі 3 м. Осьтік қимасының диогоналын тап.
А) 5 м В) 6 м С) 4 м Д) 7 м
- Цилиндрдің биіктігі 8дм, табанының радиусы 5дм, цилиндр қимасында квадратшығатындай етіп, жазықтықпен қиылған. Осы қимадан оське дейінгі қашықтықты тап.
А) 3 дм В) 4 дм С) 5 дм Д) 6 дм
- Цилиндр қабырғасы а болатын, квадраттың бір қабырғасынан квадратты айналдыру арқылы алынған. Цилиндрдің толық бетінің ауданын тап.
А) 3 Па2 В) 4 Па2 С) 5 Па2 Д) 6 Па2
6. Сандар сөйлейді.
Цилиндр туралы мағлұматтың астында сандар жасырылған. Сол сандарды өйлету керек. 3, 70, 20, 32, 17 сандары шығады.
3- сәуір сайлау
70- азиададағы медаль саны
17- қола медаль саны
20 – тәуелсіздікке 20 жыл
32- азиададағы алтын саны
7. Рефлексия
Бүгінгі тапсырмаларға баға беруіңізді сұраймын
Сабақта берілген тапсырма
- жеңіл
- бір қалыпты
- қиын
Берілген материалды қалай меңгергеніңді айт
- Толық меңгердім
-
Аздап меңгердім
-
Мүлдем меңгерген жоқпын
Сабақ қалай өтті
- Қызықты
- Әдеттегідей
- Білмеймін
Кординаталық жазықтыққа салу арқылы балалардың сабақ үлгерімін анықтаймыз.8. Үйге тапсырма:
№8 оқулықтар
Өмірде цилиндрдің қайда кездесетінін іздестіру
9. Қорытындылау.
