Жаратылыстану

АЛДЫҢҒЫ АЯҚ СҮЙЕКТЕРІ

Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейдің арнаулы
пән оқытушысы Нағыман Гүлшат

 Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға ірі қара, қой, жылқы малдарының алдыңғы аяқ сүйектерінің  құрылысын, қызметін таныстыру арқылы жаңа материалды меңгерту.
ә) дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде жүзеге  асыруды қалыптастыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, малжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі (типі): жаңа
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология
Сабақтың көрнекілігі: анатомияның препараттар – ірі қараның, қойдың және жылқының  алдыңғы аяқ сүйектері, суреттер.

 САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

— Сынып тазалығы;

— Топты түгелдеу;

— Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 7-10 мин

 

Оқушыларға бақылау сұрақтарын бере отырып, үй тапсырмасын сұрау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мойын омыртқасы дегеніміз не?

2. Төс сүйегін атаңыз?

3. Сына тәрізді сүйектерді атаңыз?

4. Бас қаңқасы дегеніміз не?

5. Қаңқа дегеніміз не?

6. Бас қаңқасының құрылысы қандай?

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 15-17 мин.

 

            Жауырын – scapula – бұл қос жалпақ, үш бұрышты пішінді сүйек, проксимальды ұшында жауырын шеміршегі бекітіледі. Оның краниальді, каудальді және вентральді бұрыштары; дорсальді, краниальді және каудальді шеттері; латеральді және медиальді беттері болады.

            Тоқпан жілік – humerus, os brachii – ұзын, түтікті сүйек, проксимальды эпифизінде басы, мойыны, медиальді немесе кіші, латеральді немесе төмпектері және төмпекаралық науасы болады.

 

 

 

            Кәрі жілік – radius . Бұл сүйектің проксимальды ұшында басы, буын шұңқыры, шыбық бұдыры және байлам төмпектері, дистальды ұшында блогы болады.

Шынтақ (садақ) сүйегі – uina Оның проксимальды ұшында шынтақ өсіндісі, шынтақ төмпегі, блок ойығы және қармақ тәрізді өсіндісі орналасады. Бұл екі жілік бірігіп, арасында сүйекаралық саңылауын қалдырады. Олардың дистальды эпифиздері білезік сүйектерімен жалғасады.

Алдыңғы аяқ басының қаңқасы – sreletоn manus тізе, алдыңғы жіліншек және саусақ сүйектерінен тұрады.

 

            Тізе – corpus – екі қатар қысқа сүйектерден құралған. Проксимальды қатарында төрт сүйек – шыбық тізе, аралық тізе, шынтақ тізе және қосымша тізе сүйектері, ал дистальды қатарында бес сүйек – бірінші тізе, екінші тізе, үшінші тізе, төртінші тізе және бесінші тізе сүйектері жатады.

            Алдыңғы жіліншік – metacarpus – ұзын, түтікті сүйектерге жатады. Олардың медиальді жағынан бастап санайды. Әрқайсысының құрылысында негізгі, денесі және басы болады.

            Алдыңғы аяқ басының бақай сүйектері – ossa gigitorum manus – үш фалангадан тұрады: проксимальды (тұсаралық сүйегі), ортаңғы (топай сүйегі) және дистальды (тұяқ, тұяқша сүйегі). Проксимальды және ортаңғы фалангалардың құрылысы ұқсас болады, айырмашылығы көлемінде – проксимальдісі ұзын.

 

IV. Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау:

 

1. Шеткі қаңқаны қандай сүйектер құрайды?

2. Алдыңғы аяқ қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

3. Иық белдеуінің қаңқасы – жауырынның құрылысы, жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

4. Еркін қозғалатын бөлімнің бөліктерін атаңыз. Оларды қандай сүйектер құрайды?

5. Тоқпан жіліктің құрылысы, жануарлардағы ерекшеліктері.

6. Білік сүйектері, олардың құрылысы, жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

7. Алдыңғы аяқбасы қаңқасы сүйектерін атап, жануарлар түрлеріне байланысты, олардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

 

V. Бағалау.

Оқушылардың жаңа сабақты түсінгендеріне қарай бағалау.

 

VI. Үйге тапсырма беру.

«Ветеринария негіздері» 72-73-74 беттер оқу, конспектілеу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бұлашев А.Қ. Ветеринария негіздері «Фолиант» баспасы 2010 жыл

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.