ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей директорының
оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Дүзбай Сәлия Шарападинқызы

 Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.

Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат. Ата-ана отбасылық тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, олардың өмірлік көзқарастарының бірлігі, ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғары болуы – бала тәрбиесіндегі жетістіктің маңызды шарты.

Жүсіпбек Аймауытұлының көзқарасында бала психологиясының, жан-дүниесінің қалыптасуына әсіресе, өмірінің алғашқы жылдарындағы ата – ананың тәрбиелік ролі ерекше маңызды екендігі туралы пікір басым. Ол «баланы іспен емес – сөзбен, үлгімен емес-ақылмен үйреткен адам сорлы» – дейді. Баланы болашақта бұзуға немесе дамытуға себеп болатын басты шарт-оның жас күніндегі көрген үлгі – өнегесі болуы тиіс дегені «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дегені еді.

Халықта «Тәрбие табалдырықтан басталады» – деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни, әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, «адам ұрпағымен мың жасайды» – деген тұжырымды үлгі тұту. Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырағын қорғап, өркендеп өсуін үнемі қадағалап отырады.

Ұзақ жылдар бойы ата-баба жолын, халықтық мұра, мақал-мәтелдер, шешендік сөз бен жыр маржанын «ескіліктің қалдығы», өзімнен кейін дүниені топан су қаптаса демей, өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесіне баса назар аудару-ата-ананың борышы. Онсыз елде болашақ жоқ.

Бала тәрбиесіндегі ең алдымен отбасындағы ата-ананың ықпалымен жүзеге асып,қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. Қазақта бесік деген киелі ұғым. Халықта «Бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің», «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп тегін айтылмаған

Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі халықтық мұра.

Әл-Фараби бабамыз тіл тағылымына айрықша мән беріп халқымыздың болашақ ұрпағы тәлім-тәрбие,білім алып,дүниетанудың сырына қанығуды ойластырды. Тәуелсіз еліміздің, ұлтымыздың төл бесігінің бірі-ана тіліміз болып отырғанда, адамзаттық адамгершілігі мол, еліне, жеріне деген сезімі жоғары жастарды тәрбиелеп, олардың сана-сезімін ояту ең алдымен ата-ананың әрбір отбасының басты міндеті. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша өмір сүру ғанибет қана емес, ол сән мен сымбат, салтанат пен парасат.

Қандай да бір ұлттық тілі жоғалған кезде толыққанды ұят болуды қалады.Жаны таза,жүрегі пәк сәбидің тілі шыға бастағанда-ақ оның сүттен біткен мінез-құлқының сүйекпен кеткенін есте ұстағанымыз абзал.

Бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты,ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып,үлгі-өнеге алады.

Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар – намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.

Ата – бабаларымыз ұрпағының ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиеленген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.

Қазақ отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің тарихи даму барысында-ғы педагогикалық-психологиялық негіздерін талдап, оны қазіргі тәрбие беру ісіндегі орнымен пайдалана білу жолдарын нақты анықтау – арнаулы зерттеуді қажет ететін мәселе деп есептеуге негіз бар.

Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты.

Қазақ даласының зор көлеміне, рулық-жүздік бөлінулеріне, сондай-ақ көршілес халықтардың ықпалына қарамай, түрлі аймақтардағы педагогикалық көзқарастағы айырмашылық шамалы. Демек, қазақ халық педагогикасындағы қыз балаға тәрбие беру біртұтас жүйе болып қалыптасқан. Қазақ ұғымындағы отбасы-өмірдің тұтқасы. Отбасында көрген жақсы – жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді.

Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді үлкендердің ата-анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету тәрбиеге «ұят», «намыс», «ар» ұғымдарын кең пайдалана отырып, сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау, тиым салу, талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған.

Қазақ отбасының күнделікті тіршілігіне қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баласының адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды,ілтипатты, қамқарлық қатынас жасау, тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, моральдық қолдау, сенім арту,өзіне деген сенімін иығайту, жауапкершілік жүктеу, қызықты іс-әрекетке тарту;әдептен асудың алдын алу мақсатында еркелете кінә арту, жалған енжарлық білдіру, ашулану, айыптау, бұйыру т.б.қазір де өз мағынасын жойған жоқ.

Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі-тұспалдап айту. Онда өтірік сөз, юмор пайдаланылған. Қыз балаға арналып айтылған тұспал сөздер бейнелі – абтрактылы ойдың дамуына әсер етеді. Той-думан,ойын-кештерде, ақындар айтысында, күнделікті қарым-қатынас кезінде әзіл-қалжың, жұмбақ ретінде, астарлы сөзді жиі пайдаланған. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген халық нақылдары осының кепілі. Бала өмірлік «Ғибратты өзі туған отбасы, одан әрі өскен ауылының тұрғындарының үлгі-өнегесі арқылы бойына сіңірген. Олар бала кезінен сән-салтанатты саулық сайрандардың үнсіз куәгері бола отырып, көріп, біліп, есте сақтап, өздері үйренген тұспал сөздерді құрбы-құрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадам жасайды. Осылайша зеректікке, тапқырлыққа жаттыға отырып, кейін келе өз өнерін ұштауда орнымен пайдаланған. Отбасында қыз баласына тәрбие беруді мына талаптың тәсілдері пайдаланылған:

–          астарлап сөйлеп,тұспалдай отырып талап ету;

–          әзіл,ойын,күлкісі аралас түріндегі талап;

–          шарт қоя отырып талап ету;

–          сес көрсете талап ету;

–          қағытып,кекету түріндегі талап;

–          ишара,ым ретінде талап ету;

–          кеңес түріндегі талап;

–          сенімсіздік білдіріп,күдік көрсете отырып талап ету;

–          нақты талап ету.

Қазақта қаталдықпен талап етушілік – халық педагогикасының негізі. Біріншіден, мейірімділік, сонан соң барып белгілі бір дәрежеде дейтін себебіміз, тәрбие беру барысында айқын өктемдік аса қажет емес. Ата – ананы, үлкенді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлкендердің беделін онсыз да қамтамасыз етеді.

Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі,оның ішінде қыз баланы тәрбиелеуде, ер баланы тәрбиелеу де,негізінен отбасында жүзеге асырылған.

«Ұрпағын мол таратқан отбасы  – Қарашаңырақ, ұрпақтар өрбіген ұя саналады.

Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жерде Қарашаңырақ. Сондықтан да  қазақ баласы Қарашаңырақтың иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды. Яғни, Қазақ атасы көтерген Қарашаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар намысындай сезінеді Бұл ұлға да, қызға да бірдей парыз, өмірлік борыш.»

Ендеше ата-бабаларымыздың отбасы тәрбиесіндегі өнегелі іс-әрекеттерін, ерекшеліктерін ескеріп, өз ұрпағымызды тәрбиелеуде орнымен пайдаланып, жалғастырушы болайық!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше