Ризамын саған Әліппе!
Б.Тамабаев атындағы бастауыш
мектеп мұғалімі Жалгасова Л.С.
Мақсаты: Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту.
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ алфавиті, суреттер, нақыл сөздер, слайдтар, «Әліппе», «Ана
тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Барысы:
Мұғалім:
– Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Бала біздің болашағымыз еліміздің ертеңі сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымыздың белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу бойына ізгілік нұрын себу біздердің ұстаздар, ата-аналар міндеті. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне тұспа-тұс келіп жеткен «Ризамын саған Әліппе!» атты мереке құтты болсын. Олай болса, Сүйікті әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай інілеріміз бен сіңілілерімізге табыс етуге міндетіміз. Ортаға құрметпен 1 сынып оқушыларын шақырайық.
І бөлім
Дулат:
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға
Ұлниса:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштассақ,
Өсті білім, бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
Нұрсұлтан:
Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз!
ІІ бөлім: «Әліппе»
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
– Ендеше балалар мен бұл тойды сендерге жұмбақ қоюдан бастағым келіп тұр. Сендер оған жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар, ол сүйікті әліппе.
Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Асел:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Жәнібек:
Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс.
Иландырған сөзіне,
Қамқоршыма мың алғыс.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән: «Ертегілер» (Ұлниса, Бота, Асел, Інкар)
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына әліппені жазған кім?
Хормен: ЫбырайАлтынсарин
Кел, балалар, оқылық
Оқығандыкөңілге
Ықыласпентоқылық
Оқысаңызбалалар,
Шамнаншырақжағылар
Тілегеніңалдыңнан
Іздемей-ақтабылар
Мұғалім: Әліппе балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасақ қайтеді.
Әліппе: Бәрекелді тыңдайық, тыңдайық.
Бота:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А» деген ол – аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол – әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей…
Сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Қалампыр:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Рамазан:
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасыма.
Ән: «Аналар тілегі». (Інкар, Бота)
Нұрсұлтан:
Отанды жас-кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім: Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында
Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті кім??
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (суреті көрсетіледі)
Мұғалім: Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Балалар:Астана
Мұғалім: Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?
Балалар: Тәуелсіз мемлекет
Мұғалім: Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?
Балалар: 1991 жылы 16 желтоқсанда
Мұғалім: Бізге тәуелсіздік оңай келді ме?
Балалар: Жоқ
Мұғалім: Тәуелсіздік құрбандары жайлы кімді білеміз?
Балалар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова
Мұғалім: Балалар, осы аға-апаларымыз туралы қандай өлеңдер білеміз?
Бота:
Тапталмасын деп қазақтың кек – ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді 16-ға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз-
Ұрандады Ләззат қыз
Дулат:
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар
Мұғалім: «Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды. Кім атап береді?
Оқушылар: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.
2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимны.
Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар балалар! Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр.
Жәнібек:
Халқымыздың анасы,
Атасы- ол, данасы.
Көз жетпеске көсілген
Қазақстан даласы.
Хор: «Атамекен»
Көрніс: Жетпіс пен жеті. (Рамазан, Асел, Дулат)
«Қамажай» биі. (Ұлниса, Бота, Інкар, Асел)
Рамазан:
Білім алып мектепте,
Талай пәнді оқимыз.
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
Асел:
Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
Қалампыр:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Ұлниса:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
– Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық.
Математика:
– Математика-ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды, есептеуді үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме?
(Санамақ айтқызу. Математикалық есептер шығарту. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін жасау.)
Әліппе:
– Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
– Сәлематсыздар ма, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілідің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Әліппе:
– Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
– Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Хор: «Әліппе»
Бота:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Шығыс биі. (Бота, Інкар, Асел, Ұлниса)
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, енді ертеңгілімізді де аяқталуға жақын.
-Сендер не үйрендіңдер?
-42 әріпті
-10-дейін санауды
-Табиғатты зерделеуді
-Үлкен- кішіні құрметтеуді
-Өлең айтып, би билеуді
– Білім биігіне шығатын
-Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеретін
-Адал
– Еңбекқор
-Парасатты
-Азамат болып өсуге
Хормен: ант етеміз.
Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беріледі.
Мұғалім: Бүгінгі мерекеге келіп, балалардың өнерін тамашалап, қолдағандарыңызға рахмет! Әліппемен қоштасуды 1 сынып оқушылары Ақмет Нұрсұлтан, Болатов Дулат, Жеңісұлы Жәнібек, Калдибаева Улниса, Мухаметжанова Асел, Сарсебаев Рамазан, Сыдыкова Қалампыр, Тайжуман Бота, Тайжуман Інкардың орындауындағы «Әрқашан күн сөнбесін!» әніменаяқтаймыз.
