Без рубрики

Ұлттық тағамдар

Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту,
салт – дәстүрді және өнерді насихаттау орталығы
Орындаған:  Әбдіғаппарова Г.У.

Тобы: Еріктілер   Деңгей: Бастауыш
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Грамматика: Септік жалғауларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Дамытушылық:
Мәтін мазмұнымен жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу және өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
2. Білімділік: Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту.
3. Тәрбиелік:. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту, дағдыландыру, машықтандыру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, мәзір, грамматикалық  кесте, конверттер, мақал – мәтелдер,

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Әнұран айту.

— Амандасу, Сәлемдесу.

— Тіл үйренушілер бір-біріне деген жылы сөздерін сіз не                                                             деген тіркесінен бастайды.

— Сіз не деген әдемісіз!

— Сіз не деген сымбаттысыз!

 

ІІ Жаңа сабақ

ТОПҚА БӨЛУ. Бір-бір конвертті алып, көрсетілген суреттер бойынша топтасыңыз. (Дәрумендер және Білгірлер тобы болып топтасады.)

 

1. Айтылым тапсырмалар.

 

1.1. Ұлттық тағамдарды атаңыздар. (Әр топ 2 минут ішінде қанша ұлттық тағам білетінін айтып өту керек.)

 

1.2. Мақал – мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты әр топ 5 минут ішінде 5-6 мақал-мәтелдер айтып өту керек.)

 

1.  Ағайын тату болса ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

 

2.  Аздың атасы бір,

Көптің батасы бір.

 

3.  Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,

Табағы жетпес.

 

4.  Ас иесімен тәтті.

 

5.  Асың болса досың көп.

 

6.  Ас барында дос жоқ,

Ат барында той жоқ.

 

7.  Су анасы – бұлақ, сөз иесі – құлақ,

Жан тәнге қонақ, іздегені тамақ.

 

8.  Асты қорлама құстырар,

Ерді қорлама састырар.

 

9.  Ас – адамның  арқауы.

 

10. Ет етке, сорпа бетке.

 

11. Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

 

12. Ас атасы – нан.

 

2. Көрініс: «Ас – адамның арқауы»

 

 3. Оқылым тапсырмалар.

 

 3.1. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

 

                                     «Ас иесімен тәтті»

Қазақ  халқында ас ішуге үлкен көңіл бөлінеді. Ас адамдарға күш-қуат, береді. «Таңғы асты тастама, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер» деген ұғым денсаулыққа байланысты айтылса керек. Қазақтың ет, сүт, тағамдарында дәрумен көп болады.

Менің анам тамақты жақсы дайындайды.Ол кісі біздің сүйікті асымызды жақсы біледі. Сондықтан болар, әр күні әртүрлі тамақ пісіреді. Біздің отбасымыз бесбармақ, тұшпара, палау және көкөніс салаттарын жақсы көреді.

Анам қонақтарға деген асты да ерекше дайындайды.Оларға ет, сүт, ұн тағамдарынан жасалған дәмді ас ұсынады. Дастарқан басында әңгіме ән айтамыз және үлкендер дастарқанға бата жасайды.

 

 

3.2. Жаңа сөздерді жеке, содан соң топпен дауыстап оқыңыздар.

 

                                    ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!

                                                                                    

Жаңа сөздер

 

       БАТА

       АС ІШУ

       КӨҢІЛ БӨЛУ

       КҮШ-ҚУАТ  ДӘРУМЕН

       ДОСЫҢМЕН БӨЛІСУ

       ДҰШПАНЫҢА БЕРУ

       СҮЙІКТІ АС

       ҰҒЫМ

 

 

 

4. Тыңдалым тапсырмалар.

 «Дәрумендер», «Білгірлер» топтарына

 

4.1. Тапсырма: Мәтін бойынша түсінгендеріңізді сурет арқылы жеткізіп көріңіздер.

5. Сергіту сәті

 «Тізбекті үзбе» полиглот ойыны.

Ойынға берілген сөздер: Ас, тамақ.

 

Үлгі:  Дәрігер – радио – орындық – құрылысшы — …

 

 

6. Жазылым тапсырмалар.

 

6.1. Топтарға тапсырма: 1-топ сөйлемді бастап, келесі топ аяқтаңыздар.

Қазақ халқында ас ішуге ………………………………………………………… .

Ас адамдарға ………………………………………………………………………….. .

«Таңғы асты тастама, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер» ……………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………….. .

Қазақтың ет, сүт, тағамдарында ………………………………………………. .

Менің анам ……………………………………………………………………………… .

Ол кісі біздің сүйікті асымызды ……………………………………………….. .

Сондықтан болар, әр күні …………………………………………………………. .

Біздің отбасымыз бесбармақ, тұшпара, палау және ……………………..

…………………………………………………………………………………………………. .

Анам қонақтарға деген асты да …………………………………………………. .

Оларға ет, сүт, ұн тағамдарынан жасалған ………………………………… .

Дастарқан басында әңгіме ән айтамыз және үлкендер ………………….

…………………………………………………………………………………………………. .

 

 

6.2. Тапсырма. Мәтіннен асты сызылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңыз.

 

 

6.3. Тапсырма. Жұмбақтың жауабын тауып, септеңіз.

 

       Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

 

 

 

 

 

6.4. Тапсырма. Қазақтың ұлттық тағамы ет асу жолын рет-ретімен жазыңыз.

1 1 Нан жазылады
  2 2 Тұздық құйылады
  3 3 Ет туралады
  4 4 Ет табаққа салынады
  5 5 Суға ет қайнатылады
  6 6 Көбігі алынады
  7 7 Нан салынады
  8 8 Ет пен нан қайнатылады
  9 9 Нан табаққа салынады
  10 10 «Бесбармақ» дайын

 

7. Ой түрткі

 Мәтіндегі үш абзац бойынша, әр топ бір — біріңізге сұрақ қойыңыздар.

 

 — Ас адамдарға не береді?

 — Түскі асты не істеу керек?

 — Кешкі асты кімге бері керек?

 — Денсаулыққа байланысты қандай ұғым айтылған?

 — Қандай тағамдарда дәрумен көп?

—   — Тамақты кім жақсы дайындайды?

 

 — Ол кісі нені жақсы біледі?

 — Біздің отбасымыз қандай тағамдарды жақсы 

    көреді?

 — Анам кімдерге асты ерекше дайындайды?

 — Қонақтарға қандай ас ұсынады?

 — Дастарқан басында не айтамыз?

 — Батаны кімдер береді?

  •  

 

8. «Сөзден – сөз туады» ойыны. (Топтар ұлттық тағамдарға байланысты бір-бір жаңылтпаш айтып, «Жаңылтпаштар» деген сөзден 5 минут ішінде көптеу сөз жазу керек.)

Мысалы: 1. Сорпа іштік,

Сорпа ыстық,

Сондықтан да қорқа іштік!

 

2. Ет жеймін,

Етті ертең жеймін,

Ерінбей ерте жеймін.

 

 

9. Көрініс:  Қымызханада.

10. ҚОРЫТЫНДЫ  СӘТ

Ән шырқайық!

Қазақы Дастарқаным

Сөзі: Ж. Боранбаевтікі

Әні: М. Ілиясовтікі

 

Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісімен,

Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін-балаң.

Ықылас, ізет еткен,

Сыйластық елін табам.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

 

11. Бағалау, бата беру, мадақтау:

Ал енді сабақ соңында бізге не жетпей тұр деп ойлайсыздар?

Бата жетпейді екен, осыған орай бүгінгі сабағымыздың қонақтарынан бата сұрап. Бүгінгі сабағымызды бекітемін.

12.Үй тапсырмасы:

  1. Сіздің сүйікті тағамыңыз.

2. Сіз бос уақытыңызда қазақтың қандай тағамдарын                                                                                                                                                           дайындағанды ұнатасыз.

3. Ұлттық тағамдарымыздың адам өміріне маңызы қандай деп

ойлайсыз?

4. Ұлттық тағам қажет деп ойлайсыз ба?

 

  Көрініс: «Ас – адамның арқауы»

 

  Оля: — Сәлеметсіз бе, менің атым – Оля. Сіздің атыңыз кім?

  Феруза: — Амансыз ба, менің атым – Феруза.

  Оля: —  «Ас – адамның арқауы» тақырыбы бойынша бірнеше  

  сұрақ қойсам бола ма?

  Феруза: — Әрине, сұраңыз.

  Оля: — Күніне неше рет тамақтанасыз?

  Феруза: — Күніне төрт-бес рет тамақтанамын.

Оля: — Өзіңізге ұнайтын тағамды ішесіз бе, әлде пайдалысын қалайсыз ба?

  Феруза: — Көбінесе пайдалы тағамды ішемін, бірақ ұнайтын

тағамды да жеуге тырысамын,

  Оля: — Қандай тағамдар ұнайды?

  Феруза: — Ет тағамдары мен көкөніс салаттары ұнайды.

  Оля: — Сусындардан не ішесіз?

  Феруза: — Табиғи шырындар мен шай ішемін. Қымызды да

алып тұрамын.

  Оля: — Тамақтану үшін өмір сүру керек пе, әлде өмір сүру үшін

тамақтану керек пе?

  Феруза: — Ас-адамның арқауы, деп бекер айтпаса керек.

Ендеше дұрыс тамақтанып, дұрыс өмір сүрейік.

  Оля: — Сұхбатыңызға рақмет! Сау болыңыз!

  Феруза: — Сізге де рақмет! Сау болыңыз!

 

Көрініс: «Қымызханада»  

 

Әкімші:  Сәлеметсіздер ме, қымызханамызға қош келіпсіздер!

Төрлетіңіздер, жайғаса беріңіздер. Қазір сіздерге

тапсырыстарыңызды қабылдайтын қызды жіберем.

Даяшы: Сәлеметсіздер ме?

Тапсырыс берушілер: Сәлеметсіз бе? Бізге  мәзірлеріңізде қандай

сусындар бар екенін айтсаңыз.

Даяшы: Бүгін ас мәзірінде: қымыз, сүт, айран, құрт, сүзбе, көже сонымен қатар бауырсақ бар.

Тапсырыс берушілер: Жақсы. Онда бізге екі кесе қымыз және бір табақ бауырсақ әкеле қойыңыз.

Даяшы: Жарайды 5-10 минут күтесіздер. Даяшы келіп әкімшіге тапсырысты береді.

Әкімші : Жақсы 5-10 минутта дайын болады. Дайын болғанда шақырады. Тапсырыстары дайын болды апара ғой.

Даяшы: Тапсырыстарын апарып беріп, астарыңыз дәмді болсын  дейді.

Тапсырыс берушілер: Рақмет! Бір-біріне бауырсақтың тәтті екенін және қымыздың керемет екенін айтып отырады. Сонымен қатар келесі жолы көже ішуге келейік деп тілдесіп отырады. Астарын ішіп болып, даяшыны  шақырып есеп сұрайды.

Даяшы: Шақырдыңыздар ма?

Тапсырыс берушілер: Бізді есептеп жіберіңізші дейді.

Даяшы: Жарайды, жақсы. Әкімшіге келіп есебін сұрап, тапсырыс берушілерге апарады.

Әкімші: Астарының есебін есептеп  500 теңге болды, деп жазып береді.

Даяшы: Мінекей сіздердің есептеріңіз.

Тапсырыс берушілер: Есептесіп болып, тұрып кетіп бара жатып, қымыздарыңыз тамаша, бауырсақтарыңыз демді екен дейді. Ал, енді сау болыңыздар!

Даяшы: Сау болыңыздар! Қымызханамызға келіп тұрыңыздар.


                    М Ә З І Р

 

 

    1. Қымыз ………………………………..  200 тг.         

    2. Сүт ……………………………………..  100 тг.

    3. Айран …………………………………  100 тг.

    4. Құрт ……………………………………  25 тг.

    5. Сүзбе ………………………………….. 100 тг.

    6. Көже …………………………………… 100 тг.

    7. Бауырсақ ……………………………. 250 тг.

                            Қызмет көрсету 10 %

 

                                  Қазақы Дастарқаным

 

Сөзі: Ж. Боранбаевтікі

Әні: М. Ілиясовтікі

 

Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісімен,

Жағалай малдас құрған.

 

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

 

Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін-балаң.

Ықылас, ізет еткен,

Сыйластық елін табам.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.


Топтың атуауы:  Нұрлы жұлдыз

Топтың ұраны:   Алтын күннен бағасыз белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!

Топтың мақсаты: Біз мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілдің өз қызметімізде дұрыс пайдаланып,  құжаттарды қазақ тілінде сауатты жаза отырып,  мемлекеттік қызметті мәртебесін биік ұстау

 

Таныстыру: «Қазақ тілі»  Мағжан Жұмабаев

 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың..

Ұраны: Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың!

 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

 

Қанеки, байқауға жиналған барша қауым!

«Нұрлы жұлдыз» тобының әсем қыздарымен  таныс болғын.

Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзден тараған,

Келіп тұр бүгінгі тамаша байқауға бес ару қыз.

 

Бірінші ару ұлы жүздің шегірінен тараған Мамадалиева Ұлжалғас,

Екіншісі  мен үшінші орта жүздің қоңырат руынан шыққан Оспанова Аңсағаным мен Суннатова Феруза.

Төртінші ару қызымыз ақсүйектен  тараған руы сұнақ Дулдулова Дилраба,

Ал, енді өзімді таныстырар болсам, кіші жүзден тараған алшын руынан Қаленова Айнұр қыздарыңыз мына мен боламын.

 

2. Скетч. «Қазақ тілі» мемлекеттік қызметтте.

Ортада хатшы қыз бен кадр бөлімінің  маманы сөйлесіп тұр.

— Туу, осы біздің бастық, қазақша түк түсінбейді.

— Иә, үнемі құжаттарды шатастырып, дұрыс айтпайды, жиналыстың  бәрін орысша жүргізеді.

Бастық хатшыны  шақырады:

— Маған  бухгалтерді  шақырыңыз.

— Есепші әлі келген жоқ.

— Неге  келмейді?

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.