Мектептен тыс үйірмелер, Педагогика

Мамандығым-мақтанышым

Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту,
салт – дәстүрді және өнерді насихаттау орталығы
Орындаған:  Әбдіғаппарова Г.У.

Тобы: бастауыш
Сабақтың тақырыбы: Мамандығым-мақтанышым
Сабақтың мақсаты:
1. Дамытушылық
. Тіл үйренушілердің ой-өрістерін кеңейтіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
2. Білімділік. Мамандыққа байланысты мәтін арқылы тіл үйренушілердің лексикалық қорын байыту.
3.Тәрбиелік. Әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, суреттер, кесте

Сабақтың барысы:

 

1 КЕЗЕҢ. БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

 

Жұмбақтарды шешіңіз.

 

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.    (Ұстаз)

 

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?   (Суретші)

 

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.  (Аспаз)

 

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (Шаштараз)

 

 

—         Сіз қандай мамандық иесісіз?

—         Мамандығыныз өзіңізге ұнайды ма?

 

 

 

Көрініс: «Үш жігіт туралы хикая» атты әңгіме бойынша жұмыс

 

 

 

2 КЕЗЕҢ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ

 

  1. Мәтінді тыңдаңыз

 

                   МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

 

 

Өмірді мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

 

 

2. Мамандық атауларына сай қызметтерін жазыңыз

 

    Үлгі:  суретші – сурет салады.

 

 

Суретші, оқытушы, аспаз, биші, шаштараз, өрт сөндіруші, әнші, тәртіп сақшысы

 

Тыңдаушылар өз тапқан мамандықтары бойынша    әңгімелейді.

 

3. Мәтінді түсініп оқыңыз.

4. Мәтіндегі асты сызылган сөздерді жаттап алыңыз

 

 

 

 

 

Жаңа сөздер

—          Ерекшелік-          Жүрегінің қалауы бойынша

—          Тікелей байланысты

—          Жауапкершілікпен атқарғанда ғана

—          Қиындығы мол қызығы мол

—          Қолымнан келген көмегімді

—          Ең  қажет

—          Мақтаныш тұтамын

 

Көрініс: Жұмысқа тұру

 

 

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

—         Қандай мамандық түрлерін білесіз?

—                                                                       

—         Дәрігер не істейді?

—         Құрылысшы не жұмыс атқарады?

—         Тігінші не істейді?

—         Мамандықты қалай таңдау керек?

—         Сіздің мамандығыңыз қандай?

—         Мамандығыңызбен мақтана аласыз ба?

 

 

 

6. Екі бағанадағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз

 

 

Жүрегінің қалауы бойынша армандадым
Жауапкершілікпен ән айтады
Мен бала күнімнен бала оқытады
Дәрігер үй салады
Оқытушы адам емдейді
Құрылысшы атқарады
Әнші таңдайды 

 

 

 

 7. Сергіту  сәті

 

«Тізбекті  үзбе» полиглот ойыны

 

Үлгі:  Дәрігер радио орындыққұрылысшы — …

 

 

 

 

 

 

 

                 НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ!

 

 

Тәуелдік жалғауы (жекеше түрі)


  

       мамандығым                             мамандығың

 

-ым       менің       -ім                -ың        сенің       -ің

                                        

                -м                                                  -ң

 

 

 

 

мамандығыңыз                              маманды

 

— ыңыз      сіздің       — іңіз                — сы     оның     — сі

 

             — ңыз, — ңіз                                      — ы, — і

                            

 

 

Мәтіннен тәуелдік формада тұрған сөздерді теріп жазыңыз

 

  Үлгі: мақтанышым …….

 

 

 

3 КЕЗЕҢ. РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ.

 

  1. 1.     Мамандық атауларына байланысты бүгін үйренген сөздерді

жазыңыз.

 

Жауапкершілікпен,  ……

 

 

   2. Көршіңізбен сұхбаттасыңыз

 

  Үлгі:

 

—         Бүгінгі сабақта не үйрендіңіз?

—         Мамандықтың қандай түрлері бар екен?

 

  1. 2.     Сұрақтарға жауап беріңіз

 

—         Бүгін не туралы айтылды?

—         Мамандықтың түрлері атаңыз.

—         Сіздің мамандығыңыз қандай?

—         Ол өзіңізге ұнайды ма?

 

 

  БІЛІМДІ  ТЕКСЕРУ

     5 сұрақтан тұратын блиц – тест әзірлеңіз

Үлгі:

  1. Дәрігер  …

А.  Оқытады

В.  Емдейді

С.  Үй салады

Д.  Киім тігеді              

 

 

  1. 2.     Оқытушы

А) емдейді

ә) үй салады

б) киім тігеді

в) оқытады

3. Құрылысшы

А) үй салады

ә) оқытады

б) тігеді

в) тоқиды

4. Тігінші

А) оқытады

Ә) тігеді

Б) тоқиды

5. Ұшқыш

А) ұшады

ә) тігеді

б) салады

6. Сақшы

А) ұшады

Ә) бағады

Б) салады

Д) қорғайды

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ  СӘТ

 

                                     Ән айтайық

 

                              «ҰСТАЗЫМ»

 

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Қолыма алғаш қалам ұстатқаның.

 

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазы.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым!

 

 

 

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

 

Қайырмасы:

 

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

Үй тапсырмасы:

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
  2. Мәтін мазмұны бойынша өз мамандығыңыз жайында айтыңыз.
  3. «Білімді маман – бүгінгі күн талабы» шағын әңгіме жазу.

                                    

Ақылыңа сөзің сай,

(Абай тілі сөздігі, 514 – 6)

Бір мамандықты таңдап алыңыз.

а) Сол мамандық туралы жазыңыз, бірақ қай мамандық екенін айтпаңыз.

ә) Өз мамандығыңыз туралы айтыңыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.