Бір өлшемді жиымдарға есептер шығару
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші орта мектебі
Еңбекші орта мектебінің информатика пән мұғалімі
Қаусова Фариза Қуандыққызы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
2.Тақырып бойынша білімдерін дамыту, операторлар қызметін ажырата білуді, оқушылардың ақпараттық мәдинетін арттыру, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды жүйелілікке, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Ізденіс, проблемалық, зерттеушілік
Көрнекiлiк: таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар, дербес компьютер, бағалау картасы.
Сабақтың ақпараттық картасы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Ой шақыру-фронтальді тренинг
ІІІ. Сабақтың дайындық кезеңі-сиқырлы сандар
IV.Сабақтың негізгі кезеңі
V. Рефлексивтік кезең
VI. Білімді есепке алу блогы
VII.Оқушы шығармашылығы
VIIІ. Ақпараттық кезең
ІХ. Тарих дөңгелегін айналдырсақ…
Х. Қорытынды Оқушыны бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Ой шақыру-фронтальді тренинг
I деңгей
1. Массивтер деп нені айтамыз,қандай түрлері бар?
2. Паскаль тілінде массивтер қалай сипатталады, олардың құрамы қандай?
3. Массивтердің элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
II деңгей
Семантикалық картаны толтырыңыз:
1. Кесте сызықты деп аталады, егер_____ _____ ______ ____
2. _____ , _____, ______ күрделі типтер болады.
3. 5 элементтен тұратын А массивін сипатта:____ ____ ____ ____ _____
ІІІ. Сабақтың дайындық кезеңі-сиқырлы сандар
(ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
1 – санына: а1:=‘мектеп’ дегендегі а1 шамасының типі қандай?
2 санына: for k=1 to 4 do y:=sqr(k); циклінің мәні?
3 санына: x=9; if x>2 then z:=x else x:=sqrt(x) есепте.
IV.Сабақтың негізгі кезеңі-практикалық жұмыс
Оқушылар өз топтарына берілген есептерді Паскаль тілінде программа құрып, оны Турбо Паскаль ортасына нәтижесін алу қажет.
І топ
№1. Нақты сандардан тұратын бірөлшемді аі жиымы берілген.Жиым элементтерін кері орналастыр. (i=1,2…5)
№2. Сызықты Х массиві берілген. Х-тің элементтерінің оң және теріс мәндерін жеке екі массив құру
ІІ топ
№1 . а1, а2, а3 … а n массив эементтерін өсу реті бойынша реттеп жаз.
№2. 100 элементтен тұратын А массивінің элементтерін кему реті бойынша
орналастыратын бағдарлама құру
V. Рефлексивтік кезең
Оқушылардың тапсырманы сапасы мен деңгейін талдау кезеңі. Қатемен жұмыс.
VI. Білімді есепке алу блогы
Бұл кезеңде «KZINFORM» электронды оқулығынан өтілген тақырыпқа сай, тест жұмысын орындайды.
VII.Оқушы шығармашылығы
Қызықты информатика әлемінде блиц-сұрақтар беру.
(Дайындаған 9 сынып оқушысы Орахов Н )
ü Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған құрылғы.
ü Программалау тілінің авторы?
ü Жиымдардың типін программада сипаттау операторы?
ü Шектеулі ти дегеніміз не?
ü Тұрақты және айнымалы шамалардыңайырмашылығы неде?
Қанша тілді білесің?
(Дайындаған 9 сынып оқушысы МухлисоваД )
1. Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
2. Сурет салу құралы
Қатеңді түзетіп тұрады
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
(курсор)
4. Төртбұрышты әйнек,
Толып тұрған әлек. (монитор)
5. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер. (бит)
VIIІ. Ақпараттық кезең
Үй тапсырмасын беру.
ü 5.4 тақырып. 4 есеп (стандартты тапсырма)
ü Жеке оқушыларға өтілген тақырып бойынша бейнесөз құрап келу ұсынылды. (стандартты емес тапсырма)
ІХ. Ой түйіндеу. Қорытындылау
Екі жақты бақылау күнделігі
|
Тақырыптың маған әсер еткен жері |
Несімен әсер етті? |
|
|
|
Х. Тарих дөңгелегін айналдырсақ…
«Адамның даңқы-оның ойлау қабілетінде» деген ұлы физик, бүгінгі программалау тілі, «арифметика королі» Блез Паскаль (1623-1662) туралы айтып өту.
Басқа есептеу машиналарына қарағанда, арифметикалық машина бұрыштап орналасқан ось бойынша есептелетіндігімен ерекшеленеді.
Бұл машинаны 1642 жылы атақты француз ғалымы, математигі, физигі, философы Блез Паскаль жасады
ХІ. Оқушыны бағалау.
Интерактивті тақта арқылы бағалау парақшасы толтырып, сыныптағы оқушылар түгелге жуық бағаланады.
|
№ |
Оқушының аты – жөні |
|
Тапсырмалар |
Қорытынды баға |
|||||
|
Тре нинг |
№ 1 |
№ 2 |
№ 3 |
№ 4 |
№ 5 |
№ 6 |
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
