Диаграммаларды құру, редакциялау

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші орта мектебі
Еңбекші орта мектебінің информатика пән мұғалімі
Қаусова Фариза Қуандыққызы

Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру, редакциялау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 
EXCEL-дің ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық объектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік:
 
Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық
:
  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:
Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, Баяндау арқылы түсіндіру. «Оқыта үйрену» әдісі

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Ой қозғау.  «Кім жүйрік, кім білімпаз?»

3.  Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды уйрету

4.  Жаңа білімді қолдану. Практикалық тапсырмаларды орындау

5. “Ізденген жетер мұратқа…” Тест жұмысы

6.  Сабақты бекіту – ой түйіндеу. «65 жыл» мәтіні

7. Қорытындылау. Бағалау

8. Үйге тапсырма беру

9. Рефлексия  Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру:

  1. Ең қиыны не болды?
  2. Барлығынан не оңайға түсті?

3.  Жұмысты не жақсартар еді?

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

ü  Оқушылармен амандасу

ü  Танысу

ü  Назарларын сабаққа аудару

 

2. “Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап”.

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

І. Excel– процессорының терезе элементтерін жазыңыз

 

 

 

Кестелік меңзер

Формула қатары

 

Қалып-күй жолы

Бет таңбасы

 

 

 

ІІ. Сәйкестендіру кестесін орындау

 

 

Формула қандай символмен басталады   Автоформат
Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау командасы   Жалпы қосындыны анықтау
Ұяшықтар деп ….   =, + белгілерінен кейін
Автомсумма деген не?   Қою –
Функцияларды енгізу жолы   Кестенің ең аз құраушысы

 

3. “Білгенге маржан….”

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба, әрине, көрсете аламыз. Ол үшін EXCEL программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма – деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады. Диаграмма құру үшін кестедегі мәлеметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.

Диаграмма тұрғызудың:

1-ші қадамы – диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.

2-ші қадамы – диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу

3-ші қадамы – диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу

4-ші қадамы – диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз

 

 

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осі
  • вертикаль немесе мәндер осі

 

Диаграмма мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.

 

 

 Диаграммалардың көптеген түрлері бар, соның кейбірі:

4. “Талпынған бала талапты құстай…”

Жаңа білімді қолдану – жаңа сабаққа практикалық жұмыстар.

 

1-міндетті денгей Төмендегі y=x 2  функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х

у

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144

14

196

 

2- лайықты деңгей Төмендегі ақпаратқа  гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)

  1926 1939 1959 1970 1979 1989 1999

2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7

 

23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1

 

 

3. Жоғары деңгей

Төмендегі кестеге

1. Дөңгелек диаграмма құрыңыз

2. Құрылған диаграмманың типін сақиналық  типке ауыстырыңыз.

3. Енгізілген диаграмманы қалауыңызша форматтаңыз.

4. Жасалынған жұмысты «Ақпарат» деген атпен сақта

 

Сенің жанұяң үшін қандай ақпарат көздері маңызды екенін анықта.

Нәтижені достарыңмен салыстыр

Күнделікті уақыт кететін ақпарат көздері:

 

Кітап оқу

 

Газет-журналдар оқу

Телевизор көру

Интернеттен ақпарат іздеу

Жанұя мүшелерімен қарым-қатынас

Басқа жолдармен ақпарат алмасу

 

 

 

 

 

 

 

 

5. “Ізденген жетер мұратқа…”

Тест жұмысы

1. Місrosoft Excel  программасы бұл – …

а) Windows-тың текстік құжаттарды құратын және модификациялайтын баспаға беретін  қосымшасы.

в) Windows операциялық жүйесі бақылау жасайтын ақпаратты басқаратын жүйе.

с) Windows  операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін берілген арнайы бағдарлама.

2. Місrosoft Excel – құжаты болып табылады.

А) аты mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл

в) аты dос түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.

С). аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.

3. Диаграмма – бұл …
а. кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсыну;
в. . ақпараттық технологияларда пайдаланылатын график;
с. әдемі өңделшен кесте;
4. Кестедегі  Іргелес ұяшықтардың горизонталь бірлесуі?

а) жол;

б) баған;

с) сызықтық кесте;

д) тіктөртбұрышты кесте;

5. Іргелес ұяшықтардың вертикаль бірлесуі?

а) жол;

б) баған;

с) сызықтық кесте;

д) тіктөртбұрышты кесте;

6. Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді?

а) ұяшықты;

б) сызықтық кестені;

с) тіктөртбұрышты кесте;

7. Диаграмма шебері жұмысын бастау үшін қай команданы орындайды?
а.  [Файл ]®[Диаграмма]
б.  [Қою ]®[Диаграмма]
с. [Түзету ]®[Диаграмма]
8. Электрондық кестедегі +100 мәні деректердің қандай типіне жатады?

а) мәтіндік жазбалар;           б) сандық деректер;      с) күндер;

9 Электрондық кестедегі 13/11/04 15:23 мәні деректердің қандай типіне жатады?

а) формулалық деректер;                б) сандық деректер;             с) күндер;

10. Ешқандай жағдайда өзгермейтін ұяшықтың адресі қалай аталады?
а) Дұрыс жауабы жоқ          б) салыстырмалы.  с). абсолюттік.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

«Санаға сапар» – ой түйіндеу. «65 жыл»

Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мрекесін сұрақтарға жауап бере отырып, шығару және оқушыларға эссе жазуға тапсырма беру

  1. Диаграмма деген не?
  2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  3. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
  4. Аңыз деген не?
  5. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады?

 

Үйге тапсырма беру. Практикум: 8.5

Оқулық: 8,5-тақырып.

 

Оқушыларды бағалау

 

Интерактивті тақта арқылы бағалау парақшасы толтырып, сыныптағы оқушылар түгелге жуық бағаланады.

 

 

Оқушының

аты – жөні

Тапсырмалар

Қорытынды  баға

Тре

нинг

№  1

№  2

№  3

№  4

№  5

№  6

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше