Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
«№34 жалпы білім беретін орта мектебінің,
жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
Масақбаева Сайра Сабырханқызы
Құрметті әріптестер
сайт арқылы сіздердің жұмыстарыңызды оқып, танысқаннан кейін, сіздермен өз тәжірибемді бөлісуді жөн көрдім.
8 «Г» сыныбымен, алгебра пәнінен өткізген сабағына
өзіндік талдауы
Сабақтың өткізілу мерзімі: 25.11.2010 жыл
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары
Бұл сыныпта жұмысты бастағаныма үш ай болды. Сыныптың білім деңгейі орташа. Сондықтан тек қана стандартты оқу құралын (Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық / А.Әбілқасымова, И.Бекбоев,
А. Абдиев, З. Жұмағұлова. – Алматы: «Мектеп» баспасы.- 2008.) пайдаландым.
Сабақ мазмұнының, бағдарламаға, алдыма қойған мақсат міндеттеріме сәйкес болуын қамтамасыз еттім. Сабақтың мақсаты мен міндетіне сәйкес бар материалдарды жүйеледім. Ақпаратты коммуникативтік оқыту технологиясын қолдандым. Ұжымдық оқыту техналогиясының қағидаларын ұстандым. Әр сабақ кезеңіне қойылған мақсатым жүзеге асты.
Әрбір кезеңді қорытындылап отырдым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде, сабақтың заңын жариялап, бағалау критерилерін беру арқылы, пәнге деген құлшыныстарын арттыруға тырыстым. Жұмылдыру сәтінде тарих, орыс тілі пәндерімен байланыс бой көрсетті. Қоғамдағы болып жатқан саяси өзгерістерге тоқталдым. Үй тапсырмасына келгенде, оқушының өз бетімен ізденіп, сараптауына мүмкіндік тудырдым. Жаппай білім тексеру сәтінде, оқушылар «Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары» тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылады және жүйеледі. «Таңғажайып алаң» ойыны, тестік тапсырманы орындау кезінде квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдылары мен қоса ақпараттық құрылғыларды қолдану дағдыларын да жетілдіре түсті.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында, оқушы өз мүмкіндігінің деңгейінде шешім қабылдауға үйренді. Деңгейлік саралап оқыту жүзеге асты.
Үй тапсырмасын бергенде, оқушылардың деңгейлік айырмашылықтарын ескере отырып таңдау мүмкіндігін бердім.
Оқушылар өз кезегінде оқу міндеттерін шешуде белсенділік танытты, сабақта салғырттық танытқан оқушы болған жоқ.
Бағалау оқушылар күшімен жүзеге асты және өте әділетті болды.
Әр оқушы еркімен өткен сабақтағы негізгі мәселе, сәтсіздіктер мен қиындықтар жөнінде ой бөлісті. Сабақтағы алға қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Сабақтың тақырыбы:
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары
Сабақтың мақсаты:
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылайды және жүйелейді.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу;
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру;
Дамытушылық:
Оқушының ақыл ойын ,
Ұжымдық ой еңбегі мәдениетін,
Танымдық және шығармашылық белсенділігін,
Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке, өзара көмекке үйрету;
Рухани қолдау, математикалық мәдениетке үйрету;
Отанын сүюге баулу,патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың құрылымы:
I.Ұйымдастыру
1. Сабақтың тақырыбын беру, мақсатын анықтау.
2. Жұмылдыру сәті.
Мақсаты:
Оқушылардың жағымды көңіл – күйлерін туғызу, ынталандыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тарихи мезет. Оқушы хабарламасы.
2.Қатесін тап.
Мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Қатені тауып, түзетуге үйрету.
III.Жаппай білім тексеру сәті:
1. Пысықтау сұрақтары.
2.Тестік тапсырма.
3. Топпен жұмыс.
4. Деңгейлік тапсырмалар.
Мақсаты:
Оқушы білімін тексеру.
IV. Үйге тапсырма беру.
V.Қорытынды:
1.Рефлекция.
2. Бағалау.
Мақсаты:
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
1. Сәлеметсіңдерме балалар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары.(Слайд1)
Мақсатымыз: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбы бойынша алған білімді жалпылау және жүйелеу;
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру.
«Маған уақытымды саясатпен теңдеуге бөлуге тура келеді. Алайда менімше теңдеу саясаттан анағұрлым маңызды. Себебі саясат осы уақыттық қана, ал теңдеу мәңгілік.» (Слайд2) деген, ғұлама — Альберт Эйнштейнмен келіспеуге болмас, дегенмен мен елімде болып жатқан саяси оқиғаларға бейжай қарай алмаймын, ал сендерше кеше ғана Астанада қандай жиын өтті.
(Оқушы пікірі)
Жарайды, енді саясатты қоя тұрып, сабағымызға келсек, бүгінгі сабақтың заңы бойынша, баға алмаған оқушы болмау керек. Білімдерің өздеріңе таныс әдіс бойынша бағаланады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 – ұпай. Ал, ендеше іске сәт!
2. Жұмылдыру сәті: (Слайд3)
1.Екінші дәрежелі теңдеу қалай аталады?
2.XXI – ғасыр қашан басталды?
3.Квадрат теңдеудің түбірі неге тәуелді?
4.Егер, «Д» 0- ден үлкен болса теңдеудің неше түбірі болады?
5. САМИТ қашан басталды?
6.Бірінші коэффициенті 1-ге тең теңдеу қалай аталады?
7.Дискриминанты 0-ден кіші теңдеудің неше түбірі болады?
8.Күн күніне неше рет шығады?
9.Бос мүше 0-ге тең болса теңдеу қалай аталады?
10.Әрбір сөзде, көптеген теңдеуде бар, ол не ?
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тарихи мезет. Оқушы хабарламасы.
Оқу екпіндісі Бақанов Алмас:
Квадрат теңдеу тарихы
Теңдеулер мәселесі ерте заманнанақ адамзатты толғандырған.Тіпті ағылшын ақыны Чосера теңдеуге мынадай өлең жолдарын арнапты:
Посредством уравнений, теорем
Я уйму всяких разрешил проблем.
Квадрат теңдеудің де математика және басқа ғылымдар үшін де маңызы зор.
Алғашқы квадрат теңдеулер өте ерте заманда пайда болыпты. Оны Вавилионда біздің эрамызға дейін 2000 жыл бұрын шығарған деседі. Ал эвропада сегіз жыл бұрын квадрат теңдеулердің 800 жылдығы тойланды, себебі 1202 жылы Италян ғалымы Леонард Фибоначчи Квадрат теңдеудің формуласын берді. Алайда Ньютон мен Декарттың арқасында 17- ғасырда ғана бұл формулалар заманауи түрге енді. Квадрат теңдеудің дискриминанты ұғымын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Сильвестр, ол көптеген терминдердің авторы.
Ал достар бүгінгі сендердің істеріңе, сәттілік тілеймін!
2. Қатесін тап. (Слайд 4)
III.Жалпылау тапсырмалары:
1. Пысықтау сұрақтары. (Слайд 5)
1) Квадрат теңдеудің анықтамасы қалай айтылады?
2) Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3) Квадрат теңдеуді шешкенде,тағы қандай ұғыммен кездесеміз?
2.Тестік тапсырма: (Слайд 6)
3.Топпен жұмыс.
«Таңғажайып алаң» ойыны:
b – ның қандай мәнінде теңдеудің бір түбірі болады?
4.Деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей (А):
№1
Ах2+вх+с=0 түріндегі әрбір теңдеу үшін а, в,с- ны анықта.
1) 3х2+6х-6=0, 2) х2-4х+4=0.
№2
Ах2+вх+с=0 түріндегі әрбір теңдеу үшін Д = в2-4ас.
5х2-7х+2 = 0, Д= в2-4ас = (-7)2-4*5*2 =
№3
Теңдеуді шешуді аяқта:
3х2-5х-2=0
Д=(-5)2+4*3*2=49
Х1=
Х2=
Екінші деңгей (В):
1)6х2-4х+32=0.
2)х2+5х-6=0.
Үшінші деңгей (С):
Теңдеуді шеш:
1)-5х2+4х+28=0.
2)2х2-8х-2=0.
Х1= 2-√5,
Х2= 2+√5.
IV. Үйге тапсырма беру:
Бірінші деңгей: №133 (2,4)
Екінші деңгей: №139 (2,4,6)
Үшінші деңгей: №146 (2)
Ерікті тапсырма: Осы тақырыпқа шығармашылық жұмыс.
V.Қорытынды.
Тақырыпты толығымен жүйелеп, жалпылайды
Кесте толтырады.
Оқушылар сабақты қортындылап, өз білімдерін бағалайды.
Квадрат тендеудің түрлері |
Дискриминанттың мәні |
Квадрат тендеудің тубірлері |
|
Толымсызквадрат теңдеулер |
|
— |
|
— |
|||
— |
болғанда, |
||
|
|||
Толымды квадрат теңдеулер |
Жалпы түрі:
|
D > 0 |
|
|
|||
|
Тендеудің шешімі жоқ |
||
b=2n;
|
|
||
D=0 |
|
||
D<0 |
Тендеудің шешімі жоқ |
||
Келтірілген квадрат тендеу:
|
|
||
D=0 |
|
||
D<0 |
|