Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Тіс саулығы

Мақсаты: тіс гигиенасын дұрыс қалыптастыру және тіс ауруларының алдын алу.

Жұмыстың міндеттері:

  • тіс гигиенасын сақтау;
  • аурулардын алдын алу;

  • тағамдардың тіске зияндылығын анықтау;

  • тісімізді сақтауда қолданылатын іс-шаралар;

Жұмыстың өзектілігі:  Әрбір адам өзінің денсаулығын күтіу керек! Тіс -адам денсаулығының басты тірегі деп айтуға болады. Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің және мәртебеліліктің көрінісі!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

І. Кіріспе

Тістің экологиялық сипаттамасы

ІІ. Негізгі бөлім

Тіс гигиенасы

ІІІ. Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңдағы экология мәселесі әлемдегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Экологияның ластануы адамның денсаулығына, соның ішінде тістеріне де зиянды әсерін тигізеді. Бүгін мен тіс мәселесін қозғағым келіп отыр. Тіс – бұл негізгі шайнау аппараты және оның қызметінің бұзылуы ішек-қарын жолдарының ауруларына, мәселен гастрит, асқазанға жара шығу және басқа да ауруларға әкеледі.

Гипотеза: егер біз тіс пен ауыз қуысының ауруына әсерін тигізетін факторларды оқып, зерттесек, онда халық арасындағы аурулардың санын төмендетуге әкелетін ағартушылық жұмысты жүргізе аламыз.

Денсаулықты жақсарту мақсатында жыл сайын №644 бұйрық бойынша 18 жасқа дейінгі балалар профилактикалық медициналық байқаудан және 3,5,8-ші сыныптар терең медициналық байқаудан өткізіледі. Медициналық байқаудан өту кезінде балалар сонымен қатар тіс дәрігерінің кабинетінде де тексеріледі.

Мемлекет те стоматология облысына көмек көрсетіп отырады. Тіс дәрігерінің медициналық тексерісінен өту кезінде 18 жасқа дейінгі оқушыда тісжегі (кариес) анықталса оны тегін емдейді, өйткені мемлекет тісжегісі бар балалардың тегін емделуі үшін жыл сайын ақша қаражатын бөліп отырады.

Адам тұщы суды пайдалана отырып тісі мен қызыл иегіне зиян келтіреді, ал бұл келешекте гингивит пен тісжегіне әкеледі. Сонда тұщы судың қандай зияны бар? Бұл судың құрамында тістерде тұнып қалатын және тіс тастарын құрайтын химиялық элементтер бар. Бірақ біз тек суды пайдаланып қана қоймай, құрамында өндірушілер өз өнімдеріне қосатын, көп зиянды химиялық элементтерден тұратын күнделікті тамақ өнімдерін қолдана отырып зиян келтіреміз.

Мен өз мектебімнің бастауыш сыныптар арасында  2008 жылдан 2010 жылға дейінгі тексеріс кезінде тісжиегі анықталған оқушылардын пайыз санын салыстырдым. Нәтижесі мынадай болды: жылдан жылға тісжиегімен ауыратын балалар саны артып отырған. Оның себебі гигиенаны сақтамау, дұрыс тамақтанбау.

 

Тісжегі ауруының себептері дұрыс тамақтанбау болып табылады: қантты көп мөлшерде қолдану, ұннан жасалған тәтті тағамдарды көп пайдалану, тағамдарда кальций мен фосфордың жетіспеуі, тамақ рационында шикі жемістер мен көкөністердің болмауы (оларды шайнау кезінде тістердің өзіндік тазалануы жүреді).

Құрамында фтор жеткіліксіз болатын ауыз суды пайдалану аурулардың пайда болуына әсер ететін екінші фактор болып табылады. Сондықтан құрамында фтор болатын таблеткаларды пайдалану, сонымен қатар суды фторлау үшін сумен жабдықтау жүйесінде арнайы құрылғыларды орнату қажет.

Тіс пен ауыз қуысын күту гигиенасын білмеу және оны сақтамау тісжегінің дамуының келесі себебі болып табылады. Ауыз қуысының жеке гигиенасы – адамның жалпы гигиенасының ажырамас бөлігі. Адамның ауыз қуысының гигиенасы ережелерін қаншалықты дұрыс орындағанынан оның тек сыртқы келбеті ғана емес (әдемі тістер мен қызыл иектер), ауыздан жағымсыз иістің шықпауы, ауызда балғындықты сезіну, ең бастысы – оның тістерінің, қызыл иектерінің, ауыз қуысының шырышты қабығының саулығы да тәуелді болады. Ауыз қуысының жеке гигиенасының негізі – тістерді дұрыс және үнемі тазалап отыру.

Адамның ауыз қуысында үнемі бактериялар жүреді. Оңай ферменттелетін көмірсулардан – қант пен кулинарлық өңдеуден өткен крахмалдардан тұратын барлық өнімдер мен сусындардың көбісі бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді. Бактериялардың мекені мен олардан бөлінетін жабысқақ заттар тіс қағын құрайды.

Алғаш рет бактерияларды дәл сол тіс қағында голланд ғалымы А.Левенгук (1683 жылы) анықтады. Бактериялардың тіршілік әрекетінің өнімі қышқылдар болып табылады, олардың бөлінуі тістің бұзылу процесінің басталуына жәрдемдесуі мүмкін.

Тәтті азық-түліктердің молшылығы, жаман әдеттер, тістер мен қызыл иекті гигиеналық күтудің сапалы болмауы, аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезінде тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдыру, профилактикалық байқаудан өту үшін жарты жылда бір рет дәрігерге көріну әдетінің жоқтығы – тістеріңізді жоғалтып алуда тәуекел етуіңіздің кейбір себептері ғана.

Бүгінгі таңда өкінішке орай, тістері сау адамды анда-санда кездестіруге болады. Барлық тістерінің күшті күйде болған жағдайдың өзінде көбінесе өз тістері емес, қымбат ақша тұратын жасанды ипмлатанттар болуы мүмкін.

Тіпті болмағанда ауыз қуысын дұрыс күту қажет:

  • Тісті күніне екі рет – таңертең және ұйықтар алдында ысып, тазалау қажет;
  • Тісті дұрыс тазалау техникасын сақтау қажет;
  • Күніне жоқ дегенде бір рет тістің арасын тіске арналған жіппен тазалап отыру қажет;
  • Ауыз қуысын шаятын арнайы сұйықтықтарды пайдалану қажет;
  • Тіс тазалағыштарын пайдалану қажет;
  • Дұрыс тамақтану керек;
  • Суды фильтрден өткізетін құрылғыларды пайдалану, ал жоқ жағдайда қайнатылған суды пайдалану қажет;
  • Тіс щеткасын әр 3 ай сайын ауыстырып отыру қажет.

Егер адам осы қарапайым ережелерді сақтап отырмаса, онда тісжегі пайда болуы мүмкін.

Тісжегі тістің ең көп таралған, оның қатты және жұмсақ ткандерін зақымдайтын аурулардың бірі болып табылады. Тісжегі терминін дәл аударғанда «шіруді», яғни тістің эмалі мен дентинінің бұзылуын білдіреді. Ол ауыз қуысының гигиенасын сақтамаудан туындайды. Тіс эмалінде шайнау кезінде алынбайтын жерлерде (тістің бүйір жақтары, шайнау жақтарының терең жерлері)  жұмсақ тіс қағы пайда болады. Бұл тіс қағы тістің бетімен берік түрде байланысады да, әртүрлі бактериялар мен таздардың (грибоктардың) шоғырлану жері болып келеді. Тіс қағының құрамына кіретін бактериялардың жартысын стрептококктар құрайды. Тіс қағының құрамына минералды тұздардың қосылуы оның нығыздалуына жәрдемдеседі. Мұндай пайда болулар тіс қағы (зубная бляшка)деп аталады.

Тісжегіні өз бетімен кетіруге болмайды, міндетті түрде тіс дәрігеріне көріну қажет. Ол осы тістерді емдейді және орын алған шұңқырдың орнына пломба қойып немесе осы тісті жұлып алады және коронка деп аталатын қазіргі заманғы тісті қояды.

Коронка – зақымдалған тістің пішінін, қызметін және сыртқы түрін толық қалпына келтіретін протез. Коронка зақымдалған тісті қалпына келтіруге; пломбалаудың көмегімен қол жеткізуге болмайтын жағдайда әлсізденген немесе сынған тісті одан әрі бұзылудан қорғауға, тістің дұрыс емес пішінін және бұзылған түсін түзетуге мүмкіндік береді. Осы барлық қызметтерді коронка қаншалықты қажет ұзақ уақыт бойы орындай алады. Бірақ оларға да шын тістерге сияқты ерекше күтім қажет.

Қорытынды

Тісіміздің саулығын қалай сақтауымыз қажет? Ол үшін тісімізді әр тамақтан кейін ысуымыз қажет, бактерияға қарсы қорғанысты ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін фтордан тұратын тіс пастасын пайдаланып, тіске арналған жіптерді, тісті шаятын арнайы сұйықтықтарды қолдануымыз қажет, және ең бастысы жылына екі реттен кем емес тіс дәрігеріне көрініп тұруымыз қажет.

Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің және мәртебеліліктің көрінісі!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Балдырған журналы. №2, 2010 ж.

  2. Ғаламтор желісі.

  3. Валеология оқулығы. 1 сынып.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше