Без рубрики

Visual Basic –те басқару элементтерімен практикалық жұмыс

 Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№15 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Ахметова Меруерт Серікжанқызы

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға визуальды бағдарламалау жүйесімен, басқару элементтерімен жұмыс істеуді меңгерту. Міндеттері:
Білімділік:
  Визуальды бағдарламалау жүйесіндегі басқару элементтерін меңгеруде білімдерін жетілдіреді және пәнге қызығушылығын арттырады.
Дамытушылық:
Оқушының логикалық ойлауы дамып, ой-өрісі шындалады, өмірге көзқарасы қалыптасады.
Тәрбиелік:
  Оқушының білімі мен ақпарат алуда біліктілігі қалыптасып, шеберлікке,еңбекке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі:
практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта,  ActivStudio Professional Edition v3, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Microsoft Visual Basic 6.0,  карточкалар, тапсырмалар жазылған таратпа материалдар.

Сабақтың жоспары.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

ІІІ. Қайталау тапсырмалары.

ІV.  Практикалық жұмыстар орындау.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

VII. Бағалау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

ІІІ. Қайталау тапсырмалары.  (интерактивті тақтада тапсырмалар)

 

ІV.  Практикалық жұмыс. Графикалық файлдарды қарап шығу.

Бірнеше басқару элементтерін  қолдана отырып жоба құру керек.

Жұмысты орындау реті:

І деңгей.

1.     Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.

2.     Пішінге Drive1, Dir1, File1 және Image1 басқару элементтерін орналастырыңдар.

3.     Пішіннен File1 объектісін белгілеп, оның Pattern қасиетіне *.jpeg мәнін меншіктеңдер.

4.     Пішіннен Image1 объектісін белгілеп, оның Stretch қасиетіне True мәнін меншіктеңдер.

 

5.  Dir1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедура-ны жазыңдар:

Private Sub Dir1_Change()

File1.Path = Dir1.Path

End Sub

6.     Drive1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедураны жазыңдар:

Private Sub Drive1_Change()

Dir1.Path = Drive1.Drive

End Sub

7.      File1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедураны жазыңдар:

Private Sub File1_Click()

f=File1.Path &»»&File1.filename

Picture1.Picture=LoadPicture(f)

End Sub

8.     Қосымшаны іске қосып, Image1 объектісіне С:  дискісінен jpq типті «Қыс» тақырыбындағы суреттерді шығарып көріңдер. Дискілер мен бумаларды Windows –тың Сілтеуіш (Проводник) программасымен қалай ашсақ дәл солай ашамыз.

ІІ деңгей.

Жобаға Command 1 басқару элементін (шығу) орналастыр, оған жобаны аяқтайтын  процедураны жаз және жобаның түсін, шрифтерін өзгерт.

ІІІ деңгей.

Жобаға Command 2 , Command 3 басқару элементін орналастыр (суретті үлкейту және кішірейту)  және үлкейтіп, кішірейтетін  процедураны жаз.

Private Sub Command2_Click()

Image1.Width = Image1.Width + 100

Image1.Height = Image1.Height + 100

End Sub

Private Sub Command3_Click()

Image1.Width = Image1.Width — 100

Image1.Height = Image1.Height — 100

End Sub

 V. Сабақты қорытындылау.

Интерактивті тақтаны, тест құрылғыларын пайдаланып тест тапсыру. Нәтижесі экранда көрсетіледі.

Басқару элементтері бойынша қорытынды тест жұмысы.

  1. Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?

А) edit                        Б) file                         В) view

  1. Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір

А) edit                        Б) format                   В) project

  1. Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір

А) run                        Б) file                         В) tools

  1. Мәтіндік,  сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент

А) pointer                  Б) frame                    В) label

  1. Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент

А) pointer                  Б) check box           В) combo box

  1. Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент

А) picture box          Б) shape                   В) image

  1. Формаға графиктік өріс шығаратын компонент

А) picture box         Б) shape                   В) image

  1. Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент

А)timer                      Б) OLE                      В) shape

  1. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

А) line                       Б) data                       В) shape

  1. 10.  Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент

А) data                      Б) timer                     В) OLE

  1. 11.  Қосымша жүктелгенде пайда болатын оқиға

А)dbl click                 Б) load                      В) click

  1. 12.  Объект фокусқа кіргенде пайда болатын оқиға

А)lost focus              Б) got focus            В) click

13. Қасиеттер терезесін шығаруға арналған перне

А)F3                          Б) F4                          В) F5

  1. 14.  Форма тақырыбын жазу

А) font                       Б) name                    В) caption

  1. 15.  Формаға белгіше таңдау

А) icon                      Б) fore color  В)  back color

  1. 16.  Форма ұзындығын орнату

А) height                   Б) left                         В) width

  1. 17.  Форманы жасыру немесе көрінетін ету

А)visible                   Б) window state       В) state up position

  1. 18.  Код терезесін ашуға арналған перне

А)F5                          Б) F6                          В) F7

  1. 19.  Код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін көрсетуге арналған  функция

А)auto quick info               Б)auto list members           В) tools-option

  1. 20.  Экранға форманы шығару үшін қолданылатын пернелер комбинациясы

А)shift+F5                Б) shift+F6                В) shift+F7

VI. Үй тапсырмасы.

Оқулықтан 102-110 беттер оқу.

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

VII. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.