Мектептен тыс үйірмелер

Жол қозғалысы белгілері және қолдану

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Білім басқармасы
№8 кәсіптік лицей
Тақырыбы: «Жол қозғалысы белгілері және қолдану»
Өткізген: Арнаулы пән оқытушысы Арзақынов Қаршыға
Қазалы қаласы
2011 жыл
Сабақ жоспары:
Сабақ тақырыбы: Жол қозғалысы белгілері және қолдану
Сабақтың мақсаты:
Реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету,жол белгілерінің                                                                                                                                                                                                          мәнін ашу жол сызықтарының түрін оқып үйрену
оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің әрекетін,ойлау
қабілетін жетілдіру,қорытынды жасай білу, проблемалық жағыдайдан
шығу жолдарын анықтау.Жүргізуші ретінде айналасындағы жүргізуші-
лермен сыйластық қатынасқа баулу.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс:Автомобиль құрылысы,сызу,математика .
Қолданылатын жабдықтар:плакат, тапсырма қағаздар,жол қиылысының макеті,оқулық .
Сабақ барысы:
1.Ўйымдастыру кезеңі:1-2 мин.
а) оқушылармен сәлемдесу
б) оқушылады журнал бойынша немесе топ басшысы арқылы түгелдеу
в) оқушыларды 3 топқа бөлу,ойын барысымен таныстыру және оқушыларды өтілетін
тақырыпқа байланысты ынталандыру.
Бірінші бөлім: «Сұрақ жауап».1.Жүргізуші реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі беріп
тұрса қайсысына бағынасың?.
Жауап:Жол реттеушіге
2.Жол белгісі мен жол сызықтарының көрсетуі бір-біріне
қарама-қайшыболса,жүргізуші қайсысына бағынады.                                                                                                                                                                                                                                                                Жауап:Жол белгісіне.
3.Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?
Жауап:5 минут.
4.Бағдаршам жұмыс жасап тұрғанда жол қиылысындағы
басымдылық белгісінің күші жойылады ма?
Жауап:Жойылады.
5. «Сегіз қырлы»жол белгісі қалай аталады және қай
топқа жатады?
Жауап:Аялдамасыз қозғалысқа тиым
салынады,басымдылық белгісі.
6.Қарама-қарсы қозғалыстағы көлікке арналған жол жол
жолағы жоқ болса,жол қалай аталады?
Жауап:Бір бағытқа арналған жол.
7.Қауіпті жерден қанша метр қашықтықта ескерту белгісі
қойылады?
Жауап:Елді мекенде 50-100м,елді мекен-
нен тыс жерде 150-300м.
8.Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?
Жауап:Белгінің автоарнаға қатысты екендігін білдіреді.
9.Автоарнада оқып жаттығуға рұқсат етіле ме?
Жауап:Тыйым салынады.
10.Елді мекеннің аты көк түсті фонда болса қандай
түсінік береді?
Жауап:Елді мекеннің негізгі жолдан белгілі бір қашықтықа
орналасқанын білдіреді.
Екінші бөлім: «Жолдағы кездесетін проблемалық жағыдайлар»деп аталады.
1 топқа.Қыс кезінде жол жолағы қармен жабылып,бір бағыттағы жолақ санын анықтау мүмкін болмаса,жүргізуші жолақ санын қалай анықтайды?
Жауап:Басымдылық белгісіне «қарама-қарсы қозғалыстың
басымдылығы» немесе «қарама-қарсы қозғалыс алдындағы
басымдылық» белгілеріне қарап.
2 топқа.Жолдың тар бөлігінде сіз жеңіл машинаны жүргізіп келесіз.Сізге қарсы жанында тіркемесі жоқ мотоцикл қозғалып келеді.Қандай жол белгілеріне бағынасыз?
Жауап: «Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы» немесе
«қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық» белгілеріне
қарап.
3 топқа.Сіз өз үйіңізге жақындаған кезде аулаға кіре берісте орнатылған «кіруге тыйым салынады»белгісін көрдіңіз.Не істер едіңіз?
Жауап:Бұл жол белгісіне тек маршруттық көлік құралдары бағын-
байтындықтан басқа жол жолағына бұрыламын немесе жол сызық-
тары мен белгілерге қайшы болмаса кері бұрыламын.
Їшінші бөлім: «Жол қиылысында қозғалып үйренейік»деп аталады.
Макеттегі жол қиылысын пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру қажет.Әр топқа сұрақ тапсырма беріледі.
1 топқа.1.Жарқылдауық маягін іске қосқан жүргізуші жол қиылысында қандай көлікке жол береді?
Жауап: Екі көлік құралынада жол береді.
2. Жеңіл машина жол қиылысынан нешінші болып өтеді
Жауап: Екінші болып өтеді.
2 топқа.1.Жүк машинасы қандай бағытта қозғалуға тиіс?
Жауап:Реттілігі бойынша соңынан,солға қозғалу тиіс.
2.Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?
Жауап:Жолдың бес жүріс бөлігі бар.
3 топқа.1.Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?
Жауап: Солға бұрылатындығын ескертіп тұр.
2.Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұсат етіледі ме?
Жауап:Рұқсат етілмейді.
Їшінші бөлімнің қорытындысы және жалпы жиналған ұпай саны есептеліп,жеңімпаз топ анықталады.
Оқушылар білімін бағалау: 1-2 мин.
—         оқушылардың алған бағасын ескерту;
—         сабақ барысындағы кеткен қателіктеріне түсінік беру.
Їй тапсырмасы:1-2 мин.
Берілген сұрақтарға дайындалып келу.Өтілген тақырыптарды қайталап оқып келу

Арнаулы пән оқытушысы: Арзақынов Қаршыға

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.