«Әліппе мен ұстазға. Бас иеміз құрметпен»

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Абай атындағы орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі
Нысанова Ақжамал Меллятқызы

Тақырыбы:  «Әліппе  мен  ұстазға.  Бас иеміз құрметпен»
Мақсаты:  Балалардың  Әліппеге  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін арттыру. Кітап  оқуға  жетелеу. Кітапты  құрметтеуге, ұстаздарын  сыйлауға  тәрбиелеу.

Жүру  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. ҚР-ның  Мемлекеттік  Гимнін  орындау

ІІІ. Әдеби  музыкалық  қойылым

 

Мұғалім:  Бар  білімнің  бастауы,

Бар  ғылымның  бастауы

Жас  балаға  нұр  шашқан

Қандай  кітап  тіл  ашқан?

Балалар:   Әліппе

1. Кіріспе:

    -Сүйікті  шәкірттерім!  Сендерді  бар  ғылымның  беташары Әліппені  табысты  аяқтауларыңмен  құттықтаймын. Әліппені  аяқтау  барлық  әріптердің  таңбасын  тану, білім  сарайының  есігін  ашу  деген  сөз.

Күні  ертең  біздің  елімізде  үлкен  мереке  тойланғалы  отыр. Ол – Тәуелсіздігімізге  19  жыл  толу  тойы. Осыдан  19   жыл  бұрын  өрімдей   жас  аға-апалаларың  өз  өмірлерін  құрбан  ете  отырып,  егеменді  ел,  тәуелсіз мемелекет  болуға  жол  бастады. Күні  бүгінде  олар  кейінгі  бауырларына  бейбіт, тыныш   заман  сыйлап  кетті. Осындай  тәуелсіз  мемлекетте  тегін  білім  алып, балалық  шақты  алаңсыз  өткізу – сендер  үшін  үлкен  бақыт. Бүгінгі  күні  алғаш  қолдарыңа  ұстаған  Әліппелеріңді  аяқтап, өздерің   оқи, жаза  алатын  кезеңге  жеттіңдер. Нұр  шашып,  тіл   ашқан  Әліппемізге  мың  алғыс  айта  отырып, жыр-шашуымызды  арнаймыз.

 

2. «Кел, танысайық!»   (Сүйікті Әліппелерінің  арқасында сауатты адам  қатарына  енген  бүлдіршіндерімізбен  танысайық)

 

 

1.Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Менің  атым  Аманат.

2.Мектепке  жол  табатын,

Айтқан  тілді  алатын,

Менің  атым  Азамат

3.Сәулелі  де  сымбатты,

Сөйлегенім  тым  тәтті,

Асылай  деген  қыздарың

Сіздерге  арнап  тіл  қатты.

4.Дарасы  болар  даланың

Жеткеншек  деген  баламын.

5.Арыстандай  айбатты,

Арыстанбекпін  қайратты

6.Боламын  батыр, әрі  би

Мен  Жангелдин  Әліби

7.Болашағы қазақтың,

Атым  менің Төлеби.

8. Жақсылықты  жақтайтын

Мен  боламын  Аружан.

9.Бестік  алмай  қайтпайтын,

Менің де атым Аружан.

10.Екеуінен қалмайтын,

Мен  де  болам  Аружан.

11. Бекзат  деген  баламын,

Есепті  мен  шағамын.

12.Мен  де  Бекзат  боламын,

Өнерлімін, дарамын.

13.Бір  буыннан  құралған

Мына  менің  атым  Бек.

14.Орлыдан  келіп  оқимын,

Менің  атым Айдарбек.

15.Ата-анамның алтыны,

Мен боламын  Алтынбек.

16.Есімін  алған  түріктің,

Илмаз  деген  жігітпін.

17.Сыныптағы бес арудың  бірімін,

Аяжанмын,

Ата-анамның  жырымын.

18.Мектептің  ашқан  есігін,

Әлішер   менің  есімім.

19.Мен  Қанатпын, Қанатпын,

Ата-анама жараппын.

20.Әліппені  меңгерген,

Нұрхат  болам  мен  деген.

 

 

3. «Жыр-әнім  өзіңе, Әліппем!»

Асылай: Жақсы  білім  көрімдік

Болсын сізге, халайық

Не үйреніп, не  білдік

Кәне, ортаға  салайық!

Аманат: Келгенде  алғаш мектепке

Білмеуші  едік  әріп те.

Оқимыз   қазір  бәрін  де,

Үйретті  оны  Әліппе

Айдарбек: Көлге  айналған  бұлақтың

Қайнар  көзін  көріп пе ең?

Том-том  қалың  кітаптың

Басы  болар  әліппең.

Нұрхат:    Құтты  менің Әліппем

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен

Тақылдатып  сөйлеттің.

 

 

Арыстанбек:    Сөйледі  олар  тіл  бітіп,

Не  бір  қызық  сырларды.

Тыңдай  бердім  мен  жұтып

Тіл  біткен  тақпақ, жырларды.

Бек:   Жорға  жыр, тәтті  тақпақтар,

Желіктіріп  әкетті.

Қызық, қызық  ертектер

Еліктіріп  әкетті

Әліби:    Өзім  оқып  кітапты

Жалынбадым  ағама.

Қуанды  анам  оқудан

Алған  бестік  бағама

Бейімбетұлы        Ашыла  берді  алдымнан

Бекзат:                  Кең  дүние  есігі

Соғылған  сомдап  алтыннан

Әліппе – білім  бесігі.

Мұғалім:   Бәрімізге  тіл  ашар,

Кітап  аты    Әліппе.

Әнімізге  ұласар,

Әннің  де  аты  Әліппе.

Ән  «Әліппе»

Мұғалім: – Балалар, біздің  мерекеде  Әліппе  досымыз  ортамызда. Бірақ Әліппе  бүгін  жалғыз  емес,  қасына  әрі  досы,  әрі  бауыры  Ана  тілін  ала  келіпті.

Әліппе:      Менің  атым  Әліппе ,

Мені  анаңдай  дәріпте.

Мені  оқып  ер  жеткен,

Бауыржан  да, Мәлік  те.

Қымбатты, балалар! Мен  сендерді  өзімнің досым  Ана  тілімен  таныстырайын. Бүгінгі  тойға  арнайы  шақырған  болатынмын.  Сендермен  төрт  айдай  ажырамас  дос  болдым. Енді  сендер  есейдіңдер.  Мен  таныстырған  барлық  әріптерді  меңгердіңдер. Мен  сендерге  өте  ризамын.  Білім  сапарына  әрі  қарай  Ана  тілімен  аттанасыңдар. Оның  сендерге  үйретері  мол, тапсырмалары  күрделенеді. Соған  мойымай, Ана  тілін  ренжітпей  жүретіндеріңе  толықтай  сенемін.

Ана  тілі:             Ана  тілі – бабамның  дана  тілі,

Ана  тілі – сәбидің  бала  тілі.

Ана  тілі – анамның  ақ  әлдиі,

Ана  тілі – ұлтымның  дара  тілі.

– Құрметті  менің, жас  достарым! Мен  сендерге  айнымас  серік  боларыма  сенімдімін. Ананың  ақ  сүтімен, әсем  әлдиімен бойларыңа  сіңген ана  тілін  дамытып  жетілдіруге өзімнің  үлесімді  қосамын.

Мұғалім: Балалар, «Білімнің  бір  жауы  бар, оның  аты – кітап  оқымау»  деген  пікір  бар. Осы  жауды  жеңу  үшін  жұмыстаныңдар.

Жұптық  би

4. «Алғысым  айтар  көп  менің»

Бекзат      А-ны  айтқанда  дауысым  дірілдейді

Төреш:    Ұстазым  көз  алдымда  күлімдейді.

Күн  сайын  әріптердің атын біліп,

Сөз  оқимын  айырып  буынды  енді.

Аружан                 Ең  алғаш  қолға  алғанда  Әліппені,

Қибатоллаева:    Қызығып  қарай  бердім  әріптерді.

Мен үшін сырлы  жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым  маған  кілтін  алып  берді.

Әлішер:      Ұстаз  деген ұлағатты ұлы есім,

Жылдар бойы басыңды оған иерсің

Өмір берген ең алғаш анаң болса

Ал екінші ұстазым деп білерсің.

Қанат:               Ұстаздың  әр  сөзіне  даналық бар,

Үйреткен сан ғылымнан жаңалықтар

Елімнің болашағы – біз жас ұлан

Алдарыңда отыр, міне, сан алыптар.

Аяжан:        Бас ием әркез мен де ұстазыма,

Өткізген біздерменен қыс жазында

Мың  рахмет, ұстаздар, аяулылар,

Бақыттымын  биікке ұшқаныма!

Жеткеншек:         Білім  атты  кеменің

Тізгінін ұстап  келемін.

Қателессем  өмірде

Бағдар  берер  сен  едің.

Азамат:        Құрметтеп әркез тұрамын,

Ісіңнен  ізет  ұғамын.

Қарыздармын  көрсеттің

Таусылмас  білім  бұлағын.

Төлеби:               Анамыздай  аялап,

Ақылшы  болған  ұстазым.

Өзіңнің  ғана  еңбегің

Бүгінде  биік  ұшқаным.

Ешқашан  ұрыспайды,

Анама  ұқсайды.

Жақсы  бол,   балам, – деп.

Түзу  жол  нұсқайды.

Алтынбек:                    Ол  білім  бұлағын

Көрсеткен  мұғалім.

Алғашқы  хат  танып,

Жүргенде  шаттанып.

Әкемдей  қуанар,

Жан  сырын  ақтарып.

Өлеңмен  өргенім

Ұстазым  ол  менің.

Аружан Нұрланқызы:       «Ұстазы  жақсының  ұстанымы  жақсы»

 

Бекзат Бейімбетұлы:          «Жақсы  мұраптың  артынан  су  ереді,

Жақсы  ұстаздың  соңынан  шәкірт  ереді»

 

Илмаз:                     «Ұстазға  қарап  шәкірт  өседі»

 

 

Әлішер:                  «Қайратсыз  ашу  –  тұл,

Шәкіртсіз  ғалым – тұл»

 

Айдарбек:                «Атпаз  көрген  ат  таныр,

Ұстаз  көрген  хат  таныр»

 

Арыстанбек:          «Ұстаздан  шәкірті  озар»

 

Бек:                «Ұстазы  талантты  болса,

Шәкірті  талапты   болады»

 

Аманат:         «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені  мұғалім –

мектептің  жүрегі» –  деген  екен  алғашқы  Әліппенің  авторы  Ыбырай

Алтынсарин атамыз.

 

Нұрхат:         «Адамның  адамшылдығы  жақсы   ұстаздан  болады». Бұл – Ұлы  Абай

атамыздың  сөзі.

 

Алтынбек:     «Ұстаз  деген  ұлағатты  атауды  естігенде, күні  бүгінге  дейін  өзімді

шәкірттей  сезінемін» дейді  Серке  Қожамқұлов  атамыз.

 

Ән «Ұстазым – ол  менің»

5. Ойын:  «Мақалдың  соңын  жалғастыр, тақтаға  жаз!»

  1. 1.     Ас атасы – … (нан)
  2. 2.     Сөз  атасы – … (мақал)
  3. 3.     Жақсы  сөз – жарым …(ырыс)
  4. 4.     …  – білім  бұлағы  (Кітап)
  5. 5.     Бірлік  болмай,  …   болмас    (тірлік)

 

6. «Жаңылтпашты   жаңылмай  айт»

І топ:


Көк  көбелек

Көлеңдеп  ұшты.

Көп  дөңгелек

Көлеңке  түсті.

 

Топ-топырлап,

Топтасқан тоқылдақ

Тоқтамай  томарды

Тоқпақтап  тоқылдат.

 

Шұбалған  шұбалшынды

Шұбалта  суырмады.

 

Алмагүл,

Алма  жұл.

Алманы

Ал  кәні.

 

 

Әжеме

Әдемі

Ән  айтам,

Әлі  айтам.

 

Баба-Жан –

Балажан.

Бабажан,

Бол  аман.

 

Ғалымбек –

Ғалым  деп,

Ғали  жүр…

Ғалым  көп.

 

Данагүл –

Дана қыз.

Дана – бұл,

Дара  қыз.

 

Жабағы

Жаурады:

Жабуын

Жап,  ұлым.

 

Зандыгүл,

Заңды  біл!

Заң – ғұмыр,

Заңды  жүр.

 

ІІ топ:

 

Кемел  де

Кемелді.

Кемелге

Келеді.

 

Қалбала

Қалбырды

Қамалда

Қалдырды.

 

Лақ  көп,

Лақ  деп,

Лақша

Лақпа.

 

 

 

 

Малбағар

Мал  бағар.

Мал  бағып

Мал  табар.

 

Аңғал,

Аң  бар.

Алдар

Аңғар.

 

Алма  теріп  балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.

 

Бақшада – алша,

Айшада-ақша.

Айша  ақшаға

Алса  алша  бақшада.

 

Төрге  өрле,

Төрле  төрге.

 

Тау  тауға  ұқсас,

Бау  бауға  ұқсас

Тау  да, бау  да  ұқсас.

 

Әзіл  іледі,

Бала  біледі

Іледі  әзіл

Қалжыңы  әзір.

 

Қаштым  қатты-ақ

Ұшты  қалпақ.

Балақ  сатпақ,

Аяқ  батпақ.

 

                          Би   «Қаражорға» Орындайтын: Б. Бейімбетұлы

7. «Көңілді  тапқыштар»

 

  1. Аулада  5 үйрек,

Қорада  3 үйрек,

Барлығы  неше  үйрек? (8)

  1. Алмаға  кеп  күн  ара

Қонушы  еді  бір  ара.

Бүгін  тоғыз  туысын

Ертіп  келді  бұл  ара.

Сонда  бүгін  алмаға

Келіп  қонды  қанша  ара? (10)

 

 

  1. Тал  басында  тізіліп,

Он  жапырақ  тұр  еді.

Жел  соқты  да  үзіліп

Ұшып  кетті  бесеуі.

Тұр  әлі  де  ілініп,

Жапырақтың  нешеуі? (5)

  1. Біздің  келер  шамамыз,

Бестен  үшті  аламыз.

Тез  ойланып, есептеп

Мәнін  дұрыс  табамыз. (2)

 

  1. Үшеуі  қызыл, үшеуі  ақ,

Оң  қолымда  неше  алма? (6)

 

  1. Төртеуі  қызыл, төртеуі  ақ,

Сол  қолымда  неше  алма? (8)

 

 

 

  1. Табақта  бес  алма,

Қолында  екі  алма.

Қосқанда  барлығы

Болады  неше  алма? (7)

  1. Жарысты  жеті  аю,

Жығылды  үш  аю.

Межеге  жетіпті

Барлығы  неше  аю?     (4)

 

  1. 9.     Көрініс  «Әліппемнің  арқасында  ақ  әжеме  жарадым»

1-көрініс: Әлішер мен әжесі «Газеттегі  пайдалы кеңес»

2-көрініс: Аманат пен әжесі «Ермектен келген хатты оқу»

  Топтық  би  « Биші  сайқымазақтар»                                                          

10. «Рахмет  саған, Әліппем!»

(Р) Аманат:    Бар  кітапқа  бас  болған

Әліппе – ғылым  анасы

Әліппеден  басталған

Даналықтың  данасы.

(а) Әліби:    Жасым  толып  мектептің,

Ашқанымда есігін.

Қарсы  алдың,  Әліппем,

Ыстық  маған  есімің.

(х) Илмаз:       Таныстырдың  әріппен,

Кітапты  көп оқыдым.

Оқығанды  бір – бірден

Көкейіме  тоқыдым.

(м) Айдарбек:    Алфавиттің  А  тұрады  басында.

Әрқашан  да Ә  тұрады  қасында.

Байқадың  ба?  Б  тұрады  үшінші

Ал  осының   сыры  неде? Түсінші:

(е) Бекзат      А деген  ол – аналар  ғой  ардақты,

     Төреш:     Ә деген  ол  – әкелер   ғой  салмақты,

Б деген  ол – балалар  ғой  әдемі.

Біздің  елде  үшеуі  де  кәделі.

(т) Арыстанбек:    Іші  толы  әріпке

Мынау – әйбат  Әліппе.

Барлық  ілім-білімнің

Әжесі – осы  Әліппе!

(с) Нұрхат:      Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

(а) Азамат:       5 – тік болсын алар бағамыз,

Біліммен жол табамыз.

Өнер – білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

(ғ) Аружан              Әліппем, менің, Әліппем!

     Нұрланқызы:   Сені  қолға  алып  мен

Есігін  аштым  білімнің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен

 

(а) Әлішер: Әліппе – басы  білімнің,

Әліппе – нұры  жерімнің.

Әліппе – бағы  баланың,

Жарық  таңы  елімнің.

(н) Қанат:      Оқуды  көп  ойладық

Қызығына  тоймадық.

Әріптерді  үйреніп

Сауат ашып  тойладық.

(,)Аружан            Арта  берді  кітапқа

    Халуова:          Бойымдағы  құмарым

Бірге  жүрген  қасымда

Кітап  болды  сыңарым

(Ә) Жеткеншек:Енді  біз  жаза  білеміз,

Әріпті  қосып  әріпке.

Риза боп соған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

(л) Бек:Өтті  оқу  сан  сабақ

Бүгін  үлкен  салтанат.

Оқулықпен  достассақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

(і) Аяжан:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана, қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.

(п) Бекзат             Таныстырған 42 әріппен,

      Бейімбетұлы: Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты  адам санатына кіргенім.

(п) Аружан               Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

      Қибадуллаева:   Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

(е) Асылай:Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін   бағаласақ  қалай  біз,

Өзіміздің  сондай  болмақ  бағамыз.

(м) Алтынбек:        Бәрімізді  сүйіп  өткен,

Балаларға  үйреткен.

Әліппе  мен  ұстазға

Бас  иеміз  құрметпен.

(!) Төлеби:      Құпия – сырын  әріптің,

Ашып  бердің, Әліппем.

Қарыздармын  мәңгілік,

     Бәрі:   Рахмет  саған, Әліппем!

Хор  «Отан»

 

Қорытынды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше