К к дыбысы мен әрпі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Абай атындағы орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі
Нысанова Ақжамал Меллятқызы

Тақырыбы:  К к  дыбысы  мен  әрпі

Мақсаты: 1.  Дауыссыз  К  дыбысы  мен  әрпін  таныту, жаңа  сөздерді  оқи, жаза  білуге  үйрету.  2. Оқушылардың  сөйлеу  мәнерін, байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру. Ой – өрістерін  кеңейту.

  1. Кітап  оқуға, кітапты  құрметтеуге шақыру. Білімділікке, тәрбиелілікке  баулу.

Сабақтың әдісі:      Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы жаңа технологияны

меңгерту

Жүру  барысы:        І. Ұйымдастыру

Сабақтың  ұраны:    «Оқу – білімде,

Білім – кітапта»

ІІ. Өткен  сабаққа  шолу

– Өткен  сабақта қандай дыбыспен, әріппен  таныс  болдық?

– Е  е  дыбысымен, әрпімен.

– Бағандағы   сөздерді  тез, әрі  сауатты  оқиық

(Емен, еден, ел,ер, жер,жел, бел, бес, немере, немене, шешен, шебер, Ержан, Ерлан)

– «Емен»  мәтінін  тізбектеп  оқимыз.

– Е дыбысына  қатысты  тақпағымызды  еске  түсірейік.

ІІІ.  Жаңа  сабақ

  1. Ой  қозғау  (Жұмбақтың  жауабын  шешу)

Сөзі  –  дана, үні  жоқ,

Сөйлемейді,  тілі  жоқ.

Қолыңа  алсаң – шешен,

Ақылы  асқан  көсем.                      (Кітап)

  1. «Таныс  бол!»

► К дыбысымен  таныстыру.

К – дауыссыз  дыбыс. Сөздің  барлық  буынында  кездеседі. (Күн, түлкі, үйрек, күшік, көкек)

► К әрпінің  баспа, жазба  түрлерін  таныту.

3. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (сөздер  ойлай  отырып, к  дыбысының орнын анықтату)

        К                                 к                                 к

      4. «Сауатты  оқып  дағдылан!»

► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.

► Сөздерді оқушыларға оқыту

  1. «Дыбыстарды  анықта!» (дыбыстық талдау жасау)

► Картоп, кептер, текемет, комбайн.

6. Мәтінмен  жұмыс

► «Кеме» мәтінін оқып  түсіндіру

► Оқушыларға тізбектей оқыту

► Мазмұнын  сұрау

  1. «Әдемі, аппақ  баламыз,

Сауатты, көркем  жазамыз»

(Дәптермен жұмыс. Үлкен, кіші  к  әріптерінің  жазба  түрлерін  жазып  үйрету)

  1. Сергіту  сәті

 

  1. Мақалдың мағынасын  ашу.  «Кітап – білім бұлағы,

Білім  – өмір   шырағы»

(Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап  оқуға, кітапханамен  байланысуға  шақыру)

  1. «Байланыстыр» ойыны

 

 

 

ұшты                       маңырады                              шықты                           босады

 

  1. «Сен  білесің  бе?»

► Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс – колибри

► Мүлдем  ұя  салмайтын  құс – көкек

► Дүние  жүзіндегі ең үлкен  балық – көк  кит

► Хат  таситын  құс – кептер

  1. «Орным  қайда?» ойыны

► Сурет бойынша сөздерді буынға бөлгізіп, к дыбысының орнын тапқызу

Кү-шік, те-ке-мет, те-рек.

  1. «Кім  тапқыр?»

1.Алып су көлігі

2.Шай ішетін ыдыс

3.Хат таситын құс

4.Мүлдем ұя салмайтын құс

5.Күн батардағы мезгіл

 

 

 

  1. «Жоғалған әріп – қай әріп?» ойыны

► …ебеже,  ме..теп, мере..ке

► Берілген сөздерге байланысты 3 оқушыға сөйлемдерді оқытып, тақтаға

жаздыру

  1. Кебежеге  ыдыстар  салады.  2. Мектепте спорт алаңы бар. 3.Кеше мереке болды.
  2. «Білгенге маржан»

– Жыл мезгілдері нешеу?

– Жыл мезгілдері төртеу.

– Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?

– Көктем, күз.

– Олай болса, осы екі  мезгіл  туралы әңгіме өрбітейік (Экранға суреттері беріледі)

16. Бекіту сұрақтары

ІУ. Қорытындылау. Мадақтау.

(Оқушыларды кітап оқуға шақыра отырып, «Қызықты буындар» кітаптарын сыйға тарту)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше