Құт берекем, Наурыз
Павлодар облысы, Павлодар ауданы, №1 Чернорецк орта мектебі
Самархан ГүлжазираМақсаты: Құт берекем, Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт – дәстүрін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үйдің макеті, көрме, нақыл сөздер.
Әдісі: Сахналық көрініс, әдеби – монтаж, сайыс.
/Сахнада үш дастархан жайылып, үш ауыл отырады. Үйден барлығын әкеліп, ұлттық тағамдарын қояды.Сосын шымылдық ашылмай тұрып, Омарова Айнур ән айтады./
1) Жүргізуші: Құрметті ұзтаздар, ата – аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын.
1) Ведущий: Добрый день, уважаемые учителя, ученики и родители! Мы рады приветствовать вас на нашем празнике «Наурыз».
Наурыз – просыпается степь,
Наурыз – оживает природа.
Наурыз – счастья дает молодым,
И земле уражайного года
2) Жүргізуші:
Ұлыс тойы басталды
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге,
Көрмегендер көріңдер.
Естімегендер естіндер,
Дабылын оның қағайын – деп алдарыңызға «_____________» әнімен, орындайтын 11 – сынып оқушысы Омарова Айнұр.
2)Ведущий:
Приходите в гости к нам
Вдень весений – Наурыз,
На столах казы, кумыс,
Наурыз – коже кипит с праздником.
Сегодня всех поздравит уч – ся 11 «к» кл. Омарова Айнур.
3) Жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар – деп алдарыңызда үш ауылдың отырысын көріп отырмыз.
5 – сынып; 6 – сынып; 7 – сынып.
Сайыстың бөлімдерімен таныстырып кетейік. Байқау бес бөлімнен тұрады.
1.Біздің ауыл тамаша (өздерін таныстыру).
2.Қонақ күте білеміз бе? (сұрақтарға жауап беру).
3.«Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы).
4. Ұлттық салт – дәстүр / көрініс/ (Үйлену тойы, тұсау кесу, бала бесікке салу және т.б.)
5.Туыстық атауларды білеміз бе? (сұрақтарға жауап беру).
3) Ведущий:
Для гостей наш стол открыт
Радостно поет ата,
Его песня так чиста.
Счастья просит молодым.
Всем гостям, что рядом с ним.
На сцене вы видите 3 аула. Это уч – ся из 5 кл, 6 кл, 7 кл.
Алдарыңызға әділқазыларды таныстырып кетейік!
1. …………………………………………………………………………………………………..
2. …………………………………………………………………………………………………..
3. …………………………………………………………………………………………………..
Міндеттері: Әр сайыста өз бағаларын көтеріп, өз ойларын айтады. Алдарына ұпай таяқшалары берілген. Ең жоғарғы ұпай 10.
4) Жүргізуші:
Босқа қарап тұрмаңыздар
Наурыз тойы басталды.
Көрмегендерде арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар – деп бірінші бөлімді бастайық!
БІРІНШІ БӨЛІМ «БІЗДІҢ АУЫЛ ТАМАША!» (өздерін таныстыру).
4)Ведущий: Первое задание называется «наш аул прекрасен!» Это задание приветствие.
5) Жүргізуші:
7 «қ» – сыныбы
6 «қ» – сыныбы
5 «қ» – сыныбы /жеке – жеке шақыру/
5) Жүргізуші:
Армысыңдар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы, – деп келесі сайысымызға кезек берейік!
ЕКІНШІ БӨЛІМ «ҚОНАҚ КҮТЕ БІЛЕМІЗ БЕ?»
5) Второй конкурс называется «умеешь ли ты втричать гостей?»
6) Жүргізуші:
Кім бұрын алдарыңдағы таяқшаны көтерсе, сол топ бұрын жауап береді.Мұқият сұрақтарды естіңдер.
1.Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (арнайы қонаққа, ақсақалға, ел ағасына, құдаға т.б.)
2.Төс кімге тартылады? (күйеу балаға)
3.Балаға неге бас ұстатпайды? (халқымызда үлкен ақсақалдар отырғанда әкесі бар бала бас ұстамайды)
4.Қонақ түрлерін ата (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ т.б.)
5.Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)
6.Асықты жілікті кімге ұстатады? (сыйлы кісілерге, немересі бар адамдарға ұсынылады)
7.Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір (таңдайы тақылдаған шешен болсын деген ырым бар)
8.Балаға неге құлақ береді? (құйма құлақ, тіл алғыш болсын деген)
9.Қымыз ашу сапасына қарай қалай аталады? (уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз т.б.)
10.Үлпершек деген тағам неден жасалады? (бауырдың сыртқы жұқа қабығына түрлі нәрсе салып пісіріледі)
/шымылдық жабылады/
7) Алдарыңызда 6 «а» – класс.
8) Жүргізуші:
Күміс көмей әншілер,
Құдыретті күйшілер,
Мың бұралған бишілер,
Сұлтандар мен арулар – деп ҮШІНШІ БӨЛІМ «ӨНЕР САЙЫСЫН»
бастайық! Ортаға 7 «қ» – сыныбын шақырамыз. Қазақ би.
Келесі 6 «қ» – сыныбын шақырамыз. Келесі 5 «қ» – сыныбын шақырамыз.
8) Ведущий:
Третий конкурс называется музыкальный. Каждый аул покажет свое музыкальное мастерство. Начнет этот конкурс 7 «қ» класс.
Следующими приглашаются уч-ся из 6 «қ» кл.
А теперь пригл – ся уч – ся из 5 «қ» кл.
9) Жүргізуші:
Салт – дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Наурызды қарсы алып,
Той тойлаймыз тамаша – деп төртінші бөлімді бастайық!
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ «ҰЛТТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮР»
Әр топ ұлттық салт- дәстүрді сақтана отырып, көрініс көрсетеді. Ортаға 7 «қ» – сыныбын шақырамыз. Келесі 6 «қ» – сыныбын шақырамыз. Келесі 5 «қ» – сыныбын шақырамыз.
8) Жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық! – деп бесінші бөлімге кезек берейік.
БЕСІНШІ БӨЛІМ «ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?»
Әр топқа таяқша беріледі. Қай топ тез көтерсе, сол топ жауап береді.
1.Жеті ата. (1. Бала, 2. Әке, 3. Ата, 4. Үлкен ата, 5. Баба, 6. Түп ата, 7. Тек ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат).
2.Жеті жоқ деген не? (1. Жерде өлшеуіш жоқ, 2. Аспанда тіреуіш жоқ, 3. Таста тамыр жоқ, 4. Тасбақада талақ жоқ, 5. Аллада бауыр жоқ, 6. Аққуда сүт жоқ, 7. Жылқыда өт жоқ.)
3.Жеті қазынаны ата (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит)).
4.Бес асыл, бес дұшпанды ата (Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ).
5.Үш арсыз (Ұйқы, күлкі, тамақ).
6.Үш даусыз (Мінез, кәрілік, тамақ).
7.Үш жұрт дегеніміз не? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты).
8.Аптаның жеті күнін екі түрлі ата (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі: бүгін, ертең, бүрсі күні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына).
9.Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет).
10.Жеті жұтты ата (Құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топансу, зілзала).
11.Жеті жетім (тыңдалмаған сөз, қиюсіз қалған бөз, иесіз қалған жер, басшысы жоқ ел, аққу – қазсыз көл, жерінен айырылған ер, замандасы қалмаған бәрінен де сол жетім).
Жүргізуші: Әділқазыларға кезек берейік!
ӘР САЙЫСТЫҢ ОРТАСЫНДА ӘР СЫНЫПТАН ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛАДЫ.
ӘДІЛҚАЗЫЛАР ПАРАҒЫ
|
№ |
Топтың аты
Бөлімдер |
І топ
______________ |
ІІ топ
______________ |
ІІІ топ
______________ |
|||
| 1 | Дөңгелек үстелге отыру мәдениеті, киімі, тағамдары | ||||||
| 2 | Әр топ өздерін таныстырады | ||||||
| 3 | Қонақ күте білеміз бе? (сұрақтарға жауап беру). | ||||||
| 4 | Ұлттық салт – дәстүр / көрініс/ | ||||||
| 5 | Туыстық атауларды білеміз бе? (сұрақтарға жауап беру). | ||||||
| 6 | Қорытынды |
Әр кезеңде ең жоғарғы ұпай саны – 10.
Әділқазы: _________________________________
ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ПАРАҒЫ
| № | Топтың аты
Аты – жөні |
І топ
______________ |
ІІ топ
______________ |
ІІІ топ
______________ |
| 1 | ||||
| 2 | ||||
| 3 | ||||
| 4 |
Тәрбие ісінің меңгерушісі: __________
