Баяндамалар

Спорт өнерінің тәрбиелік аспектілері

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға елді-мекені
Елеу Көшербаев атындағы орта мектебінің
шет тілі пәні мұғалімі  Абишева Надежда

Күнделікті өмірде спортты сүйетін жан өте көп.Спорт хабарларын асыға күтіп,стадион атаулының табалдырығын тоздыратын немесе спортшысының тілеуін тілеп,спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер қауым легі толастамайды.Осыншама халықты ұлты мен тіліне,дінімен түр-түсіне бөлмей өзіне ынтызар еткен спорт дегеніміз не өзі?

Спорт-адам денсаулығының кепілі екенін бәрі біледі. «Тәні саудың,жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер спорттың қадірін біледі.

Спорт-ең алдымен бәсеке.Үнемі алға ұмтылуға,үйренуге,тер төгуге баулиды.

Тоқтап қалмауға,ізденуге үйретеді.Бәсекеге қабілетті болуға үндейтін нағыз тәрбие көзі.Ең бастысы спорт-бейбіт бәсеке.

Спорт-саясат.Ол бейбітшілік елшісі.Елдің елдігін,ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын да анық байқататын спорт.Байрақты  бәсекенің төресі-олипиадаларға жанкүйер болып мемлекет басшыларының баратыны көп нәрсені аңғартпайма.

Спорт-ғылым.Топ алдында сайысқа түсуге бел байласаң жемісті жүлдеден үміт күтесің.Қоржынға түсер медальдің салмағы мен санының маңыздылығы ел намысын қорғар тұста байқалады.Төгілген тердің ғана нәтижесі болуын күтпей,артындағы тұтас мемлекеттіңүмітін ақтау жоғары тұруы тиіс.Мемлекет тарапынан да қолдауға ие болып отырған бұл сала терең зерттеуді қажет ететін ғылым.

Спорт-әрине өнер.Дене еңбегі мен ой кеңістігін қатар кажет ететін спорт биік  өнердің бір түрі.Ол да хас талантты,мінсіз шеберлікті,еңбекқорлықты талап етеді.

Талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп,адалдық танытсаң берері мол сиқырлы әлем сияқты.

Спорт тәрбие құралы.Жас ұрпақ жүрегіне отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші.Себебі,спортты сүймейтін бала кемде-кем.Спортты сүю,оны серік етуге баулу арқылы балаға тек салауатты өмірді насихаттап қана қоймаймыз.Сонымен қатар өрлік,еңбекқорлық,төзімділік,адалдық,әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастыруға болады.Өз тәжірбиемде жетекшілік ететін сыныбымда ұйымдасу,достықты қадірлей білу,ер және қыз балалар арасындағы сыйластық сезімінің орнығуына спорт та көмек етті.Сүйікті спортшылар өмірі немесе есімдері беймәлім спортшылар,спорт тарихы туралы мәліметтер жинау кітапханалармен жүйелі жұмысты жолға қойды.Әртүрлі деңгейдегі күрес,волейбол,футбол сияқты спорт түрлерінен сайысқа қатысып,жетістікке жету балалардың бойына өздеріне деген сенімділікті оятты.Танымал чемпиондардың жеңіске келу жолын әңгімелеу,спорт туралы тәрбие сағаттарды жүйелі өту,сүйікті спортшылар туралы фильмдер немесе репортаждар тамашалау нәтижесін беретін істер.Тек,жұмыс жасау жүйесін жасап мақсатын,мәнін анықтап нақты жоспар жасауды ұсынар едім.Жас өркеннің бойына жақсы қасиеттерді тәрбиелеу барысында спортты пайдаланар болсаңыз,ұлттық спорт ойындарда ғажап құрал.Ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар туралы зерттеу жұмысының барысында балалар «қамшыгерлік» туралы мағлұмат жинады,өздерінің жұмысының нәтижесінде қасиетті түлік-жылқы малы туралы сабақ  өттік.Сабақ барысында ойналған «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ» арқылы жылқы түлігінің қасиеті туралы кеңінен мәлімет алдық.Ауыл баласы атты сүйеді.Ат бәйгелерінің бірі оларға таныс.Сондықтан өзім сабақ беретін ағылшын тілі пәнінде спорттық ойындарды сабақ элементі ретінде көп қолданамын.Сөз жаттау үшін,мәтінді түсінгендерін тексеруге,өтілген материалды бекіту барысында ойындарды пайдаланамын.Оларды теориялық түрінде де сынып ішінде лайықтап  ойнау түрінде де қолдануға болады.Сайыс сабақтарда аударыспақ,волейбол ойындарын ойнап отырамыз.

Бүгінгі таңда білім және тәрбие саласында тер төгушілер үшін ұрпақ санасын сапалы біліммен қатар патриоттық тәрбие берудің маңызы зор.

Себебі,болашақ жастардікі.Қарапайым әрі қасиетті құндылықтарды жинақтап бала бойына сіңіру парызымыз.Айқын мақсат болса алынбас шың жоқ.Баршаның ең бағалысы яғни баласының бақытты болашағы үшін аз кем еңбек сіңірсе-ұстаз қалауы сол деп білемін.Қай саланы зерттеп нәсихаттасақ та еліміздің дамуына жақсы жаңалықтармен үлес қосуға шақырамын.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.