Не жетеді елің жайлы ірі сөйлей білгенге ?! (баспасөз конференция)
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы
№147 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Нұрмаханова Жаналтын
Сабақтың тақырыбы: Не жетеді елің жайлы ірі сөйлей білгенге ?! (баспасөз конференция)
Сабақтың мақсаты: Оқушылыр ел, жер тарихы туралы жан жақты мағұлмат бере отырып, әр жеткіншектің бойына «Тәуелсіз елдің болашағына менің қосар үлесім қандай дәрежеде?» деген ой ұялату. Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: Баспасөз конференциясы
Сабақтың көрнекілігі: Слайд материалдары, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ұлт тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болған Тәуелсіздігіміздің 20 – жылдық ел өміріндегі аса елеулі оқиғаға айналуда. Айтулы мерекенің шеңберінде ауқымды іс-шаралар жоспарланып, ал іс-шаралар еліміздің жиырма жылда асқан белестерін, яғни қол жеткізген зор жетістіктерін қоғамға жеткізуге, насихаттауға бағытталмақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы : «Тәуелсіздік ата – бабалармыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман – мақсатының жүзеге асқаны ақиқат» – деп қазақ халқымыз ежелден тәуелсіздікті аңсай отырып талай қиындықты бастан кешіріп, бүгінгі күнге жеткендігін айтады. Азаттық рухы кең көсілген Арқадан кербез Алатауға дейінгі, алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспийге дейінгі аралықта ұлан – ғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастыратын батыр бабаларымыздың қайсар мінезінен оянған еді.
Іргетасы әріден қаланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Берекелі елеміздің 60 жылдығы қатар келген тұста, біздің 9б сынып оқушылары да мерейлі мерекеге өз үлестерін қосуға асығады. Бүгін сіздер осы сыныптың ұйымдастырумен өтетін «Не жетеді елің жайлы ірі сөйлей білгенге?!» атты баспасөз конференцияға куә боласыздар.
Ен әуелі конференция жұмысымен таныстырып өтейін. Конференцияға ел тізгінін ұстаған мекеме басшылары және баспасөз ақпарат құралдарыңың өкілдері қатысып отыр.
Таныстырып өтейін:
- «Бесарық» ЖШС деректоры – Сейтмұратов Оразбек Есмағанбетұлы
- Ауыл әкімі – Жармағанбетов Қанат Ертайұлы
- Ауыл тарихшысы – Ахметова Оразкүл Сұлтанбекқызы
- Ауылдық емхана меңгерушісі – Ибрагимова Гүлайым Жәнібекқызы
- №147 орта мектеп директоры – Әйтенова Нысанкүл Мәлікқызы
- Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Жұмаділдаев Бекболат
Сонымен қатар баспасөз – ақпарат құралдарының өкілдері де бүгін бізде қонақта. Олар:
- «Сыр бойы» газетінен Баратова Ақмарал
- «Ұстаз үні» газетінен Жапашова Анар
- «Жас алаш» газетінен Серәлі Нұрхан
- «Тіршілік тынысы» Сайлау Өркен
- «Егемен Қазақстан» газетінен Омаров Бағдат
- «Айқын» Нағашыбай Гауһар
Конференция жұмысы екі бөлім бойынша, яғни теле-көпір түрінде жүргізіледі. І бөлімді өзім жүргіземін. ІІ бөлімді болашақ қаламы қарымды журналист Ниязбек Гүлфайруз жүргізеді.
Сонымен сөз кезегі өздеріңізде тілшілер.
«Егемен Қазақстан» газеті тілшісі Омаров Бағдаттың сұрағы:
«Ауыл шаруашылығы министрлігінің үстіміздегі жылдың 11 қаңтарындағы мәліметі бойынша елімізде 111,2 мың тарактор 47,1 мың комбайн 45,1 мың ору машинасы 91.6 тұқым сепкішпен басқа да ауылшаруашылық техникалар бар. Шаруаларды тиісті техникалармен мемлекет көмегі арқылы қамтамас ету мақсатымен 1999ж «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы да құрылған. Оразбек Ешмағанбетұлы, осыған сәйкес ауылымыздағы шаруалардың техникалармен қамтамасыз етілу жағдайы қандай? Сол жөнінде айтсаңыз.»
«Тіршілік тынысы» газеті тілшісі Сайлау Өркеннің сұрағы:
« Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Сырдария ауданы толымды табыстармен қарсы алып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек ерте көктемнен дайындаған аудан диқандары 32 349 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Соңғы деректер бойынша ауданда мүйізді ірі қара 27, 834 басқа, қой, ешкі 57,227 басқа, жылқы 732 басқа, түйе 631 басқа көбейген. Оразбек Ешмағанбетұлы, аталмыш сандарға ауылымыздың қосқан үлес салмағы қандай?
Ән: «Туған жер» Ұзақбай Әсел
«Ұстаз үні» газеті тілшісі Жапашева Анардың сұрағы:
«Қазіргі таңда соңғы мәліметтерге сүйенсек Руспубликамызда 18 жасқа дейінгі 5 млн шамасында бала бар екен. Мектептерде 414 мың мұғалім, 3 мыңнан астам әлеуметтік педегог, 1,5 мыңнан астам мектеп инспекторы, 7 мыңнан астам психолог жұмыс істейді екен. Нысанкүл Мәлікқызы, жалпы мектебіміздің хал – ахуалы қандай? Осы сұраққа толығырақ тоқталсаңыз.»
«Сыр бойы» газеті тілшісі Баратова Ақмаралдың сұрағы:
«Оразкүл Сұлтанбекқызы, біз сізді білімді ұстаз, ауыл тарихшысы ретінде жақсы білеміз. Біздің ауылымыз күннен-күнге өсіп, көркеюде. Жалпы ауыл туралы өзіңіздің пікіріңізді баяндасаңыз.»
Би: «Бесарық вальсі»
«Айқын» газеті тілшісі Нағашыбай Гаухардың сұрағы:
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына келіп түскен мәліметтер бойынша елімізде 14 қазанның өзінде 95,7% астық жиналса, салмақ бойынша 26,7 млн тонна астық алынған. Бұл-рекордтық көрсеткіш. Сол себепті үстіміздегі жылды астықты жыл деуге болады. Республика көлемінде қарастырсақҚазақстан астық экспорттаушы 5 елдің қатарынан бой көтерсе, ұн экспорты жөнінен бірнеше жыл қатарынан бірінші орында келеді. Оны дүниежүзінің 40қа жуық елі тұтынады. Жоғарыдағы деректерге сүйенсек, Оразбек Ешмағанбетұлы, ауылымыздың биылғы биылғы астық мөлшері қанша және де өндіру саласында рекордтық жетістіктерге жеткен диқандар бар ма? Еңбек етуші диқандардың жетістігі жайына тоқталсаңыз.»
«Жас Алаш» газеті тілшісі Серәлә Нұрханның сұрағы:
«Мемлекеттің басты байлығы-адам десек, сол адам денсаулығы күзетінде жүретін дәрігерлердің ерен еңбегін айырықша атап өтуге болады. Осы орайда ауылымыздың басты денсаулық сақшысы, Гүлайым Жәнібекқызы, сіздің орныңыз ерекше. «Қанша алғыс алсаң, сонша ғұмыр жасайсың» демекші ауыл тұрғындарының сізге айтар алғысы шексіз деп білемін. Жалпы емхана қызметі, тұрғындардың денсаулық жағдайы туралы айтсаңыз.»
Батырбек Ердос «Дала» (өлең оқу)
«Ұстаз үні» газеті тілшісі Жапашева Анардың сұрағы:
«Елбасының тапсырмасы бойынша 1-4 сынып үшін «Жас қыран», 5-9 сынып үшін «Жас Ұлан» ұйымдары ұйымдастырылды. Бекболат Жұмаділдаұлы, осы ұйым бөлімдері мектебімізде құрылған ба? Ұйымға оқушыларды тарту деңгейі қандай? Мектептегі үйірмелер, тәрбиелік іс-шаралардың ел тәуелсіздігіне қосар үлесі жайлы айтсаңыз. »
Бақтыбаев Шерхан «Үшқоңыр» әні
«Жас Алаш» газеті тілшісі Серәлә Нұрханның сұрағы:
«Жиырма жылда еліміздің экономикасымен қатар әлеуметтік сала да көркейді. Елімізде осы жылдар ішінде 750 жаңа мектеп салынды. 500ге тарта денсаулық сақтау нысандары бой көтерді. 5300 мектепке дейінгі мекемелер есігін ашты. Осы істің барлығында жастардың да үлесі бар. «Дипломммен – ауылға!»бағдарламасы бойынша жоғары және арнаулы білім ордаларынан жыл сайын қаншама жас ауылға аттанды. Соңғы 10 жыл ішінде 2000ға жуық маман, соның ішінде 1600 мұғалім, 400 дәрігер оьлыс көлемінде ауылдан өз қызметтерін бастады. Осы мәліметке сүйене отырып, ауылымызға келген жас мамандар туралы, Гүлайым Жәнібекқызы, Нысанкүл Мәлікқызы, айта кетсеңіздер.»
«Тіршілік тынысы» газеті тілшісі Сайлауов Өркеннің сұрағы:
«Қанат Ертайұлы, уақыт талабына сай ауылдық емхана бұрынғы әкімшіліктің ғимаратына қоныс тепкенін білеміз. Алдағы уақытта ауылымызға арнайы емхана салуға жағдай бар ма? Бюджеттік жоспарда бұл сала қамтылған ба?»
«Жаншуақ» әжелер ансамблінің орындауында «Ахау керім» әні
«Айқын» газеті тілшісі Нағашыбай Гаухардың сұрағы:
«Оразкүл Сұлтанбекқызы, Тәуелсіздік көшесі бойында «Канал қазған алыптар» атты билборд ілулі тұр. Ауыл тарихына қысқаша шолу жасасаңыз және сол кісілердің еңбегіне тоқталсаңыз.»
Оспан Ерсұлтан «Атамекен» әні
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мен өз сөзімді Елбасының мына сөздерімен қорытындыласам деймін: «Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ аумағын, төлтума мәдениетін және өмірді қабылдау мен түсіндіру айрықша рухын қорғап, бізге мұраға қалдырды. Енді сендердің уақыттарың туып келеді. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңда екенін әрдайым естен шығармаңдар. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 елдің қатарына кіру жөніндегі біздің барлық ойларымызбен жоспарларымыздың қисынды қорытындысына жеткізетін нақ сендер.» Ендеше Тәуелсіздік туын ұстаған ел ертеңі жастарымызды шақырайын. Қорытынды сөз сендерде!
Арайлым: – Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, қахарман.
Зарина: – Тәуелсіздікті анаңдай ардақтап, баладай мәпелеп, құдайдай құрметтейміз!
Шыңғыс: – Тәуелсіздік үшін жанымызды да, қанымызды да, тәнімізді де аямаймыз!
Абылайхан: – Аға буын өкілдері! Тәуелсіздік туы берік қолда!
Ел Тәуелсіздігі жасасын!
