Қош келдің, Наурыз!

«Қош келдің, Наурыз!» ертеңгілігінің сценарийі

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық араулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп-интернаты

Шараның мақсаты: есту қабілеті бұзылған балалардың  Наурыз мейрамы туралы  түсініктерін кеңейту, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, есту мүмкініктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Қатысушылар: орта буын оқушылары мен тәрбиешілері

Музыка ойнап тұрады. Жүргізушілер  кешті бастайды:

1-жүргізуші:                        Наурыз тойы  береке,

Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Қызып шаттық  мереке,

Қызық  думан құрамыз!

2-жүргізуші:                          Здравствуйте, друзья!

Здесь сейчас  с вами

Начинаем праздник мы –

Наурыз – праздник  знаменитый,

В звонкой  песне не забытый!

1-жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Күй ойнайды.

1-жүргізуші:   Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ежелден халқымыз жаңа күнге сенім артып, сол күні күн шыққанда Күнге тағзым етеді.

Күнге тағзым ету көрінісі

Сахна сыртындағы дауыс: Армысыз, әлемнің алтын шырағы,Күн Ана! Атар таңға, батар күнге тәу-тәу! Жаңа күнім, жарылқа, ескі күнім, есірке! Ұрпақтарымды аман ет, жамандық әрі кет! Әрі кет!

2-жүргізуші:     Праздник  Наурыз –  древний праздник весны и труда. Традиции Наурыза передавались из поколения в поколение.

1-жүргізуші:         Наурыз күнгі  таңды көпшілік бірге  қарсы алып, ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақ көздерін тазалаған. «Бұлақ көрсең көзін аш»,- деген осыдан қалса керек.

Бұлақ көзін ашу көрінісі

1-жүргізуші               Жер шуаққа кенелді,

Күн менен түн теңелді.

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Тал егу көрінісі

2-жүргізуші:            Женщины кропили молоком посаженные деревья, очищенные родники, что символизировало  пожелание благополучия земле-матушке.

1-жүргізуші:            22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Бұл күні  біз Наурыз мерекесін тойлаймыз! Бүгін Ұлыстың ұлы күнін Абай ауылы және Мұхтар ауылы тойлап жатыр. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Екі ауыл адамдары бір бірімен құшақтасып, көрісіп «Ұлыс оң болсын! «Наурыз құтты болсын!»деген тілектер айтады. Осы уақытта жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан  қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ым-ишара әні «Наурыз». Орындайтын – Ақберген Балым

1-жүргізуші:               Наурыз  келсе ,

Құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!

Шашу шашылады. Музыка  ойналады.

Наурыз қыз кіреді. «Наурыз әнін» айтады.

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

«Ұлыс күні келді» деп

Қуанады ел енді.

Мен – Наурызбын жайдары

Көтеремін көңілді

Кетіп қыстың айбары

Жайнатамын өңірді.

1-жүргізуші:              Ал,  халайық, тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық,

Думандатып би билеп,

Өнерден күмбез жасайық!

«Көктем» биі

Ішке   қолдарына тағам түрлері салынған әжелер  кіреді:  Наурыз күні дайындалатын  тағам – Наурызкөже деп аталады. Ол 7 түрлі тағамнан жасалады.Балалар, сендер жақсылап тойлай беріңдер, біз мына жақта сендерге наурыз көже дайындайық.

Музыка ойналады, әжелер  сахнаға кетеді.

1-жүргізуші:     Ал, Наурыз-қыз, қазір сені  Абай ауылына  қонаққа апарамыз. Ол жақта саған арнап қандай сый дайындап қойды екен?

«Қазақ дәстүрлері» әні. – Орындайтын – Шынтас Жансұлтан.

2-жүргізуші:          А этот аул называется «Мұхтар ауылы». Ребята, а вы знаете, что в этом ауле живет самый находчивый, веселый человек – Алдар Косе.

1-жүргізуші:   Алдар Көсе – өзі қу болғанымен, әділдікті жақтайтын адам.  Ол әсіресе байлардың сараңдығын жек көрген. Қазір «Алдар Көсе мен Шығайбай» ертегісінен үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс.Алдар   Көсе мен Шығайбай. Орындайтындар:  Шығайбай – Арман, бәйбішесі – Мұхтар,

Алдар – Жансұлтан.

1-жүргізуші:     Наурыз тойы – шаттық тойы.  Наурыз  тойында жастар ұлттық ойындар ойнап, өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігі, шапшаңдығын көрсете білген.  Бүгін біз де екі ауыл жігіттерін сынап көрейік.

Ұлттық  ойындар ойналады.

«Теңге алу» ойыны

«Күрес» ойыны»

1-жүргізуші:       Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 22 наурыз – жаңа жыл болып есептеледі. Бұл күні қазақ даласына жаңа жыл келеді. Сондықтан да Наурыз – жыл басы. 22 наурыз күні әр үйдің  босағасынан жаңа барыс жылы аттайды.

Музыка ойналып, қазақша үлгіде киінген барыс кіреді.

Барыс:                     Наурыз келді  гүлденіп,

Жер-дүние түрленіп,

Барыс келді – жаңа жыл

Жаңа шаттық  күйге еніп

Намысқа толы жүрегім,

Күшке толы білегім

Ұлыстың ұлы күнінде

Жаңа жыл боп кіремін.

1-жүргізуші:     Ұлыстың ұлы күні, жыл басы құтты болсын ағайын! Сіздерге биші жігіттер «Қазақ биін» арнайды.

«Қазақ биі» – биші жігіттер.

2-жүргізуші                           Мы здесь сегодня собрались,

Чтоб встретить праздник – Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех,

Пусть радуют сегодня всех!

1- жүргізуші:                      Қазір тағы да Алдар Көсенің байдан қулығын  асыруына  куә боласыздар. Келесі тамашалайтындарыңыз – «Шапанның жылуы» көрінісі.

Көрініс. Бай – Арман, Алдар Көсе – Жансұлтан

1-жүргізуші:        Наурыз күні ақ тілегімен, шын пейілімен, жарқын көңілімен тілектес болып жүретін Қызыр баба ел ішін аралап,  жаны таза, пейілі кең адамдарға батасын береді.

Музыка ойналады, Қызыр баба шығады.

Қызыр баба: Ал, тыңдаңдар батамды:

Ардақтаңдар атаны.

Көйлектерің  көк болсын,

Қарындарың тоқ болсын,

Қуаныш-шаттық  көп болсын,

Қайғы-уайым  жоқ болсын!

Күлімдесін  көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің.

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!

«Қазақы дастархан» әні ойнайды. Қолдарына ұлттық тағамдар салған ыдыстар ұстаған қыздар рет-ретімен, ән әуеніне билей жүріп,  ұлттық тағамдарды  дастарханға әкеп қояды.

Музыка ойналып, әже қолына тостаған ұстап кіреді:

Айналайын, балалар!

Тоя ішсін деп тамсанып

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім.

Бал көжеден татыңдар.

Бар қызыққа батыңдар.

Барымды қойып, дастархан жасадым, барлығыңызды дастархан басына шақырамын!

2-жүргізуші:                       Возьмемся за руки, друзья,

Ведь мы – единая семья:

За нашим праздничным столом

Мы вместе песни запоем!

1-жүргізуші                   Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан

Ау, ағайын, келіңдер, бүгін бізде –                                   Наурызкөже құрт қосып, бұршақ қосқан!

Барлығыңызды Наурыз көжеге шақырамыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше