Бекіту сабағы. Қосу, азайту, уақыт, жылдамдыққа арналған есептер
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қуатова Айтансық Жабатаевна
Сабақ тақырыбы: Бекіту сабағы. Қосу, азайту, уақыт, жылдамдыққа арналған есептер, геометриялық фигуралардың ауданын табу, амалдардың орындалу тәртібі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың геометриялық ұғымын толықтырып, іс жүзінден пайдалана білу дағдысын жетілдіре түсу, пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелік мақсаты: математика ғылымының қазақ өнерінде кеңінен қолданылғанына өз тәжірибелері арқылы көздерін жеткізу. Қазақ халқы тұрмыс тіршілігіне математиканы арқау етіп, оны жетік білгендігін мақтаныш етуге баула, ұлттық намысына қозғау салу.
Сабақ барысы: Сабақ тәжірибе түрінде сұрақ-жауап әдісімен өтті.
Сабақ көрнекіліктері: күй табақ, ата дәстүрінен, қазақ қол өнерінен бұйымдар, киім-кешек салынған суреттер, қималар, үлгілер.
Күй табақта Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнінің әуені баяу естіліп тұрады. Сабақтың мақсаты, тақырыбы хабарланып түсіндіріледі. Бүгінгі сабақта оқып-тоқығанымызды іс-жүзінде қолдана білу шеберлігімізді есепке алатын математика мен Атамекен пәндерін кіріктіру сабағы. Мынау қазақтың оюлы, сырлы сандығы. Бүгінгі сабақтың мазмұны да, сыры да осы сандықтың ішінде. «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым» – деген жолы тақтада ілулі тұрады. Қай қатардың оқушылары берілген сұраққа дұрыс жауап берсе сол оқушы сандықты ашады.
Тақтадағы өлеңдерді оқу, авторларын табу. (Абай, Ыбврай өлеңдері) Естіліп тұрған музыка әуені кімдікі? (С.Сейфуллин). Жаяу Мұсаның әні «Ақсиса» шығу тарихын баяндау. Сұраққа жақсы жауап берген бала сандықты ашады.
Бірінші бумада 3 сұрақ
1 қ. {84400 : 1000} – 62 x 10=
2 қ 178500 – 7800 : 100 : 6 =
3 қ 81000 : 900-760 : 10 =
Екінші тапсырма : Әр оюдың артындағы амалдарды орында. Қандай ою екенін айт. Тұмарша ою, қошқар мүйіз ою, ит құйрық ою.
401520 100 000 604020
295082 89 291 584635
Қазақ халқы математика деген сөзді білмесе де есепке жетік болған. Пайдаланған бұйымдарды № көруге болады. Мысалы: Сандық, күбі, қоржын, т.с.с. Қашықтыққа арналған есептер шығару. Сүйелемен, қарыспен, құлашпен, қадаммен өлшеген.
1) Егер бір қарыс 10см болса 10 қарыс ұзындығы қандай?
25 қарыстың ұзындығы 25 метр болса 1 құлаш ұзындығы қандай.
4) Сандық қабырғаларының ұзындығын тап.
1 қабырғасы – 8 м.
2 қабырғасы – 3 м. аз біріншіден.
8 – 3 = 5 м.
8 x 2 + 5 x 2 = 26 м Жауабы: 26 м.
5) Санамақ. Жатқа айту.
6) Түліктерге арналған тақпақтарды жатқа айту. Балдырған журналынан.
7) Жұмбақ есептер
15 алманы 15 оқушыға бір-бірден үлестір. Бір алма ыдыста қалатын болсын.
(1 алманы ыдысымен алған)
Бір жарым балық – 1 жарым тенге.
2 балық неше теңге?
Үйде неше шал отыр?
1) Қорытынды: Үйге тапсырма
Тақиясы шошайып шошақ бас шал отыр.
Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.
