Сен ұйықтап жатқанда

Қарағанды облысы,  Шахтинск қаласы,  №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі  Қуатова Айтансық Жабатаевна

Сабақтың тақырыбы:   Сен ұйықтап жатқанда.

Сабақтың түрі:  Дамыта оқыту  элементтерін кіргізе отырып білім мен тіл дамыту  жүйесін дағдыны бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі:   Сұрақ-жауап,  баяндау проблемалық іздену.

Сабақтың білімдік мақсаты:  Өтілетін тақырып арқылы еңбек, оның түрлерін, еңбектің  өмірдегі мәнін аша отырып еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,    оқушылардың тіл байлығын молайтып, қойылған сұраққа,    проблемаға өз бетінше, өз көзқарасы бойынша  толық жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Істеген ісіңді аяқтамайынша  тынбауға, (ең кішкентай)

құмырысқадай еңбекшіл болуға  Отанын сүйе білуге ол

үшін қолдан келгенше аянбауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:                          Ребустар, сөздіктер, қосымша кітап, сөзжұмбақтар.

 

 

Сабақтың барысы.

 

I.Үй тапсырмасын бекіту, пысықтау.  (3 минут ызылдап оқу)

Сұрақ:  Балалар үйге не берілді?  – Отан туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Сонымен біз сендермен Отан туралы бірнеше күн оқып айттық.

Біздің Отанымыз – Қазақстан

Қазақстанның өз елтаңбасы, әнұраны, жалауы бар.  (Оқушы баяндайды)

Ендеше балалар канеки бәріміз тұрып гимнді  айтайық.

Тақпақтар оқу.  Сенің Отаның.  (Бүркіт Ысқақов)

Бірінші бақытым – халқым

Екінші бақытым – тілім менің

Үшінші бақытым –  Отан деген.           (Мұқағали Мақатаев)

 

Отан   Қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? (Мақал-мәтелде айтып, мазмұнын сұрау).

 

II. Жаңа бөліммен танысу.

 

Туған жердің жері де  көрікті, елі де сүйікті. Осы мақалда бірінші  не туралы айтылады?

Жері,  елі  көрікті болу үшін не істеуіміз керек.  Осы сұраққа жауап беру үшін тақтаға қараңдар.

Ребус шешу. (Еңбекпен ел көгереді).

Сұрақ: Кім қалай түсінеді?

Жауап:  Оқушылар жауап береді.

Жауаптарында еңбектің ролі туралЫ айтылуы керек

 

Сұрақ: Соным балалар, сендер көптеген еңбек түрлерін атап өттіңдер бұл еңбек. Ел үшін керек дедіндер, ал енді қалай ойлайсындар түнде еңбек қылуға бола ма?

Жауабы: Болады

Сұрақ: Қандай түнгі жұмысты білесіздер

Жауабы: Шахтер, шофер т.с.с

ІІІ Жаңа тақырыппен жұмыс

 

Бүгін балалар сендермен

«Сен ұықтап жатқанда»                                                         (тақырыптың әңгімесін оқимыз)

Бердібек Соқпаевтың

1)      Үш қатар ІІІ бөлімді ызылдап іштей оқиды

2)      Сөздің жұмысы І  қата                                       жұрт аяғы – кісілердің жүрісі

транспорт түрлері

ІІ қатар  «Жедел жәрдем» – жылдам ауруға көмек көрсету

Станциясы – тұратын жер (машина)

баспахана – кітап, газет, журнал тасып

байланыс бөлім – (почта)   шығарады

хатты, газетті адрес бойынша бөлетін жер

3)      дауыстап оқу – қатар бойынша

4)      Бөлімдерге ат қою

 

IV. Сергіту сәті    (Менің)

Үстінде үйдің тұр еді мысық (тұру)

Қосымша келді бір торғай ұшып

Бас салмай болып  ыршыды мысық   (еңкейту)

Топ ете түсіп құлады мысық (отыру)

Қалды ғой мысықтың жамбасы ісіп  (оң солға бұрылу)

 

5)      Теріп оқу, тауып оқу

1 оқушы  бастай кез келген жерден

2 оқушы  тауып жалғастырады.

 

6)      Бөлімдерді ауыстырып оқу

 

V. Жоспар құрып, жоспар бойынша  әңгімелеу.

а) Арнаулы тұрақ

б) Жедел жәрдем

в) Баспахана

г) Байланыс бөлімдері

 

VI. Сөз жұмбақтар шешу.  Пысықтау

Ақырғы жоспар бойынша сендер байланыс бөлімдері туралы айттыңдар. Осыған байланысты сөзжұмбақ шешейік.

Хабар                       1) Теледидардан көресіңдер

Жаңалық                  2)  Естисіңдер

Газет                         3) Оқисыңдар

4) Хат кім жазады (Үйге тапсыру)

 

VII. Қорытынды әңгіме өткізу.

Сұрақ: Сонымен балалар біз бүгін  қандай бөліммен таныстық?

Жауап: Еңбекпен  ел көгереді деген бөліммен:

Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Менің қолымда суреттер тұр. Қазір әр қатарға  беремін. 3 минут дайындалыңдар. Сендер айтпаған еңбек түрлері бар. Әңгіме құрап біреуін сұрап, екіншілерің жауап бересіңдер.

1)      Сурет бойынша қорытындылау.

2)      Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау.

Еріншектің ертеңі бітпейді

Ерінбеген ерлікке жетеді

(мазмұнын сұрау)

Еліміз көгерсін десек еңбек етуіміз керек

 

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

1)       Хат үлгісін жазу

2)       Әңгімені түсініп оқып, жоспар бойынша баяндау.

3)       Мақал-мәтел, еңбек туралы әңгіме тауып оқып, алып келу.Мақал-мәтел, еңбек туралы әңгіме тауып оқып, алып келу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше