Есептерді теңдеу құру арқылы шешу. (бекіту, пысықтау сабағы)
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қуатова Айтансық Жабатаевна
Тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шешу. (бекіту, пысықтау сабағы)
Мақсаты: Есепті теңдеу құру арқылы шығару жайлы оқушылрдың білімдерін бекіту, өз бетінше жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызша есептей білуге машықтану, өткен тақырыптарды пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздену, тұжырымдау, көрнекілік қолдану.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Сұрақ: Өткен сабақтарда есепті қалай шығаруды үйренді?
Жауап: Теңдеу құру арқылы
Сұрақ: Теңдеу дегеніміз не? Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын
теңдік. (1 минут)
2. Үй тапсырмасын тексеру № 118 бет. № 6, №9 (3,4бет)
Тақтаға қараймыз. Егер сендер үй тапсырмасын дұрыс орындасаңдар мына ақ қағаз алынып ар жағынан бүгінгі сабақта қолданылатын ойын аты шығады. Қағаз алынып «Алтын қақпа» деген жазу шығады. Кім айтады бұл ойынды білесіңдер ме? Алтынға жету үшін Тас қақпа мен күміс қақпаны ашуымыз керек. Әр қақпаның кілті және тапсырмасы бар. Егер дұрыс орындасақ қақпа ашылады. Алтын қақпаның ар жағындағы алтын сандық ішіндегіні кім шешсе сол жеңіске жетіп ту тігеді. Ал бастайық ойынымызды. (3 минут).
3. «Тас қақпаны» ашу. а) кілт тапсырмасы – үшбұрыш туралы
Р – ? қалай табу, неше қабырға, неше бұрыш т.с.с.
1-тапсырма № 1 есеп 119 бет орында! (Оқу, талдату)
Қарындасы – 8 жаста.
Ағасы – ? Х
Қарындасының жасы ағасынан 3 жас кіші
Х -3 = 8
Шешуі: Х = 8+3 Шешуі: 8+3 = 11жас ( түрі)
Х = 11 жаста ағасы
2-тапсырма № 2 119 бет
Жабағы: -?Х Х + 2 16-3
Торпақ – 16
Шешуі: Х + 2 =13 Х = 13-2 х Х = 11
11 + 2 = 16 – 3
13 = 13
4. «Күміс қақпаны» ашу. Кілті № тапсырмасы. Түз нешеу, кесінді нешеу, сәуле
нешеу.
№ 1 тапсырмасы 120 бет № 10
Тақтаға оқушылар мысалдар шығарады.
№ 2 тапсырмасы. «қызықты есептер» ауызша есептеу. (Логикалық тапсырмалар).
а) Үстелдің 4 бұрышы бар, оның біреуін кесіп тастасаң қанша бұрыш қалады? (5 бұрыш)
б) 2 стақанға бірдей су құйдың. Оның біреуін тәрелкеге төңкердің. Қай стақанда су көп?
(Бірдей)
в) Оқушы үй тапсырмасын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салды. 40
минут оны өшірді. Қалған уақытта ол үй тапсырмасын орындады. Оқушы қанша уақыт
сабаққа дайындалды?
г) 10жасар Арман шашын тақырлап алып тастады. Егер оның шашы ай сайын 1 см өссе,
2 жылда шашының ұзындығы қандай болады? (24 см) 3 жылда ше?
д) Ағасында 15 дәптер, інісінде 7 дәптер. Екеуі осы дәптерді тең бөліп алк керек. Ол
қалай? (11 дәптерден келеді).
е) 2 бала м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м. болса, олар неше секунттан кейін кездеседі. (5х2) = 10м. (1 сек) 100: 10 = 10 сек
(10 минут)
5. «Алтын қақпаны ашу» Кілті – төртбұрыш тапсырмасы. Шаршы ауданы, периметрі
туралы айту.
6, Сергіту сәті. Қырғауыл боп ұшамыз
Түлкі боп қашамыз.
Қыран құстай қонамыз
Бой жазамыз тұрамыз
Алысқа біз қараймыз
Орнымызға баппен отырамыз.
- Алтын қақпаны ашу. Кілті – төртбұрыш шаршы туралы.
Мәлімет айту P = ? S = ?
Тапсырмалары: Деңгейлік тапсырмалар.
1 деңгей – 1 қатар орындайды
- Уақыт өлшемі бірліктерін жаз. (сек. минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел ғасыр).
- Амалдарды орында. {100 + 900}: 10 {900 – 900} x 2
8000 – 4000 : 2 {80 : 80} x
3. Теңдеуді шеш: Х х 5 = 15
III -деңгей – IY қатар орындайды.
- Х х 3мс. =12см 2. Теңдеуді шеш: 3. 5 кв = ? 3куб = ?
5см Х =? см 4900 + Х = 59 000 : 10 6кв =? 10куб = ?
III – деңгей – III қатар орындайды.
- 119 бет №3 Теңдеу құру арқылы шығар.
- Қабырғалар 5дм куб. Көлемін тап.
- Теңдеуді шеш 15 х 2 х Х =150
8. «Сандықты ашу» Кілті көп бұрыш. Неше бұрыш, неше қабырғасы бар?
Сандық ішіндегі «Асыл затты» алу үшін сөз жұмбақ шешу керек.
1.Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы.
2. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу
3. Тиіннің шағып жейтін қорегі.
4. Оқушының қажетті құралы
5. Сүйікті баға
6. Қуанышты сөз.
П е р и м е т р
ө р н е к
ж а ң ғ а қ
д ә п т е р
б е с
у р а
Сонымен, біз сендермен теңдеу құру арқылы есептер шығаруды пысықтадық..
Теңдеуді құрамыз.
Өрнектің мәнін табамыз.
Есепті жаңғақша шағамыз
Дәптерге жазамыз.
Бестік деген баға аламыз
Сабақты уралап аяқтаймыз.
Сандық ішінде көк байрақ бар екен. Оны киіз үйге тігейік.
- «Түндікті ашу» тапсырмасы.
Жұмбақтар шешу
1. Бес ағайында 1 інде тұрады (Саусақ)
2. Тық-тық етеді
Өмірі зырлаумен өтеді (Сағат)
9.Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.
1 деңгей № 119 бет 120/8 120-9

классс