Рахмет, саған әліппе!
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қуатова Айтансық Жабатаевна
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздерді 1а сынып оқушылары әзірлеген «Рахмет, саған әліппе» – атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Балалардың тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе».
1-жүргізуші: Бұл кітап – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы
соқпағы.
2-жүргізуші: Енді ертеңгілікке қатысатын 1а сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сыныпта 9 қыз 14 ұл барлығы 23 оқушы бар.
2-жүргізуші: Ендеше, біз сіздерді олармен таныстырайық.
1-жүргізуші: Жұмсағанда баратын
Айтқан тілді алатын қыздарымыз:
Диана, Жазира, Зауреш, Тоғжан, Нұрайым – келіңіздер.
2-жүргізуші: Есепті жаңғақша шағатын біздің жігіттер:
Нұрай, Аслан, Ерхан, Әмірбек, Бахтияр – төрлетіңіздер.
1-жүргізуші: Көп оқитын, көп тоқитын:
Дина, Дана, Дина, Амина келіңдер ортаға
2-жүргізуші: Ай мен күні анамның
Ақылдасы атамның:
Нұрбол, Ардақ, Нұрсұлтан, Асылжан, Диастар болады.
1-жүргізуші: Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын
Ерасыл, Бекзат, Еркебұлан, Руслан – деген ұлдарыңыз болады.
2-жүргізуші: Бала деген шіркін-ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай екен
Арып – ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене
бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
1-жүргізуші: Ерте,ерте,ертеде үлкен №16- мектеп шаһарында Әліппе хан билік жасапты.
Ханның 40 уәзірі және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған
екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап
сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кеткелі жатыр.
1-оқушы. (Ардақ) Уа, халайық келіңіздер, көріңіздер Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
2-оқушы (Бахтияр) Уа, жарандар, жарандар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40
уәзірі мен 2 күтушінің ханды шығарып салу салтанатының куәсі
болыңдар. Әліппе хан (Ерхан) Уәзірлерім сендер неге тұрсыңдар! Ел
ішін аралап келіңдер. Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде
сауатсыз балалар болмауы керек!
3-оқушы (Әмірбек) Әміріңізге құлдық хан ием! Біз түгел ел ішін араладық. Сіздің қатал
мінезіңізбен бұйрығыңыздың арқасында еш сауатсыз бала жоқ екен.
Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен. Көріңіз, тамашалаңыз. (Слайд фильм
көрсетіледі сынып өмірі туралы).
Әліппе хан: (Ерхан) Көңілденіп: Тамаша, тамаша. Ха-ха-ха. Мен осыншама уақыт неге
көңілсіз болдым. Неге қатал болдым. Міне, бүгін дүйім жұрттың да көңілін
көтеріңдер. Менің жарлығымды орындаңдар!
Мұғалім: Ал, канеки хан жарлығына құлақ салайық,
Білім мен өнер көрсетейік.
2-жүргізуші: Кешіміздің пердесін
Ән шашумен ашайық
Бүлдіршіннің өнеріне
Қол соғып қошемет жасайық. (Хор, ән шашу)
1-жүргізуші: Атыраудың айдыны
Алтай таудың айбыны
Астанамыз – Астана
Алматымыз – бас қала.
1-оқушы (Амина) Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.
А-деген аналар ғой ар
Ә-деген әкелер ғой салмақты
Б-деген балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
2-оқушы (Диана) Әліппем менің әліппем
Өшпейтін нұрлы әріптен
Есігін аштың әріптің
Өзіңнен кілт алып мен.
3-оқушы (Дана) Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреттің оны әліппе
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
4-оқушы (Тоғжан) Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
5-оқушы (Нұрай) Әліппе деген алтын жол 5-тік болсын бағамыз
Апарар сені алысқа Біліммен бақыт табамыз
Жеңіл емес ауыр жол Өнер-білім көп тоқып
Тырысып бақ намысқа. Өсе берсін санамыз.
6-оқушы (Зауреш) Әр күнім келер жаңалықты
Тоқимын оқып білім, жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жанымда ізі қалды жаңа әріптің.
7-оқушы (Бекзат) Үйретіп жаздың да өрнектерін
Ойымда әліппемен тербеткенің
Зор қуаныш маған да ұстазға да
Тілін алып әліппені сөйлеткенің
8-оқушы (Аслан) Үйретіп алғаш бізге Әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
9-оқушы (Еркебұлан) Әлі талай баспалдақты басамыз
Биік-биік асулардан асамыз
Ұстазым берген білімді
Өмір бойы жанымызда сақтармыз.
Хор-ән.
10-оқушы (Диас) Осылай алға бастадым
Әр әріпіті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бапстадым.
11-оқушы (Нұрайым) Айналдым сені аяулы әліппем.
Құралған 42 қымбат әріптен
Үйреніп оқып, жаздым қалам алып
Қадірледім қасиетіңді танып мен.
1-жүргізуші: Алғашқы әліппені жазған, құрастырған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
Әліппе хан (Ерхан), Мен сендерге сондай риза болдым. Өзімнің орнымды
балам «Ана тілі» басады деп сенемін. Оқушыларды марапаттау. Сөз кезегін
ұстаз алып марапаттайды, не мектеп әкімшілігі.
12-оқушы (Дана) Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
13-оқушы (Нұрсұлтан) Біз енді әліппемен қоштасамыз
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз
Білімнің бұлағынан сусындауға
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Ана тілі шақырылады.
Ана тілі хан (Ерасыл). Туған елдің тілімін Ана тілім – елдігім
Ақылыммен танылам Ана тілім – ерлігім
Түсіндірер бәріңе Ана тілім болмаса
Ана тілі пәнімін Бүтінделмес кемдігім.
Мына менің оқулығымды сыйға тартамын. Ана тілі кітаптарын сыйлайды. Ана тілі таққа отырады.
Әліппе хан: Қош сау болыңдар, балалар.
1-жүргізуші: Сөз кезегін құрметті қонақтарға берейік.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалар есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар. (бата беріледі)
Ұстаз сөзі: Әліппемен біз бүгін қоштасамыз
Ана тілімен бәріміз достасамыз.
«Білімді ұрпақ елімнің» тірегі деп
Айтып өтті елбасы Нұркөкеміз! – дей отырып, мерекелеріңіз құтты болсын
қымбатты қонақтар!
Әнұран орындалады.
