Санды 10, 100, 1000 және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

Қарағанды облысы,  Шахтинск қаласы,  №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі  Қуатова Айтансық Жабатаевна

Тақырыбы: Санды 10, 100, 1000 және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу.

Санды 10,100,1000 т.с.с. сандарға қалдықпен бөлуді пысықтау.

Мақсаты:  а)   Санды 10, 100, 1000 және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу жайлы       оқушылардың білімдерін бекіту жалпылау. Саеды 10, 100, 1000 т.с.с.   сандарға қалдықпен бөлуді пысықтау.

ә)  Тәрбиелік: Балаларды  ұйымшылдыққа, адалдаққа, белсенділікке,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық:  есеп шығара отырып  ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін,  ой белсенділігін өздіктерінен ізденісте түсулерін дамыту.

Көрнекіліктер:  тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар.

Оқыту түрі:       Ауызша, жазбаша ізденушілік, көрнекілік, (зерттеушілік) сұрақ,жауап, ойын, ауызекі жауап беру.

 

Сабақтың барысы.

 

  1. 1.      Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылардың сабаққа деген дайындықтарын тексеру.
  2. 2.      Өтілетін тақырыпты еске түсіру, пысықтау.

А) Аудан, көлем өлшемдері см куб, дм куб, м куб, см куб.

Б) Т еңдеу құру арқылы есеп шығардық.

(Ауызша есеп шығару) Талғаттың бірнеше дәптері бар еді. Ол одан 2 еуін інісіне берді.  Маратта 10 дәптер бар еді. Ол оған тағы да 5 дәптер қосса, Талғат пен Мараттың дәптері тең болды. Талғатта неше дәптер болған.

Талғатта  Х-2 =10+ 5

Маратта   Х-2= 15 .   Х =15+ 2

Ауызша жұмыс   17-2 = 10 +5        Х =17

15= 15

  1. 3.      Жаңа тақырыппен жұмыс.

Біз бүгін санды 10, 100, 1000 есе арттырып көбейту мен бөлуді үйренеміз,

Пысықтаймыз.

 

1-тапсырманы орындау.

А) 2 х 10 = 20                          23 х 10 = 230                    234 х 10 = 2340

2 х 100= 200                      23 х 100 = 2300                234 х 100 = 23400

2 х 1000 = 2000                  23 х 1000 = 23000            234 х 1000 = 234000

Санды 10-ға , 100-ге, 1000-ға көбейту үшін  сол санға 0 дерді тіркеп қосып жазамыз.

Б) 230 : 10 = 23                             20 : 10 =  2

2300 : 100 = 23                         200 : 100 = 2

23000 : 1000 =  23                     2000 : 1000 = 2

Санды 0-ге бөлгенде 2, 3, 4  нөлдерін алып тастаймын.

 

 

 

 

 

2-тапсырма:     98 санын 10-ға қалдықсыз бөлуге болады

98 : 10 = (90+8) : 10 = 9 (8 қалдық).        8 <10

987 : 100 = {900+87}: 100 = 9 {87 қ} 87 < 100

9876 : 1000 = 9 {876  қ} 876 < 1000  Түсіндіру.

 

  1. 4.      Пысықтау жаңа тақырыптарды

Топпен жұмыс «Жүзден жүйрікпіз»

 

I топ

Мына сандарды 10, 100ге  1000 ға есе  кеміту

50   560,   5600

II топ

Мына сандарды 100, 1000   есе кеміту

400,  45000,    4560000

 

 

ІІІ топ    1000,  10 000,  100 000 есе кеміту

4000,    45 0000       456 00000

 

  1. 5.      «кім тапқыш?»  – ойыны арқылы  127  беттің  № 5 тапсырманы орындау

 

Тақтада мысалдар жазылады. Келесі тақтада ағаш сұрақтарында  жауаптары бар

Соны тауып: орнына қою керек

а) 359: 10      647 : 100                 12894 : 1000           200 : 1000

72  : 10       4383 : 100               8536 :  1000           2000 : 1000

бөліндінің  мәні:  35, 7, 6, 43, 12, 8, 2, 2

қалған сандар не болады:  (9, 2, 47, 89, 894, 536 – қалдықтар)

ә) 294 : 10     356 : 100          58417 : 1000         2400 : 100

68 : 10       749 : 100         6246 : 1000            34000 : 10

291 : 10 = 29 (  )    4, 8, 56, 49, 417, 246 – қалдықтар

 

  1. 6.      Сергіту сәті
  2. 7.      Сөзді есеп  шығару №6 тапсырма

5 орамда – 360 м шыт                   ?   1 орамдағы шыт

3 орамда – 108 сәтін                           сәтеннан неше метр артық

Шешуі: 360 : 5 = 72 м  І орам шыт      75 – 54 = 18 м артық

108 : 3 = 54 м І ор. сәтін

 

8. Логикалық есеп:   Казір қай ғасыр? 21 ғасыр

1 ғасырда неше жыл бар?

100 жыл. Яғни 21 ғасырда неше жыл? 2000 жыл. 21 ғасырда 2 жылы бұл қандай сол 2002 ж. Осы 21 ғасыр деген санға байланысты ана тілінің өтілген  тақпақ, өлең шумағын еске түсіріп, кім оқып береді. (Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатайұлын) еске алу.

Уақыт жылдам өтеді. Минут, секунт, сағат, апта, ай, жыл, ғасыр. Жылдар, ғасырлар өтсе де біз ерлер есімін ел естен шығармайды.

Уақыт деген сөзді ести отырып осыған байланысты қандай есептер шығарып едік? Жылдамдықты, уақытты,  қашықтықты табу.

 

 

.

 

9    №7 тапсырманы орындау

Кесте бойынша

 

Шешуі: егер 4 сағат 240 ем жүрсе I сағат?

240 : 4 =  60 км.сағат

60 : 5   = 300 км. жүрген.

10.  Қорытынды.  Бағалар.

Дөңгелек сандарды ата.

 

10. 100 .1000. 10 000. 100 000. 1 000 000

10 000 000. 100 000 000. 1000 000 000.     таныстырып өту.

 

4.  400 неше есе арттырылған      2  20

7.  7000 неше есе ?                        9  90 000

Неше есе кеміген.

 

5000.  5          700;  7    ережені қайталау

60   6              90 000   9 ережені қайталау.

 

11. Үйге тапсырма        123 бет  № 4, 8.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше