Жас мамандармен жұмыс портфолиосы
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қуатова Айтансық Жабатаевна
Жас мамандармен жұмыс портфолиосы.
Оқушылардың белсенділігін көтерудегі
халықтық педагогикалық маңызы
Қазақ халқы өз ұрпағын салғаннан бастап, оның ақыл ойын ойдағыдай қалыптастырып, ойлау, сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс – тәсілдерді (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т.б) шебер пайдаланып отырған. Халық осы мақсатқа орай мақал – мәтелдерді де кісіні ойлантып, толғантып даналық сөздермен, ұағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды шешендік толғаныстырады пайдаланған. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады, білімдінің дүниесі жарық, білімсіздің күні кәріп!» дегендей көшпенді халық болса да, ғылым – білімді дәріптеп, ақыл – ой тәрбиесінің негізі – терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа жан – жақты ұғымдырып отырған әр отбасы өз баласынан ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтардың, түрлі аңыз – әңгімелер мен тақпақтардың, өсиет сөздердің тәрбиелі мәнін әр кез ескерген.
Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйрететін, адамдыққа баураған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлерді, салт – санасы бай да баянды мұра.
Бастауыш сыныпта көптеген ұстаздар балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен әдет – ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға тәрбиелейді. Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бағдарламасында халық педагогикасының әдістері, мүмкіндіктері ескерілмеген. Осыған орай оқулықтардағы шағын материалдарды дамытып, оқушылардың түсінігі сай халқымыздың мәдениетінің кейбір элементтерін өздігінен ұстаздар енгізіп отырады. Оқушылардың ойын, тілін дамыту үшін мұғалім ертегілерді, аңыздарды, мақал – мәтелдерді сабақ түсіндіргенде, пысықтап қайталауда қолданып жүр. Мұғалімнің мақсаты: оқушыларға, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын білуге үйрете отырып, ойлау өрісі мен білім деңгейін көтеру.
Осы мақсатта, ана тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі, еңбек т.б. сабақтарда халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын , мақал – мәтелдері мен ұлы ақын – жазушылардың нақыл сөздерін қалай қолданып жүргеніне тоқталып өткім келеді.
Қазақ тілі. Тақырыбы: «Зат есімнің тәуелденуі» – түсіндіру үшін «Үш шаңырақ деген тірек белгілері арқылы көрнекілік жасап сабақ түсіндіру»
І жүз ІІ жүз ІІІ жүз Үлкен шаңырақ
Ұлы ортақ кіші ұлы жүз – менің шаңырағым
Орта шаңырақ – сенің шаңырағың
Жеңеше Кіші шаңырақ – ол оның шаңырағы
- Менің шаңырағым
- Сенің шаңырағың
- Оның шаңырағы тәуелденіп шаңырақ
Копия дұрыс болсын десеңдер,
дұрыс тәуелдеңдер деп тапсырма берілді
ІІІ жақ болып жарысты. Қортынды шығарылды. Тақырыбы: «Зат есімнің септелуі» деген тақырыпта түсіндірілуі өз шығармашылығын мен «Жеті ата тақырыбына әңгіме жазды 1 әңгіме, 2 бала, 3 немере 4 шөбере 5 немене 6 шөпшек 7 жұрағат
8 туажат. Қорытындысында, халық педагогикасының негізіне сүйеніп, қазақ халқының жеті атасының буын жіктерінің атауларын таныстырып, оқушыларға өздерінің жеті атасын білу керектігін үйреттім. Жеті ата қалай сабақтасып байланысып келсе жеті септік жалғаулары, сөйлемдегі сөздерді байланыстыратынына тоқтадым.
А. Әке
І. Кімнің әкемнің
Б. Әкеме, әкемді, әкемнің, әкеммен – сөйлемде ойлатқыздым.
Сабақты және «Жеті септік» жалғауын білген, жеті атасын білер мәтелмен бастаған жаттығу, сұрақ – жауап, ойын – элементтерін де халқымыздың ұлттық ерекшелігіне байланысты өнер білім, еңбек туралы айтқан нақыл сөздерге сүйене отырып сабақты пысықтадым.
«Жауынмен жер көгерер!
Батамен ел көгерер»
«Ең жақсы киім – халқымның киімі»
«Ең жақсы әдет – қазақтың әдеті»
«Жалпы есім мен жалқы есімді» тақырыбын өткенде саяхат сабағын жүргізу арқылы туған жердің «Қызық кітапқа енген » алып, кұс, жер – су аттарын меңгертіп экологиялық тәрбиемен ұйымдастырдым.
Аңшының кұсы: бүркіт киімі, қаружарағы
Ертарғынның аты – Құлагер
Жүз жасаған ақын – Жамбыл Жабаев
Мектеп ашқан, кітап жазған: Ы. Алтынсарин
Тұңғыш ғарышкерлер: Т. Әубакиров
Т.с.с. Жалқы есім мен жалпы есімді айыру
3 – сыныптың кітабында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесі тоқсан басында, соңында қайталанады. Мысалы А. Ә № о – ө, ы – і, ұ- ү т.б. сол кезде мақалдарды пайдалана отырып ұлттық киімдер мен төрт түлікке байланысты мақал – мәтелдерді қолдана отырып ғасырлар бойы жинақталған тәрбиенің тамаша үлгісі бар екеніне тоқталамын.
«Ең жақсы киім – халқымның киімі
Ең жақсы әдет – халқымның әдеті» – деген мақалды айтып оның мәнін түсіндіреміз, ашамыз.
Кимешек – шуды бәсендететін шаң – тозаңды, ыстықта шашты құрғаудан түсіп қалудан қорғайды.
І Тақырып: «Ә» дыбыс – әже
Мойын, алқым, тамақ кеудені таза ұстайды. Әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғайды.
«Етек, жеңі кен тігілген көйлек» – ми қайнатқан 40 күн шілде де қоңыр салқын қасиетімен жанға сая болады.
Ұлттық киімдерді адам денсаулығына тигізер пайдасы мол, онда ғасырлар бойы жинақталған тәжірибеңіз тамаша үлгісі бар екеніне тоқталып қорытындылаймын.
И – й – емлесін өткенде
«Ит – әулиеге барып өлген, жеті қазынаның бірі» – деген халық аузынан жазылған әңгіме арқылы иттің адамға пайдасы түсіндірілді.
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп —————— ай туралы тоқталып өттім
Сұлуларды айға теңеген
(табиғат)
Математика сабағында да ұлттық салт – дәстүрлер мен мақал – мәтелдерді ойын түрлерін қолданып жүрмін
1 – сыныптан бастап – математика сабағында халықтың санамақтарын жеке пайдаланамын. Ондағы мақсатым – сандардың атауларын білдіріп баланың босқа жүрмей, оқуға, еңбек етуге, таза жүруге, әсемдікке тәрбиелеу.
1 – дегенім – бөрік, кисем бойға көрік
2 – дегенім – етік, – киер сәнді етіп
3 – дегенім – ішік, теріден тігер пішіп
4 – дегенім – тұмақ, қыста кисең жылы- ақ
5 – дегенім – байпақ, іші жылы тайпақ.
«5 санына» келген кезде балалардың саусақтарының әртүрлі екеніне көңіл аудартып, «Бес саусақ бірдей емес» деген мәтел – мәтелдердің мағынасын түсіндіру үшін, халық аузынан айтылған бір аңызды айтып бердім.
Өте ертеде адамның саусақтары бірдей болыпты, бірдей бесбармақ: «Ана жүрген қара нарды сояйың» – депті. Сұқ саусақ : «Сойсақ сояйық» – депті. Ал ортаң саусақ: «Құдайдан қорықпайсыңдар ма! Соймайсыңдар» – депті. Аты жоқ саусақ: «Сойсақ сояйық, көп жынына тояйық» – деп шіңкілдеп қоймады. Бұны естіген құдай бесбармақты шорт кесіп тастады, сұқ саусақты да кесіп тастады, ал ортаң саусақты «Құдайдан қорықпайсыңдар ма», деген соң, кеспейді, аты жоқ саусақты аздап кеседі, бірде сенеді, бірде сенбейді құдайға. Онда шынашақты шіңкілдеп қоймағаны үшін сабақ, шорт кесіп тастайды. Мұндағы мақсат 5 – те, тонып қалмай – балаларды ұрлық жасамай, адалдыққа, дінді қадірлей білуге тәрбиелеу, сыныптар жоғарылаған сайын күрделене түсіру керек. Міне «Ақсүйек» ойынын пайдалануға болады. «Түн» дегенде көзін жұмады. Мұғалім ақсүйекті 1 оқушының оқу құралының арасына тығады. Әрине онда керекті тапсырма бар. «Күн» дегенде көздерін ашып ақсүйекті тауып, менде деп жауап беріп тапсырманы оқиды. Не тақтаға шығады, қалғандары тексереді. Сөзді есеп болуы да мүмкін. «Ат жоры» – 3 қатар жарысып есеп шығарады, қай қатардың тойы белгілі жерде бұрын жетсе сол қатар жеңеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, ой – өрістерін кеңейту тәсілдерінің бірі – сандармен жұмбақ жазу.
Төмендегі сөздерді жасыруға қолданған сандар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 20, 30, 40, 50, 100.
Мысалы: Келесі сандармен өрнектелген жұмбақты шешсеңіздер, киіз үйдің ағаштан жасалған жабдықтардың атын оқисыздар.
3-2 6-1 1000-3 20-3 1-3 6-1 40-1
ш а ң ы р а қ
50-3 40-2 90-3
у ы қ
2-2 5-2 1-3 7-2 8-3 5-2
к е р е г е
7-2 5-3 1-2 2-2
е с і к
қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, келе жатқан халық. Сөз зергерлердің аузынан шыққан мақал – мәтелдерді үздіксіз үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап маңызды сөйлеуді борыш деп санайды. Қазақтың мақал – мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары елдің, ынтымақ, бірлік, еңбек, сыпайыгершілік, үлкенді сыйлау туралы мақал – мәтелдер
Туған жеріңе туыңды тік (жер)
Ер бір өледі
Қорқақ мың өледі (ерлік)
Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді (білім)
Өнерліге өлім жоқ (өнер)
Жері байдың елі бай
От басындағы ата – аналар да өсиет ретінде айтып отыру керек. Әке – тірегің, ана – жүрегің, ашу дұшпан – ақыл дос, қыз қылығымен жағады. т. с.с.
Сол сияқты тәрбие сағаттарында да ұлттық ұраны, әдет – ғұрыпты үнемі қолдануға болады. Мысалы мынадай тақырыптарды сынып сағатында өткізуге болады.
- Сәлемдесу, сәлем түрлері
- Мектептегі, көшедегі, үйдегі әдеп
- Аты жөнін. Жеті атасын
- Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету
- Өзара әдептілік. Сөз тыңдау, сөзде тұру
- Дастархан басындағы әдептілік
- № арасын ажырату (атай білу)
- Ұлттық киімдер
- Төрт түлік
- Қонақтағы әдептілік
- Қазақша ұзындық өлшемдер
- Ұлттық мерекелер
- Айт. Діни ұғымдар т.с.с
- Бата. Бата түрлері
Халық зердесіне терең үңілсек, ұрпақ тәрбиесі қай елдің, қай кезеңнің болсын толғақты мәселесі болып отыр. Бұл көкейтесті мәселелер ғасырлар бойы тек халықтың өткен тәжірибесіне сүйенгенде ғана сәтті шешімін тауып отырған. Халық мұрасынан танымдылық тәрбиелік мәні – ұланғайыр және қазақ халқында бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып терген мол тәжірибиесі бар. Халық өз бойындағы ұрпаққа күнделікті тұрмыста, үйретіп бала бойына сіңіріп отырған. Сол қасиетті біз ұстаздар да жоғалтпай, естен шығармай әр сабақтың бір сәтінде қолдана білсек, ұрпақты тәрбиелеуге білім беруде көп дәрежеге жетер едік деп ойлаймын. Ең алғашқы «Қазақстан» жеке мемлекет болып шыққанда, ел басы кім болады дегенде «Далада туып өспеген, шаңын баспаған ер азамат бұл елге ел басы да бола алмай, мұң – мұқтажын да түсіне алмайды» деп еді бір ағаларымыз. Осынын өзінен ақ ұлттық тәрбие мен білімнің мәні зор екенін түсінуге болады. Ал бастауыштағы алған білімді әрі қарай жоғары сыныптарда жоғалтып алмай, жалғастырса екен деймін.
