12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ЖОО-да ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектебі Жарылкасын Гаухар Айболаткызы

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ЖОО-да ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУДЫҢ  НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз», – деген еді Н.Ә.Назарбаев.

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  білім мен ғылым  қызметкерлерінің екінші  съезінде  «Болашақта еңбек  етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі  мектеп оқушылары. Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан  жүктелетін  міндет өте  ауыр» деген  болатын. Осы  ғылым мен білімнің  негізін  тереңдету  нәтижесінде  ғана  еліміз  өзінің  елдігін басқа  елдер  алдында  көрсете  алады. Ал  ел  тағдыры оның  келешекте  кемелді  ел  болуы  мектептің  қандай  негізде құрылуына  байланысты  болмақ.

Қазіргі таңда Қазақстан  бүкіл әлемдік  білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру  жүйесінің  моделі  күрделі  өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан  заман талабына сай  жаңа  мазмұнда  білім беруді  ұйымдастыру  12 жылдық  оқытуға  көшумен тікелей байланысты. Ондағы  өзекті  мәселе  әлемдік білім  кеңестігіне   шығудағы  Қазақстанның  жаңа  ұлттық  білім  моделін  қалыптастырудың  тиімді  жолын  анықтауында.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістігіне кіруі, 12 жылдық білім беруге көшуді шарт ететін, ұстаздық қоғамнан кәсіби міндеттерге және оны шешу жолдарына  жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Инновациялық қызметтің белгісі болып шеберлік, шығармашылық, жете білушілік болды.

Тәуелсіз Қазақ Елінің ХХІ ғасырдың бас кезіндегі аса ерекше оқиға – ғаламдық жаһандану кеңістігіне әлімдік озық тәжірибелер мен жетекші технологиялардың қарқыны һәм ықпалымен санаса отырып, бес мың жылдық тарихи-мәдени мұрасын сақтай отыра ену үрдісі – қоғамдағы құбылыстарды адамзат перзентінің танымдық-тағылымдық тұрғыдан түсіну жағдаяттарының жаңа моделін қалыптастыруда.

Қоғамдағы бұрын-соңды болмаған айтулы орасан өзгерістер жалпы даму заңдылығының күрделі компоненті болып саналатын білім жүйесіне үлкен ықпалын тигізіп отыр. Білім берудің заман талабына сай әлемдік озық тәжірибелерге негізделуі – жоғарғы оқу орындарындағы білім параметрлері мен дидактикалық қағидалардың интерациялануына түткі болуда. Университет қабырғасында білім алып жатқан көптеген жастар жаңа қоғамда белең ала бастаған жетекші технологиялардың құбылыстарын жақын білуі үшін қоғам қажеттіліктерінен туындаған жүйелі тұрғыда жан-жақты білім алуға деген ынта-ниеттерін арта түскені байқалады.

Дегенмен, жастар арасында қоғамға қажетті және өз елінің экономикасының қарыштап дамуы мен мәдени гүлденуі үшін тек қана өзі таңдаған маман иесі болумен қатар, туған халқының діни-рухани, тарихи-мәдени құндылықтарын қастерлеу, терең оқып-тану және қолдан келгенше жеке үлесін қосуға деген ұлттық сезімнің бар екенін қуана айтуға болады. Олардың ойынша жаңа заман талап етіп отырған жетекші маман иесі болу мүмкіндігі тек классикалық тұрғыда сапалы білім алумен шектелмей өз ұлтының тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы және ұлттық ерекшеліктері жөнінде қосымша толық мағлұматтар алудың маңыздылығы зор екенін атап өтеді.

Аталмыш мәселелерді шешу біржақты ғана сипат алып қана қоймай, қайта көпшілік қауымның қолдауымен кешенді тұрғыда жүзеге асырылуының тиімді екенін бүгінгі тәжірибелеріміз көрсетіп отыр. Демек, бүгінгі жалынды да дарынды жас, ертеңгі білікті де, ілкімді маман – жас ұрпақ өкілдерінің өз елінің тарихы мен мәдениетін, ұлттық қазыналары мен құндылықтарын, діни-рухани мұраларын қастерлеуге баулитын ұлы істерге үлес қосатын арнаның бірі – халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік  мұраларын ізгіліктендіру барша қауымның абыройлы ісі болмақ.

Қазіргі таңда инновациялық оқытудың бірден-бір әдістерінің бірі – компьютерлік технология. Компьютермен оқыту – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады және де өздігінен іздену жұмыстарын жүргізеді.

12 жылдық оқытуға көшуҚазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне және көптеген мәселелерді шешуге, отандық аттестаттарымыздың шетелде танылуына,  жастарды әлеуметтік қорғауға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ білім беруді саралауға, даралау мен ізгілендіруге, яғни шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық  модельді дамытуға, “жалпыға арналған білім” үлгісінен “білім әркімге өмір бойы”  үлгісіне сапалы көшуі қарастырылады. Оқу жүктемесін азайту нәтижесінде оқушылардың денсаулығын жақсартуға болады, ал   үнемделген уақытты саналы тәрбие жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Бес күндік оқу тәртібінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуына себептесетін үйірмелерге, секцияларға, таңдаулары бойынша қосымша сабақтарға қатысуға оқушылардың бос уақыты көбейеді және де 12 жылдық мектеп түлектерінің өз кәсібін анықтауға мүмкіндіктері жоғарылайды.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.

12 жылдық мектепте  білім берудің негізгі міндеттері адамның құқықтары мен еркіндіктеріне, мемлекеттік рәміздерге, Қазақстан халықтарының мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ҚР әлеуметтiк, саяси және экономикалық өмiрiне белсене қатысуға  дайын, бәсекеге қабiлеттi, құзырлы тұлға қалыптастыру, ақпараттандырылған, өз пiкiрiн айтуға қабiлеттi, қоғамдағы  әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi алып жүре алатын, ұжымда,  қоғамда, жеке отбасында әлеуметтiк рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны  қалыптастыру болып табылады. Жоғары педагогикалық оқу орнында маман даярлаудың басты мақсаты – болашақ педагогтың бойына тек қана күрделі практикалық педагогикалық міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты даярланған, шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Қазақстанда ЖОО-ның алдына қойылып отырған басты міндеттер төмендегілер:

1. ЖОО жан-жақты өрістеп, қазіргі заманғы білімді жинақтаушы, қорландырушы және таратушы орынға айналуы тиіс;

2. ЖОО ғылымға, соның ішінде іргелі ғылымға көп көңіл бөлуі қажет;

3. Ғылымның жаңа бағытын, жоғары технологиялар мен экономиканың инновациялық секторын, жаратылыстану саласының тың проблемаларын зерттеуге жүйелі кірісуі тиіс;

4. Ақпараттық ашықтықтың, әлемдік білім мен ғылымға ықпалдасудың биік деңгейін орнықтыруы абзал;

Әлемдік ғылымдағы және оқыту әдістемесіндегі жаңа бағыттарды меңгеруде икемділік пен алғырлық танытуы қажет.

Болашақ мұғалім ақпараттық білімнің әдістемесін толық меңгеруге тиіс, яғни оқу процесін қамтамасыз ететін бағдарламаның психологиялық-педагогикалық бағасын беруге, компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, оқу процесін жобалағанша ақпараттық жүйені өздігініше пайдалануға мүмкіндігі болуға тиіс.

Сапа мәселесінің ерекше қолға алынуының басты себебі қазіргі таңдағы қоғамдық өзгерістерімен байланысты. Соған байланысты болашақ маманға жаңаша талап қойылады. Олар:

  • Алған білімдерін инновациялық технологияларға пайдалана білу;
  • Ақпараттық технологияның жаңа тәсілдерін игеріп, білімнің жаңа көздеріне қалай шығаруды білу;
  • Өз бетінше білім алу және мамандығын жетілдіру тәсілдерін игеру;
  • Ғылыми-зерттеулерді жүргізудің әдістерін білу және үйрену;
  • Демократиялық қоғамда өмір сүрудің азаматтық және әлеуметтік қажетті компетенцияларын өз бойына жинақтау.

Президент: “Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті бол­ма­сақ, өз мақсатымызға жете ал­май­мыз. Барлығы мектептен, ал Қа­зақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, деген болатын. Сондықтан да бәсекеге қабілетті, мұғалімдік мамандыққа қыры бар оқушыларды мектеп табылдырығынан бастап дайындап, ЖОО-дарына барар баспалдақты қалап берсек, талай шыңдар мен асуларды бағындырарымыз анық. Мектептер мен ЖОО-дарын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіріп, инновациялық технологияларды  солай қарай бейімдеу – әлем кеңістігіне апарар жол.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында / Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 2005 жылғы 18 ақпан.
  2. Концепция непрерывного педогогического образования педагого новой формаций РК (Проект Астана 2005 г)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше