Қызылорда облысы, Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейдің
тарих-география пәнінің оқытушысы Әлменова Нұргүл
XV – XVIII ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV – XVIII ғасырларда оның дамуы, Тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта келіп, сот жүйесі салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы ұлыс құрылымын, әкімшілік – құқықтық нормалардың ерекшелігін көрсету, білімдерін тереңдету.
Ә) дамытушылық: оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып үйренуге, шапшаңдыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге, алған білімін нақтылай алуға үйрету
Б) тәрбиелік: оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, Отан сүйгіштікке, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша түсіндіру, топтық жұмыс, тірек – сызбалар, салыстырмалы тест, сөзжұмбақ
Көрнекілігі: карта, схемалар, буклет оқулық, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: География, Дүние жүзі тарихы, Құқық негіздері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Оқушылармен сәлемдесу.
Топ оқушыларын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 5 мин
Үй тапсырмасын «кім көп біледі?» ойыны арқылы тексереді.
Қазақ хандығы қашан ұрылды?
Әбілхайыр хан қай жылы қайтыс болды?
Қалмақ және Қазақ ханы атанған қай хан?
Хақназар хан қай жылдары билік етті?
Тәуке хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?
Қазақ хандығының негізін салған кімдер?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту: 3 мин
IV. Жаңа сабақты түсіндіру: 20мин
Тақырыбы: XI-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығынының қоғамдық құрылысы
ЖОСПАР:
Хандық үкіметтің басқару жүйесі
Әлеуметтік құрамы
Билер кеңесі
«Жеті жарғы» заңы
Салықтар мен міндеткерліктер
XI-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығыны ең жоғарғы билеушісі хан болды. Хан өзінен кейінгі сұлтан,билердің көмегіменбилік жүргізілген. Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген. Тек Шынғыс ұрпағынан шыққандар ғана «хан» атағын алатын болған.
Ханның 5-түрлі құқығы мен міндеті болған.
Құқығы |
Міндеті |
1. Мемлекеттік жеріне билік жүргізу | 1. Елді сыртқы жаудан қорғау |
2. Соғыс жариялау | 2. Әскерді басқару |
3. Шет мемлекеттермен келісөз жүргізу | 3. Мемлекеттік сыртқы сөйлесу бағытын белгілеп отыру |
4. Өзіне бағыныңқы адамдарды өлім жазасына кесу немесе тірі қалдыру | |
5. Заң шығару, бұйрық беру |
XV-XVIII ғасырларда қазақ халқы әлеуметтік құрамы жағынан екі әлеуметтік топқа бөлінген.
Жеті жарғы заңы
Қазақ халқының бұл заң жарғылары Тәуке хан кезінде өмірге келді. Жеті жарғы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нормалары ретінде өмірге енді.
«Жеті Жарғы» 1867-1868 жылғы Ресейдің уақытша ережесіне дейін міндет атқарды.
XVII-XVIII Қазақ мемлекетінде меншік қатнастары болған.
ҮІ. Оқушылармен жұмыс: 8 минут
І тапсырма Сөз жұмбақ
«ТӘУЕКЕЛ»
1. Баба сұлтан осы қаланың жанында өлтірілді
2. 1582-1598 жылы Қазақ ордасының ханы
3. 1583 жылы Тәуекел хан басып алған қалаларының бірі
4. Абдаллах қай елдің ханы?
5. Орыс патшалығының астанасы
6. Ресейден келген елші
7. Баба сұлтанның адамдары өлтірген қазақ сұлтаны
ІІ тапсырма. Сәйкестендіру тест
Қазақ хандығының құрылымы
VII. Жаңа сабақты бекіту: 5минут
Топтастыру. Венн диаграммасы арқылы оқушылардың түсінігін тексеру.
VIII. Оқушыларды бағалау: 1 минут
IX. Үйге тапсырма: 1 минут
§21 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрлығысы.
«Қазақ хандығы» тақырыбында реферат жазу.