Ұланымыз ұлы елдің. Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ә.Тәжібаев ауылы, №214 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әбдіқадырова Гүлжазира Сансызбайқызы
Ұланымыз ұлы елдің
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты бақылай отырып, Отанымыздың арқа сүйер азаматы болып,көзінің қарашығындай қорғап,төзімді, шыдамды,еңбекқор, тапқыр болуға ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: сандықша, жауап парағы, бүктеме, слайдтар, жалауша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты екі топқа бөліп отырғызып, «Сұңқар» тобы, «Тұлпар» тобы
Бірінші кезекте: Ән «Қазақтай ел қайда».
Бүгінгі әдеп сабағымыз жеті бөлімнен тұрады.
- 1. Баяндама: «Тәуелсіздік – баға жетпес ұғым»
- 2. Бой сергіту. Топтарға жеті сұрақтан беріледі. Топ басшысы жауап береді. Талдауға бес минут уақыт беріледі. Сұрақтарға ең көп жауап берген топ ұтады.
І топ
1. Алаш партиясының баспасөз органы (Қазақ газеті)
2. Алаш партиясын құрушылар (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов)
3. «Ақиқат сыйы»дастанының авторы (Ахмет Иүгінеки)
4. Аса көрнекті күйші, сазгер аспапты музыканың (күйдің) классигін
атаңыз (Құрманғазы Сағырбайұлы)
5. Әбу Насыр Әл – Фараби Отырар қаласында қай тілде білім алған
(Қыпшақ)
6. А.Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген жинағы
(Маса)
7. Балқадиша, Маңмаңгер, Құлагер әндерінің авторы
(Ақан сері)
ІІ топ
1. Бөкей ордасы қашан құрылды? (1801ж)
2. Біржан – Сара операсының авторы (Мұқан Төлебаев)
3. Ел астанасын Ақмолаға көшетіндігі Республика президентінің жарлығы
қашан жарық көрді? (1995ж)
4.Елбасының 1997 жылы 10 қазанда жарық көрген жолдауы (Қазақстан-2030)
5. Қазақ тілі білімінің негізін салушы, жазалау шараларының құрбаны кім?
(А.Байтұрсынов)
6. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын (Ахмет Иүгінеки)
7. Баянауыл, Сұршақыз әндерінің авторы (Жаяу Мұса)
3.Сиқырлы сандықша
Сиқырлы сандықшадан әр топтың басшысы сиқырлы сұрақтардың нөмірін алады. Жүргізуші әр нөмірге сұрақ немесе жұмбақ оқиды. Өз тобында талқылап, топ мүшелері жауап береді.
- 1986 жылы қандай оқиғалар болды?
(16 желтоқсан күні Қонаевтың қызметтен алынуы, 1986 жыл16 –17 желтоқсан оқиғасы болды)
2. Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай әндер дүниеге келді?
(«Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндері)
3.Тәуелсіздік монументі қашан, қай қалада орнатылды?
(1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументі ашылды)
4.Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын. (Қайрат Рысқұлбеков)
5.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қашан қабылданды?
(1993 жылы 28 қаңтарда)
6.Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы
(Дәулеткерей)
7.Сыныптан бір шықпайды
Тимесең жұқпайды.
Жәрдемінсіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды.
(Бор, көмір қышқылының кальций тұзы)
4. Жанды сұрақ
Тарих пәні мұғалімі Оразымбет Несібелі:
Сұрағы: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біз көрші елдермен шекарамызды нақты белгілеуге кірістік. Қай жылы Ресеймен Қазақстан арасында шекараны бекіту туралы шартқа қол қойылды?
(2005 жыл ,қаңтар )
География пәні мұғалімі:Қалыш Рсалды
Сұрағы:Еуразияның теңіз деңгейінен ең биік, ең терең жері, ең терең көлі, ең үлкен көлін атаңыз
(Ең биік Гималай – 8848м,ең терең жері Өлі теңіз – 403 м,
ең терең көл Байкал – 1620 м, ең үлкен көл Каспий)
Химия пәні мұғалімі: Жапбасбай Рабиға
Сұрағы: Өсімдікке нәр беріп, қуат болған,
Өнімі артып , егістің қырман толған.
Бұл қандай зат: қанындай өсімдіктің,
Беретұғын химиктер жасап қолдан?
(Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары)
Биология пәні мұғалімі: Нұрмағанбетқызы Ұлтай
Балалар, қорық дегеннің мағынасын білесіңдер, олардың қызметі флора мен фауналарды ұзақ сақтауға арналған.
Сұрақ: Қазақстанда қанша қорық бар және оларды атап жіберіңдер:(9 қорық бар.
1. Наурызым қорығы
2. Қорғалжын қорығы
3. Ақсу – Жабағылы қорығы
4. Барсакелмес қорығы
5. Алматы қорығы
6. Марқакөл қорығы
7. Алакөл қорығы
8. Үстірт қорығы
9. Талғар қорығы)
Математика пәні мұғалімі: Әшірбек Перуза
Сұрағы: Былай қалды енді ойын,
Қоздаған ған соң он қойым
Егіз тапты екеуі,
Жылқы туды жетеуі
Үшеу туды ақ саулық
Күтімге келді қуанып
Қанша қозы, қойым бар?
Тез есептей қойыңдар
(24)
Физика пәні мұғалімі: Дүйсен Гүлжамал
Сұрағы: Оптика – физиканың қандай саласы
(Жарықтық табиғатын зерттейтін физиканың саласы)
5. «Тапқыр достар» ойыны
1. 10 Тарих . Яссы сөзінің мағынасы нені білдіреді? (жазықтық)
2. 10 Тарих . Қ.Р Конституциясы бойынша қандай басқару бекітілген?
(Президенттік басқару)
3. 10 Тарих . Исатай Тайманұлы басқарған көтеріліс қай жылдары болды?
(1836-1838ж )
1. 20. Әдебиет «Мен жастарға сенемін» кімнің өлеңі? (М.Жұмабаев)
2. 20. Қазақ тілі. Құрмалас сөйлем түрлері (Салалас,сабақтас,аралас құрмалас)
3. 20. Әдебиет. « Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторы
(Абай )
1. 30. Алгебра. Қандай сандарды иррационал сандар деп атайды? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді иррационал сандар деп атайды)
2. 30. Алгебра. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықты теңдеу деп атайды? (ах = в түріндегі теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды)
3. 30. География.Қазақстанның климаты (Шұғыл континенттік)
1.40. Биология. Күрделі масақ шоғыры бар өсімдік қалай аталады? (Бидай)
2.40.Физика. Атомның теріс зарядталған бөлігі қалай аталады (сыртқы қабығы)
3.40. Химия . Тағамның дәмін келтіретін заттың химиялық атауы қандай?
(Натрий хлориді)
6. Әріптер сөйлейді «Тәуелсіздікке – 20 жыл»
Т – «Батырлар елі» атауы қай жердің ұғымын білдіреді? (Түркістан)
ә – 1771 жылы қай хан қайтыс болған соң Абылай хан сайланды?
(Әбілмәмбет)
у – Абылайдың бас мирасқоры (Уәли сұлтан)
е – Түркістанды астана еткен хан (Есім хан)
л – Абылай хан Әмірсананы жоңғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларын көндірді (Лама Доржыға)
с – 1822 жылы Сібір қазақтарының жарғысының негізгі авторы (Сперанский)
і – Аңырақай шайқасында қазақ әскерінің тегеуріне шыдамаған жоңғарлар қай өзенді бойлап еліне қарай шегінді? (Іле)
з – Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
д – Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы (Ф.М.Достаевский)
і – Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай
аталады? (Інжу)
к – Құманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі? (Кішкентай)
к – Қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста қаза тапқан қазақ ханы
(Кенесары)
е- «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде халық арасында кең
тараған ән (Елім – ай)
Екі жердегі он (20)
ж- Тәуке ханның заңы (Жеті жарғы)
ы– 1731 жылы орыс елшілері келгенде Әбілқайырдың ордасы қай жерде
болды?
(Ырғыз өзенінің бойында)
л- Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосуын жеке бас мүддесін
ойлағаннан туындаған іс-әрекет деп бағалаған орыс тарихшысы (Левшин)
7. Өнерліге өріс кең
Екі топ мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.
Қорытынды
Туған жердің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті кемелді,
Жайна мәңгі, Қазақстан – Гүлстан!
Тәуелсіз Қазақстанымыз қандай ?
Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты.Тек қана
төзімділік, еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Бүгінгі сабағымызға үлес қосқандарыңызға алғыс айта отырып, Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар, Отанды қорғауға әрқашан дайын болыңыздар. Баршаңызды тәуелсіздік мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ендігі сөз кезегін әділ – қазыларға берейік. Екі топ ұпайларын есептеп, жеңіске жеткен топты атайды.
