Жылдық қайталау. Математика. 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылдық қайталау
Сабақтың мақсаты:
білімділік: математика пәні бойынша 6-сыныпта алған білімдерін жүйелеу, қаншалықты меңгергенін тексеру.
дамытушылық: ауызша сұраққа жауап бере отырып, сөйлеу мәдениетін дамыту және есеп шығара отырып жылдам ойлау қабілетін арттыру.
тәрбиелік: уақытты үнемдей білуге, тәртіптілікке, ұстамдылыққа үйрету,өз білім деңгейін көрсете білуге үйрету.
Сабақтың типі: қайталау.
түрі: сынақ сабағы.
әдісі: ауызша жауап алу, тест, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі : билеттер, интерактивті тақтада тапсырмалар, тест есептері, олардың жауаптары, оқушыларды бағалау кестесі.
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру (Оқушылардан сынақ алу үшін ата- аналардан, пән мұғалімдерінен сынақ алу комиссиясы сайланады)
2.Сабақтың негізгі бөлімі:
Сынып 3 топқа бөлінеді:
1-ші топ тест есептерін шығарса,
2-ші топ ауызша сұраққа билет суырады,
3-ші топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт бөлінеді. 10 минут өткен соң орындарын ауыстыра отырып, әр топ үш тапсырманы орындайды.
6-сыныптың математика пәні бойынша 26 билет (бір сұрақтан)дайындалды.
Тест,деңгейлік тапсырмалардың жауаптары әр оқушының алдындағы компьютерде немесе интерактивті тақтада барлық тапсырма орындалып болған соң көрсетіледі.Оқушылардың жауаптарын сынақ алу комиссиясы тексеріп ,ұпай сандарын қояды.
Бағалау шкаласы:А деңгейінің бір есебі 1 ұпайға, В-деңгейінің бір есебі 2ұпайға, С-деңгейінің есебі 3 ұпайға бағаланады.Тест есептерінің әрқайсысы бір ұпайға , ал ауызша сұраққа жауап беру 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.
Оқушы
22 ұпай жинаса “5”-ке
17-21 ұпай жинаса “4”-ке
11-20 ұпай жинаса “3”-ке бағаланады.
Билет сұрақтары:
1.Пропорцияның анықтамасы.Пропорцияның негізгі қасиеті.
2.Тура пропорционал шамалар.
3.Кері пропорционал шамалар.
4.Масштаб
5. Бүтін сандар ұғымы.
6. Рационал сандар ұғымы.
7.Санның модулы.
8.Таңбалары бірдей сандарды қосу.
9. Таңбалары әртүрлі сандарды қосу.
10.Таңбалары бірдей сандарды көбейту.
11. Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту.
12.Таңбалары бірдей сандарды бөлу.
13. Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу.
14.Периодты ондық бөлшек.Иррационал сандар.
15.Жуық сандар
16.Жақшаны ашу.
17.Теңдеу. Теңдеудің қасиеттері.
18.Санды теңсіздіктер. Санды теңсіздіктердің қасиеттері.
19.Перпендикуляр түзулер.Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.
20. Параллель түзулер.
21.Осьтік және центрлік симметрия.
22.Координаталық жазықтық.
23.Функция ұғымы.
24.Сызықтық функция. Сызықтық функцияның графигі.
25. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
26.Рационал сандарды салыстыру.
Деңгейлік тапсырмалар 1-нұсқа
-А-деңгейі
1.Есепте: -1,8-7
2. Есепте: 4,5:(-0,9)
3.Теңсіздікті шеш: у-5>-4
4.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:
-3хz+27аz-24уz
5.Функцияның анықталу аймағын тап:у= 1/(5-х).
В-деңгейі
1.у=2х-1 функциясының графигін сал.
2.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:{█(3х+2у=0@3х+у=7)┤
С-деңгейі
1.Теңсіздіктер жүйесінің шешімін координаталық жазықтықта салып көрсетіңдер:
{█(х=-2@у=1@у=х-1)┤
Деңгейлік тапсырмалар. 2-нұсқа
А-деңгейі
1. Есепте: -1,9+11=
2. Есепте: -1,5: (-3)=
3.Теңсіздікті шеш: х+4<- 2
4. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар: -2рк+8к+4тк
5. Функцияның анықталу аймағын тап: у=10/(х-4).
В-деңгейі
1. у=2х+5 функциясының графигін сал.
2.Теңдеулер жүйесін шешіңдер: {█(2х+у=6@3х-у=7)┤
С-деңгейі
1.Теңсіздіктер жүйесінің шешімін координаталық жазықтықта салып көрсетіңдер:
{█(х=2@у=-3@у=4/3 х+4)┤
Тест есептері. 1-нұсқа
1.Өрнектің мәні неге тең? -5-7+5
А. 0 С. 17 Е.-3
В. -7 Д. 3
2. Жақшаны аш: -5(7-2у)
А. 35+10у С.-35-2у Е.-35+10у
В. 7+10у Д.-5-2у
3.Ұқсас мүшелерді біріктір: -7,1х+27-1,9х-4
А.-5,2х+23 С.-9х+23 Е.5,2х-23
В.-9х+31 Д.9х-23
4.В(0;3,2) нүктесі координаталық жазықтықта қалай орналасады?
А.1 ширекте Д. 4 ширекте
В.абсциссалар осінде Е.2 ширекте
С.ординаталар осінде
5.Теңдеуді шеш: 9t-600=t+40
А. 64 С. 80 Е. 800
В. 8 Д. 24
2-нұсқа
1.Өрнектің мәні неге тең: -6-12+6
А.0 С.-24 Е. 6
В. -12 Д.12
2.Жақшаны аш: -10(2х-3)
А.20х-30 С.20х-3 Е.-20х+30
В.-20х+50 Д.-20х-3
3. Ұқсас мүшелерді біріктір: -4а+7-3а-1,2
А.-7а-19 С.-7а+5,8 Е.7а-5
В.а-5,8 Д. 7а+8,2
4.А(-1; 0) нүктесі координаталық жазықтықта қалай орналасады?
А.1 ширекте Д.ординаталар осінде
В. Абсциссалар осінде Е.3 ширекте
С.2 ширекте
5.Теңдеуді шеш: 6у+25=65+2у
А. 4 С. 10 Е. 6
В. 40 Д. 8
Бағалау бетшесі толтырылып интерактивті тақтада көрсетіледі
р/с Оқушының аты-жөні Тест ұпайы Деңг. тапсырма Ауызша сұрақ Барлық ұпайы Баға
Қорытындылау.

6 сыныптын 1514 есебин айта аласиздарма
маган керек 6а кітабінан Атамұра
1060 КЕРЕК АЙТЫНЫЗ
тезірек
есептер шигарылу жолымен жок па