Елім деп соғар жүрегім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 39 қазақ орта мектебі мектебі
химия-биология пәнінің мұғалімі
Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы
Тәрбие сағаты
Елім деп соғар жүрегім
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздік күнінің қазақ еліне қалай,қашан келгендігі туралы негізгі тарихи мәліметтермен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру; Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бағалау, болашақта Отанымыз-Қазақстанды өркендетуге білімді,білікті азаматтар керек екендігін аңғарту, олардың отанына деген сүйіспеншілігін арттыру,олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта,плакаттар,шарлар.
Жоспар : І. Тәуелсіздік таңы атты
ІІ.ХХІ ғасыр көшбасшысы
1-ж:
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған * Елім деп соғар жүрегім * атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2- ж:
Тарихқа көз жүгіртсек,қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда,қазаны теңде болып,көшіп,қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуеліздік жолын жырлайық.
1-ж: 1986 жылдың желтоқсаны.( *Желтоқсан желі* клипі көрсетіледі)
Атыраудан Алтайға,Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді.
2-ж: Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат ойып шықты. «Ұлтшылдық»,«бұзақы»,«арамтамақ» тәтіпсіздікті «ұйымдастырушылар»деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.
1-ж: Қасқалдақ ұшып көлінен Нашақор деп,ұлтшыл деп,
Шүрегей келіп қонған күн Қазаққа күйе жаққан күн.
Қыранды қуып көгінен Базары кетіп бір күнде
Қарғалар билік алған күн Қайғыға халық батқан күн.
2-ж:
Қақаған қыстың ызғары, Қариялар итке таланып,
Сүйектен өтіп кеткен күн. Ер басын күрке шапқан күн
Қара көз қазақ қыздарын Аппақ қар қанға боянып
ОМОН-дар бастан тепкен күн. Қып қызыл мұз боп жатқан күн
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн
1-ж: Желтоқсанның сол бір сұсты кезінде,
Таусылып ед бар шыдам мен төзімде.
Шықты аланға Қайрат сынды ұландар,
Қиятұғын ұлт жолында өзге түгіл,өзінде.
(Сахнаға Қайрат,Ербол,Ләззат шығады,интерактивті тақтада Қайрат,Ербол,Ләззаттың суреті көрсетіледі.)
Қайрат:
Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар…
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Ерке тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Ләззат:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын,қасиетті халқымның.
Ербол:
Сойлесең даусың жетпейтін,
Көз болдық мына заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барамын.
1-ж: Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,
Бабалардаң арманысың талайғы.
Ғасырлардың құшағында ержеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды,дей отырып кешіміздің келесі бөліміне көшейік.
Би *Арман қанаты* орындайтын Тюлюкбаева Әсем
2- бөлім
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жоспары:
1- Бәйге
2- Жеті ғажайып
3- Жорға
4- Тіл өнері
Класс оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топтар: *Білім*,*Ынтымақ*,*Достық*.
1-бәйге сайысы бойынша топ оқушылары 1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап береді. 1 сұрақ- 10 ұпай.
2-жеті ғажайып бойынша жасырынған ұпай сандарының сұрақтарына жауап беріп,сол ұпайды иеленді.
3-жорға сайысы бойынша адасқан әріптерден сөйлес құрастырады.
4-тіл өнері сайысы бойынша ой сергітіп,аяқталмаған мақал-мәтелдерді шешеді.
І.«Бәйге»
Әр топқа сұрақтар оқылады. 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді. 1 сұрақ-10 ұпай.
1 топ – Білім тобына:
1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
2.Туымыздың көгілдір түсі нені білдіреді? (ашық аспан)
3.Гимннің әнін жазған кім? ( Шәмші Қалдаяқов)
4.Салмақтың өлшем бірлігі. ( кг,тонна,гр)
5.Шығыстың қос шынары кім? (Әлия,Мәншүк)
6.Қазақ халқының әйгілі үш биі. (Қазыбек,Төле,Әйтеке)
7.Абай Құнанбаев кім? (ақын)
8.Республиканың мемлекет басшысы. (президент)
9.Қазақстанның халық суретшісі ( Ә.Қастеев)
10.Ең алғашқы дыбысты фильм (Амангелді)
2 топ Достық тобына:
1.Қазақтың қандай батырларын білесің?
2.Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3. Қазақ даласына алғаш мектеп ашып,ұстаз атанған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
4.Қазақстанның халық суретшісі. (Ә.Қастеев)
5.Ел Астанасы Ақмолаға қашан көшірілді? (1997 жылы)
6.Ел боламын десең,бесігіңді түзе кімнің сөзі? (Мұхтар Әуезов)
7.Қай жылы Мәдениетті қолдау жылы? (2000 жылы)
8.Өсімдіктің жер асты мүшесі. (тамыр)
9.Еліміздің бұрынғы астанасы (Алматы)
10. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
3 топ Ынтымақ тобына:
1. Парламенттің жоғарғы санаты. (Сенат)
2.Тұңғыш президентіміз. (Н.Ә.Назарбаев.)
3.Ашу дұшпан,………………….. (ақыл дос)
4.ҚАй жыл-денсаулық жылы? (2000 жыл)
5.Ыдыс – аяқ жасауда қолданылатын материал түрі.( алюминий)
6.Барлық қабырғасы тең фигура. (шаршы)
7.Ертегі түрлері.
8.Бәйтерек төбесіндегі қолы бар ескерткіш қалай аталады?( аялы алақан)
9.Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
10. Ұрлық түбі-…………………….. (қорлық)
Ең көп ұпай жинаған топ марапатталады.
1-ж: Күй ойнайды қазағысның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегіңнің,жүрегіңнің дүрсілі,
Күмбірлеген домбырасы барында,дегендей Коптлеуова Аружанның орындауында күй *Новайшар*
2-ж:
Қазақстан-туған өлкем,
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желбіретем.
( ән*Атамекен*орындайтын әншілер тобы)
1-ж:
Туған ел анамдайсың,
Құлар деп қаралайсың.
Сүрінсен сүйеу болып
Мен үшін алаңдайсың.дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет!

Саламатсыздар?! Сабактарды жариялаганда нешинши класс окушыларына арналганын жаза кетсек, жаксы болар еди?!..
Денсаулык сактау жылы, Мадениет жылы деген сурактарды койып, окушылардын ойын артында коп мани жок санмен байлаганша, баска бир пайдалырак сурактар койган жон емес пе екен?!..